|
Физика.Бақылау жұмысы .Нөлдік (кіріспе) 10-сынып))
Автор публикации: Абдираманова К.Т.
Дата публикации: 2016-09-01
Краткое описание: ...
10а сыныбының бақылау жұмысы 2016 жылғы «___»қыркүйек
А деңгей
Екі дененің қозғалысы мынадай теңделермен берілген: х1=3 + 2t және x2= 6 + t. Денелер қай уақытта кездесетінін графиктің көмегімен анықтаңдар.
Құздан құлаған тас оның етегіне 6 с ішінде жетті. Құздың тереңдігі қандай?
Еңіске қарай 200м ұзындықты шаңғышы 0,6 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 40 с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының еңістінің басындағы және аяқ кезіндегі жылдамдығы қандай?
Массасы 4,9·1024 кг, радиусы 6100 км Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай?
Б деңгей
Еңіске қарай ұзындағы 100 м жолдың шағңғышы 0,3м/с2 үдеумен қозғплп отырып, 20 с ішіндегі жүріп өтті. Шаңғышының бастапқы және соңғы жылдамдықтары қандай?
Егер еркін түскен дене соңғы 2 с ішінде 60 м жол жүрсе, оның еркін түсуіне қанша уақыт кеткен?
Доп горизонталь бетке 30о бұрыш жаса 14 м/с жылдамдықпен лақтырылды. Доп лақтыру нүктесінен 11 м қашықтықта тұрған қабырғаға абсолютті серпімді соғылса, ол қабырғадан қандай қашықтықта кері ыршып түседі?
С деңгей
Массасы m дене көлбелігі α болатын тау бетіндегі FT күшінің әрекетімен үдемелі қозғалып келеді. FTтарту күші көлбеу бетпен β бұрыш жасайды. Егер үйкеліс коэфиценті μ болса, онда дене қандай үдеумен қозғалады.
Жер бетінде өндірілген барлық алтыннан диаметрі 22 м шар жасауға болады. Алтынның тығыздығ 19,3 · 10 кг/м3. Егер сен алтын шарға жанаса тұрған болсаң, ол өзіне сені қандай күшпен тартар еді.
|
|