8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §27. Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар.
Сабақ мақсаты:
Айда және Күн жүйесінің басқа да планеталардағы термодинамикалық жағдайлар туралы түсінік беру.
Оқушылардың ғылыми дүиетанымын қалыптастыру, өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу.
Сабақ әдісі: баяндау.
Сабақ түрі: білімді жалпылау
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Тоңазыту құрылғылары дегеніміз не?
Тоңазыту құрылғыларының құрылысы және жұмыс істеу принциптері қандай?
Тоңазыту құрылғылары қалай пайдаланылады?
Жылу двигательдерінің ПӘК-і дегеніміз не?
Жылу двигательдерінің ПӘК-н төмен болуы себебі неде?
Жылу машиналарын энергетика мен көлікке кеңінен пайдаланудың айналадағы орта үшін қандай кері салдары бар?
Жылу машиналарының жұмысы кезінде атмосфераның қызуы несімен қауіпті?
Жылу машиналары ауаға қандай зиянды заттарды таратады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ай-Жердің табиғи серігі.
Айдың рельефі. Ай топырағының химиялық құрамы жер жыныстарына ұқсас екені дәлелденді.
Айдың үстіңгі беті қатты шар тәрізді суық дене.Оның орташа радиусы 1738км-ге тең демек, Жер радиусының 0,272 -ін құрайды.Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы бойынша Айдың масасы анықталды, ол Жер масасының 1/81 -не тең. Айдың орташа тығыздығы 3,35 г/см3 ол Жер тығыздығының 0,6 бөлігін құрайды. Ай бетіндегі еркін түсу удеуі g-1,63Н/кг яғни Жердегіден 6 есе аз. Бұл Ай бетіндегі ауырлық күші Жердегіге қарағанда 6есе кем екенін көрсетеді.Соның нәтижесінде газ молекулаларына ауырлық күшін жеңіп, , ғарыш кеңістігіне ұшып кету Жердегіге қарағанда әлдеқайда жеңіл . Сондықтан Айда атмосфера да тығыз атмосферасыз сұйық күйде бола алмайтын су да жоқ.Бірінші болып Айға 1969 ж Армстронг пен Э.Олдрин түсірілді. Айға кеңістік автоматты өздігінен жүретін зертханалар да жіберілді.
Шолпан
[pic] [pic]
1967 мен 1983 жылдар аралығында автоматты «Шолпан-4»,
«Шолпан-16» станциялары мен ғаламшарларды зерттеудің негізгі программалары орындалды.
1985 жылғы маусымның ортасында Шолпанның жанынан ұшып өткен «Вега-12» және “Вега-2” ғарыш станциялары оның атмосферасына аэростаттық шарлар мен ғаламшарларын бетіне қонатын қону блоктарын тастады.
Атақты орыс ғалымы М.В Ломоносов XVIII ғ екінші жартысының басында (1761) Жер мен Күнннің арасындағы Шолпан планетасын бақылай отырып ашты, тамаша жаңалық ашты.Көптеген елдердің ғалымдары Жерден Күнге дейінгі қашықтықты өлшеуге мүмкіндік беретін өте сирек құбылыстың кездесетінін бақылаған.Тек М.В.Ломоносов қана Петербургтегі үйінде кішкене ғана түтік арқылы Шолпан планетасында атмосфераның бар екенін және ол Жер планетасымен салыстырғанда әлдеқайда тығыз болатынын байқады.Шолпан атмосферасындағы көмірқышқыл газының басымдылығы планетада "жылыжай эффектісін " тудырады. Оның мәні күн сәулелері атмосфера арқылы өтеді және Шолпанның ұзақ күнінде планета бетін біршама қыздырады.Беттің жылу сәулелері қоршаған кеңістікке өте баяу тарайды, себебі оны көмірқышқыл газы жібермейді. Сондықтан Шолпанның беті мен оның атмосферасының төменгі қабаттары жылыжайдағыдай жоғары температураға дейін қызады.Жаңа зерттеу тәсілдері Шолпан бетінің бедерін зерттеуге мүмкіндік берді. Онда тау жоталары мен кратерлер табылды.Планетада әрекеттегі вулкандар да бар. Шолпанда су бассейндері және планетаның табиғи серіктері жоқ.
Марс
[pic]
Диаметрі Жерден екі есе кіші.
Күнді 687 тәулікте айналып өтеді.
Екі серігі бар: Фобос және Деймос.
Жазда температурасы күндіз+200С. Қыста түнде -1250С
Халқымыз қызыл жұлдыз атаған , себебі Марс топырағының түсі бетіне қызыл күрең болғандықтан оның бетіне көтерілген шаң тозаң қызыл түсті. Массасы 893,5 кг, ұзындығы 3,3 м, диаметрі 1,1 м, ең алғашқы “Марс-1” автомат стансасы 1962 ж. 1-қарашада ұшырылды. “Марс-1” автомат стансасы ғарыш кеңістігін зерттеу, планетааралық қашықтықтағы радио байланысты тексеру, планетаны суретке түсіру жұмыстарын жүргізді. 1971 ж. “Марс-2” (19-мамырда) және “Марс-3” (28-мамырда) автомат стансалары ұшырылды. Оларда орбиталық бөлік және планета бетіне қондырылатын аппаратуралар болды.
Марста да Жердегідей ыстық , екі қоңыр салқын және екі салқын жылылық белдеулер бар Марс жылы Жердің 687 тәулігіне тең болғандықтан , әрқайсысы Жердегіден 2 есеге жуық ұзақ жыл мезгілдерінің ауысуы болып тұрады.Марстағы жыл мезгілдерінің көрініс басқаша бі Жерге қарағанда ол Күннен 1,5 есе қашық сондықтан одан жылуды екі есе кем алады, су бассейндері,қарлы қысы және ыстық жазы жоқ. Марс топырағына жасалған химиялық талдау барысында планета бетіне қызғылт рең беруші темір оксидінің көптігі, сонымен қатар кремний, фосфор, кальций оксидтерінің болатыны анықталды.
Химиялық құрамы жөнінен Марс атмосферасы Жерден гөрі Шолпан атмосферасын көбірек еске түсіреді.Негізгі масасын 95% -ға жуық көмірқышқыл газы құрайды.Азот шамамен 2% оттек 0,3% және 0,01% -ке жуық су буы бар.
IV. Сабақты қорытындылау 1.Марстың қандай екі серігі бар?
2.Ай бетінің құрамын қалай анықтайды?
3.Неліктен Марста температураның тәуліктік ауытқулары Жерге қарағанда күрт өзгереді?
4.Шолпандағы”жылыжай эффектісінің”мәні неде?
VІ. Бағалау
V. Үйге тапсырма: : §27 Баяндама жазу. “ Айда және Күн жүйесінің басқа да планеталарындағы термодинамикалық жағдайлар”