Сабақтың тақырыбы: «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын тексеру».
Сабақтың мақсаты:
Тізбектің бөлігіндегі ток күшін, кернеуді, кедергіні өлшеу.
Ой - өрістерін дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Пәнге деген қызығушылықты арттыру. Ұқыптылыққа, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: ток көзі, өткізгіш сымдар, қыздыру шамы, амперметр, вольтметр, кілт.
Жұмыстың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1) сабақтың мақсаты;
2) қауіпсіздік техникасы;
3) келмегендерді белгілеу.
2. Зертханалық жұмысты орындау.
№1 Тапсырма: Амперметрдің және вольтметрдің шкалаларының құнын анықтау.
1. амперметр мен вольтметр шкалаларын қараңдар, клемаларын тексеріңдер.
2. Амперметр шкаласының құнын анықтаңыз.
n = --- =
Вольтметр шкаласының құнын анықтаңыз
n = --- =
№2 Тапсырма: Ток күшінің кернеуге тәуелділігін анықтау.
Сұлба бойынша электр тізбегін жинаңыз.
Амперметрді тізбекке резистормен реостаттың арасына жалғаңыз. Амперметрдің + полюсы ток көзінің + контактысына сәйкес келу керек.
Вольтметрді резисторға параллель жалғаңыз.
Ток көзін 9 В –қа қойыңыз, тізбекті тұйықтаңыз, реостаттың көмегімен кернеуді 4 В-қа қойыңыздар.
Амперметрдің және вольтметрдің берген шамаларын жазып алыңыз.
I=________ U=__________
Реостаттың көмегімен резистордың кернеуін 2 В-қа қойыңыз.
Амперметрдің және вольтметрдің берген шамаларын жазып алыңыз.
I=________ U=__________
Реостаттың көмегімен резистордың кернеуін 1 В-қа қойыңыз.
Амперметрдің және вольтметрдің берген шамаларын жазып алыңыз.
I=________ U=__________
Ом заңын пайдаланып қыздыру шамының кедергісін есептеңіз:
Есептеу нәтиделерін кестеге түсіріңіз.
Бірінші өлшеу
Екінші өлшеу
Үшінші өлшеу
Ток күші I,А
Кернеу
U,В
Кедергі R, Ом
Ток күші I,А
Кернеу
U,В
Кедергі R, Ом
Ток күші I,А
Кернеу
U,В
Кедергі R, Ом
№3 Тапсырма: Өлшеу нәтижелері бойынша ток күшінің кернеуге тәуелділік графигін түрғызып, сол функцияға сипаттама беріңіз.
3. Қорытынды жазыңыз.
1) Үйге: Қайталау;
2) Бағалау.