Сабақ жоспары Аспан денелері туралы ғылым

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


7-класс
Сабақ тақырыбы  «Аспан денелері туралы ғылым. Әлемнің құрылымы және дамуы туралы түсініктер»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың таным қабілеттерін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашып түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығын мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оқшылардын қалыптан тыс ойлауына жағдай жасау,әлем сырына үңілуге баулу, алған білімдерін пәнаралық  байланыста меңгерту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ойын  тұжырымдай білуге, дәйекті баяндай білуге баулу, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Пәнаралық байланыс: математика, география, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып,  сабаққа қатысымын, оқу- құралдарын түгелдеймін.
Үй тапсырмасын сұрау.

Тест тапсырма беру арқылы
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлаймын.

Астрономия грекше астрон – жұлдыз, номос – заң деген ұғымды береді. Астрономия да физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс – тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезе уақытты, бағыт – бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған.  Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды.  Қазіргі астрономияның басты мақсаты – аспан денелерінің қозғалысы мен даму заңдарын тағайындау болып табылады. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне: галактикалар, жұлдыздар, планеталар, олардың серіктері, астероидтар мен кометалар, метеориттер мен шаң – тозаңдардан тұратын бұлттар жатады. Тұңғыш рет аспан денелерін жай көзбен емес, арнайы құрал – үлкейткіш оптикалық түтіктің жәрдемімен зерттеген италиян оқымыстысы Г.Галилей болды. 1608 жылы Голландияда денені үлкейтетін дүрбі жасалғанын біліп, онымен түнгі аспанды бақылап көрейін деп шешті. Ол өзі де бар болғаны кішісі -3 есе, үлкені 32 есе ғана үлкейтетін оптикалық түтіктерді құрастырып, ұлы жаңалықтар ашты.

Ол:

1.Күнді айнала қозғалады деді.

    2.Құс жолының орасан 1. Ай – теп- тегіс «хрусталь шар» емес,  жер сияқты ойпаттар мен қыраттардан тұратынын;

    3.Шолпанның – планета екендігін, ол күн сәулесін шашырататынын, пішінін өзгертетінін; жерді айналатынын;

    4. Күннің бетінде дақтар бар екенін; өз осінен айналатынын;

    5.Алып планета – Юпитердің төрт серігін ашты.

    6.Ай- жердің табиғи серігі екендігін;

    7. Жер де басқа планеталар мол жұлдыздардан тұратынын  ашқан болатын.

Осылайша ол Джордано Бруно мен Николай Коперниктің ілімінің дұрыстығын дәлелдеп берді. 1633 жылы шіркеу діншілдері сот ұйымдастырып, өз ілімінен «қайттым» деуге мәжбүр етті.

Физика мен астрономия ғылымдары бір – бірімен бірігіп табиғат заңдарын ұғынуға жәрдемдеседі. Мысалы, И.Ньютонның ашқан Бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша денелердің жерге құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы түсіндіріледі.      Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол спектрлік талдау деп аталатын физикалық зерттеу әдісін қолану арқылы анықталады. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий ( грекше гелиос – Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты. Астрономия нысандарын физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы – астрофизика деп аталады.

     Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы,  Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей нақты вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Ай – Жердің табиғи серігі. Ол Жерге ең жақын тұрған аспан денесі. Оған бірінші рет 1969 жылы Америка азаматтары Н. Армстронг пен Э. Олдрин табан тіреп, аман-есен оралды. Сонымен қатар Кеңестер Одағы Ай бетіне өздігінен жүретін бірнеше «Луноход» автоматын бірінші болып қондырды. Олар Ай бетін суретке түсіріп, Жерге қайта оралатын қондырғыға Ай топырағының үлгілерін салып беріп отырды.

     Ю. А. Гагариннің тұңғыш рет ғарышқа көтерілуінен бастап, астрономияның жаңа саласы- ғарышкерлік (космонавтика, грекше космос- ғарыш, наутик-кеме жүргізу) жедел дамып келеді. Космонавтика әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын талдап зерттейді.

     Аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін астрономия саласын ғарыштану (космогония) деп атайды. Космогония әлемдегі галактикалар мен жұлдыздар және басқа денелер қашан және қалай пайда болды, оларда қандай өзгерістер жүріп жатыр, деген сұрақтарға жауап береді.Сондай-ақ Әлем туралы, оның жалпы қасиеттері туралы астрономия ілімін ғарышнама (космология) дейді.

     Әлемнің негізгі құрылымдары болып табылатын миллиардтаған галактикалардың ашылуы мен жұлдыздар мен планеталарға айнала қоймаған тұмандықтар мен бұлттардың табылуы осындай деректерге жатады.

Галактика деп бәріне ортақ бір центрден айналатын сансыз мол жұлдыздардың алапат үлкен жүйесін айтады.  Аспандағы жай көзбен көрінетін самсаған 6000 жұлдыз Біздің Галактика деп аталатын бір ғана галактикаға жатады. Кейде «Сүт Жолы» деп те атайтын Біздің галактикада жай көзге көрінбейтін 200 миллиардтай жұлдыз бар. Оған аспан күмбезін белдеулеп жатқан, шашырап төгілген сүтке ұқсас, ақшыл жолақ та кіреді. Бұл жолақты Сүт жолы, ал қазақтар Құс жолы деп атайды.

  • Күн – Жерден орташа алғанда 150 млн. км  қашықтықта орналасқан.

  • Ол осы Галактиканың кішігірім жұлдызы.

  • Жарық Жер бетіне секундна 300000 км жылдамдықпен 8 минутта жетеді.

  • Жарық бір жылда 9 460 528 405 000км жол жүреді. – осы қашықтық астрономияда бір жарық жылы деп аталады.

  • Біздің Галактиканың бір шетінен қарсы шетіне жарық 100 мың жылда жетеді.  Әлемнің кеңдігі сондай,  Біздің Галактикамен шамалас миллиардтаған галактикалар бар. Ал біздің галактикаға жақын көршілес екі галактика бар. Олардың бірін- Үлкен Магеллан Бұлты, екіншісін Кіші Магеллан Бұлты деп атайды. Біріншісінен жарық бізге 169 000 жылда, екіншісінен 180 000 жылда жетеді.

     Өткен ғасырдың 20-жылдары Э. Хаббл  галактикаларды пішіні бойынша үш топқа бөлген болатын:

1.  Жұлдыздарды спираль бойымен орналасқан спиральдық галактикалар;

2.  Эллипсоид пішіндес эллипистік галактикалар;

3.  Белгілі бір пішіні жоқ бұрыс галактикалар.

Біздің Галактика  спиральдық галактикалар қатарына жатады.

     Галактикалардың барлығы да қозғалыс үстінде дамиды, өзгереді, өшеді, қайтадан пайда болады. Бұдан 15 миллиард жыл бұрын Әлем болмаған. Қазіргі ғаламат әлем тығыздығы шексіз үлкен, ал көлемі шексіз кіші нүктедей ғана белгісіз заттың жарылысынан пайда болған. Әлемнің бастауында тұрған жарылысты астрономияда «Үлкен Жарылыс» деп атайды.

Расында да, қазіргі жан-жаққа бытырай алшақтап бара жатқан галактикаларды кері қарай қайыра жинақтайтын болсақ , олардың 15 миллиард жылдан кейін бір нүктеде түйісетіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Міне, сондықтан әлемнің негізгі құрылымы – Галактикалардың жасы 12-15 миллиард жыл аралығын құрайды. Галактикалардағы жұлдыздардың жасы да бірдей емес. Олардың центріне жақын орналасқан жұлдыздар кәрі, ал шеткері орналасқан жұлдыздар жас жұлдыздар болып табылады.

     Біздің Галактиканың жасы 12 миллиард жылдай. Күн оның спираль бұтағының шеткергі аймағында орналасқан. Күннің пайда болғанына 5 миллиардтай жыл болды. Оның құрамындағы элементтердің ядролық отындарының қоры тағы да 5-10 миллиард жылға жетеді.

    Галактикадағы барлық жұлдыздар оның ядросын (центрін) айнала қозғалады. Күн Галактика центрінен 25000 жарық жылындай қашықтықта орналасқан. Ол Галактика центрін секундына 250 километр жылдамдықпен 480 миллион жылда бір рет айналып шығады. Бұл уақыт аралығын бір галактикалық жыл дейміз.

