9 сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: №4 Зертханалық жұмыс.
«Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау, жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдау.
2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: зертханалық,
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау
Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, қалтқы, кең ыдыс, пластилин, секундомер,сызғыш.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
1. Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)
2. Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.
3. Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.
А) Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар.
Ә) Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар, ал оның қарсы шетінен су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер.
Б) Осы кезде пайда болатын толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар.
В) Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар.
Г) Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер.
Ғ) Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.
Тәжірибе реті Уақыт t, с Уақыттың орташа мәні tорт, с Қашықтық l, м Толқын жылдымдығы, υ, м/с
1
2
3
4
5
Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.
VI. ДК. Үй тапсырмасын беру: қайталау