     Көптеген жұлдыздарды төңіректеп олардың планеталары айналып жүреді. Күнді айналатын планеталар мен денелер толығырақ зерттелген. Олардың қатарын Күнге жақындарынан бастап санағанда мына сегіз планета құрайды:  1.Меркурий (Кіші Шолпан);

2. Шолпан;

3 Жер;

4.Марс (Қызыл жұлдыз);

5.  Юпитер (Есекқырған);

6. Сатурн;

7. Уран;

8.  Нептун.  Күнді Нептуннан кейін айналатын 9 – планета саналатын – Плутонды кіші планеталар (астероидтар) қатарына қосайық деген келісім астрономдар арасында 2004 жылы қабылданды. Сонымен қатар Күнді төңіректеп, негізінен Марс пен Юпитердің арасында мыңдаған астероидтар («кіші планеталар») қозғалады. Олардың ең үлкені – Церераның диаметрі 1003 км. Астероидтардан кіші Күн төңірегіндегі кезбелерді кометалар (қазақша «құйрақты жұлдыздар»), ал олардан да кішісін метеориттер деп атайды. Кометалар Күнге жақындағанда оның қатқан тоңы мен мұзы еріп, буланады да, шұбатылған түтік  тектес із қалдырады. Күн жалынының шарпуынан туған «күн желі» кометаның шұбатылған «құйрығын» үнемі Күнге қарсы жаққа үргілеп, бұрып отырады.

     Аспан денелерінің бір-бірімен соқтығысуы- жиі болатын құбылыс. Әсіресе астероидтармен, кометалармен, метеориттермен кездесу көбірек орын алады. Планеталардың және олардың серіктерінің беттеріндегі үлкенділі-кішілі кратерлердің пайда болуы сондай соқтығысулардың салдары. Аса ірі соқтығысуларда Жердің айналу осі кенеттен үлкен бұрышқа бұрылып, жанатаулар атқылап, мұхиттардың топан сулары құрлыққа қарай жөңкілуі мүмкін. Міне, сондықтан астрономдардың бір бөлігі Жерге жақын қозғалатын аспан кезбелерін бақылаумен шұғылданады. Олардың қозғалу бағыттары туралы алдын ала болжамдар жасап, сақтандыру шараларын ұйымдастыруға жәрдемдеседі.

IV.   Бекіту сұрақтары:

1.Астрономия нені зерттейді?

2. Галактика деген.....

3. Күннен Жерге дейінгі қашықтық.....

4. Күннен жарық Жер бетіне

5. Э. Хаббл галактикаларды пішіні бойынша неше топқа бөлді?

6. Біздің Галактиканың жасы

7. Күннің пайда болғанына

V. Бағалау.

VІ. Үй тапсырмасын беу: § 3.

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


б

а

ә

б

ә

б

ә

б

а

б

а



















Тест.


1. «Физика» атауы нені білдіреді?
а) Табиғат ә) Адам б) Қоғам және техника


2. Қайсысы физикалық дене?
а) Автомобиль ә) Ауа б) Килограмм


3. Материя дегеніміз -
а) Тастар ә) Өсімдіктер б) Табиғаттағы кез - келген зат

4. Аспан денесін көрсет:
A. Тікұшақ ә) Ағаш б) Комета

5.Астрономия нені зерттейді?

а) табиғат құбылыстарын

ә) ғарыш кеңістігіндегі денелер жүйесіндегі құбылыстарды

б)  галактикаларды


6. Тұңғыш қазақ ғарышкері -
A. Т. Мұсабаев ә) Т. Әубәкіров б) Ю. Гагарин

7. Астрономияның негізгі құралын атаңыз?
а) Микроскоп ә) Телескоп б) Лупа


8. Астрономия  нысандарын физикалық әдістермен зерттейтін бөлігі-

а) астрофизика ә) ғарышкерлік (космонавтика)

б)  ғарыштану (космогония)


9. Әлем кеңістігіндегі ғарыш аппараттарының қозғалысын зерттейтін –

а) астрофизика ә) ғарышкерлік (космонавтика)

б)  ғарыштану (космогония)


10. аспан денелерінің пайда болуын және дамуын зерттейтін –

а) астрофизика ә) ғарышкерлік (космонавтика)

б)  ғарыштану (космогония)