Атом өнеркәсібінің элитасы ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Мазмұны

 

І Кіріспе .................................................................................................................3

 

ІІ Негізгі бөлім


2. 1 Болашақтың айқын бағдары ……………………………………………......5

2. 2 Шиелі ауданындағы уран өндірісінің орналасқан жері.

Ашылу тарихы …………………………………….......................................8

2. 3 №6 кен басқармасының өндіретін өнімі және өндіру тәсілі .....................10

2. 4 Энергия көзі ретінде қолданылуы...............................................................12

2. 5 Халықты әлеуметтік қорғау және өндірістегі қауіпсіздік

ережелерінің сақталуы...................................................................................14

 

ІІІ Қорытынды ...................................................................................................19

 

ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................................20





















Аңдатпа

46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің 10 “Ә” сынып оқушысы Жәнібекова Айзаданың «Атом өнеркәсібінің элитасы» атты ғылыми жобасы XXІ ғасырда энергияның негізгі көзіне айналып отырған атом өнеркәсібінің шикізаты – уранның табиғаттағы пайдалы қазбалардың бірі ретінде туған өлкемізде өндірілуі, оның өндірілу тарихы, пайдалы жақтары мен еліміздің энергетикасын дамытудағы орынын айқындауған арналған.

Жұмыстың мақсаты – өлкемізде өндіріліп отырған уранның өндірілу тарихы мен жолдарына, одан алынатын өнімдерге сипаттама бере отырып, болашақтың энергиясы көзі ретінде мемлекетімізде алатын орнын айқындау.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, уранның табиғаттың пайдалы қазбаларының бірі ретінде болашақ энергия көзі екендігін таныта алсақ, онда тек өлкеміздің ғана емес, жалпы мемлекетіміздің болашағы үшін жасалынған жұмыс болып есептеліп, оның ұрпақ алдында атқарылар зор еңбек болары айқындалады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Табиғи өнімдеріміздің өндіру қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта осы тақырыпты әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің тарих, өлкетану, әдебиеттану пәндерінен эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.

Зерттеудің дербестік нәтижесі:

- Уран өндірісінің орналасқан жері, ашылу тарихы туралы дәйекті деректер мен мағлұматтар беру;

- №6 кен басқармасының өндіретін өнімі және өндіру тәсілі;

- Уранның энергия көзі ретінде қолданылу нәтижелілігі ғылыми түрде айқындалды;

- Халықты әлеуметтік қорғау және өндірістегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы нақты мәліметтер берілді.

Жұмыстың орындалу әдістері. Жұмыс бойынша өнеркәсіп жұмысымен танысу, деректер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, тарихи деректер жинау.











Кіріспе


Тарихтың өткенінен сабақ ала отырып, ілгері жылжу біздің басты ұстанымымызға айналып келеді. Мұның ел дамуындағы зор маңызы барлығын Мемлекет басшысы әрдайым айтып та келеді. Жалпы, өткеннің де, бүгінгінің де тиімді тұстарын іскерлікпен пайдалана отырып, болашақты болжау және де сол болашақты жоспарлау әлемнің бүгінгі даму үрдісінде зор маңызға ие болмақшы. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы, осы тұрғыдан келгенде, тәуелсіз еліміз үшін тарихи құжат болып табылады. Осы орайда, ел болашағын жоспарлау және де оны екі кезеңге, яғни бірінші кезеңін 2030 жылға дейін, ал екінші кезеңін 2030-2050 жылдар аралығына белгілей отырып, атқарылатын нақтылы істердің айқындалуы біздің сенімді түрде дамуымызға кепілдік берері де анық.

Елбасы өз Жолдауында: «Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды», дей келіп, қазақстандық дамудың жаңа стратегиясын алға тартты. Біз ендігі арада осы стратегия арқылы еліміздің қай бағытпен дамитынын да, қайда баратынымызды да айқын біліп отырмыз.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің мыңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, Қазақстанда ядролық энергетиканы қолданбастан жақын және алыс болашақта энергетикалық кілтипандарды шешуге болмайтын сияқты. Қазақстан энергетикасы ерте ме, кеш пе, әйтеуір осы жолды таңдары анық. Бұл ретте көмірсутегімен салыстырғанда атом энергетикасының үлкен экономикалық тартымдылығы шешуші рөл ойнауы тиіс. Алып қорлары барына қарамастан уақыт өте келе көмірсутегі энергия тасымалдағыштарының сарқыла бастайтыны, сондай-ақ парникті шығындыларды шектеу мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық стандарттарды сақтауға байланысты экологиялық құрамдас бөліктері де соған итермелейді.

Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін бірқатар бұлтартпас алғы шарттарға ие:

Қазақстанда әлемдік барланған уран қорының 19% шоғырланған;

Дамыған уран өндіретін және қайта өңдейтін өз өнеркәсібі бар;

«Қазатомөнеркәсіп» холдингі жүзеге асыратын толық ядролық-отын циклына ие компания құру жөніндегі стратегия отандық атом энергетикасын елімізде өндірілген отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл электр энергиясына барынша төменгі тарифтер белгілеуге септігін тигізеді;

Қазақстанда жылдам нейтрондағы БН-350 тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторының ширек ғасыр бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз еткен білікті қызметкерлер сақталған. 1999 жылдан бері аталмыш реактор сатылап қолданыстан шығарылуда;

Қазақстанда кеңестер заманынан сақталған ядролық физика саласында зерттеулер жүргізетін бірегей ғылыми база, білікті ғылыми-техникалық мамандар бар;

Республикамыз үш зерттеу ядролық реакторын пайдалануды жемісті жалғастырып келеді;

Ядролық энергетика мен ядролық физика саласында, соның ішінде атом энергетикасының қауіпсіздігін негіздеу, ядролық реакторлар үшін перспективалық отындарды сынақтан өткізу, ядролық техниканың жобаларын жасау бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін қажетті инфрақұрылым бар;

МАГАТЭ-де интеграцияланған ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің ұлттық жүйесі бар;

Атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану бойынша қызметтің негізгі құбылыстарын реттейтін заңдық және нормативті база жұмыс істеп тұр.

Зерттеудің мақсаты – өлкемізде өндіріліп отырған уранның өндірілу тарихы мен жолдарына, одан алынатын өнімдерге сипаттама бере отырып, болашақтың энергиясы көзі ретінде мемлекетімізге тигізетін пайдасын айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

- Уран өндірісінің орналасқан жері, ашылу тарихы туралы дәйекті деректер мен мағлұматтар беру;

- №6 кен басқармасының өндіретін өнімі және өндіру тәсілін айқындау;

- Уранның энергия көзі ретінде қолданылу нәтижелілігі ғылыми түрде зерттеп, зерделеу;

- Халықты әлеуметтік қорғау және өндірістегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы мәліметтерге сипаттама беру.





















Негізгі бөлім


2. 1 Болашақтың айқын бағдары


Елбасы таяудағы кезеңдерге және 2050 жылға дейін барша қазақстандықтардың алдына тарихи міндеттер қоя отырып, Отанымыздың әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу мұратын басты міндет етіп белгіледі. Және де «Қазақстан-2050» Даму стратегиясының алтын арқауы, түп қазығы, ұлы бағдары Мәңгілік Ел болу ұлттық идеясы айқындалды. Ал енді Мәңгілік Ел болу үшін де осындай ауқымды да әлеуетті стратегия керек болатын. Сол жасалды. Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды. Бұл біздің болашағымыздың кемел де жарқын болатындығына сендіреді. Біздің еншімізге ата-бабалар арманын ақиқатқа айналдыру үлесі тиіп отыр.

Астанада өтетін ЕХРО-2017-нің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы». Бүгінде бұл барлық саналы адамзатты толғандырып отырған көкейкесті мәселе. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның күннен-күнге өсіп бара жатқан энергетикалық сұранысын қанағаттандыру планетамыздың болашақтағы ең бір өзекті проблемасына айналып бара жатыр. Электр қуатын өндіру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану – ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. «Жаһандық жылыну үрдісі» атты дәуірлік қауіп қыр астынан бас көтерді. Ғалымдардың пікірінше, осы жүз­жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градусқа жылынып, әлемдік мұ­хиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Сондықтан бүгінгі таңдағы түйінді мәселе – дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Астана ЕХРО-2017-нің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы» болып отырғандығы да тегін емес.

Еліміздің Даму стратегиясын ойдағыдай орындау арқылы біз Қазақстанның ХХІ ғасырда әлемдік экономикадағы тұрақты дамуын қамтамасыз ете аламыз. Сол мақсатқа жету жолдары Жолдауда толық әрі жан-жақты айтылды. Әсіресе, еліміз қуатты болып, экономикамыздың тұрақты дамуы үшін энергетикалық тәуелділікті болдырмауымыз керек. Қазақстанның энергетикалық қуат көздерімен қажетті мөлшерде әрі толық қамтамасыз етілуі біздің елімізде кең көлемде жүргізіліп жатқан индустрияландыру бағдарламаларының ойдағыдай орындалуының басты кепілі деуге негіз бар. Тіпті, электр қуатынсыз күнделікті тыныс-тіршіліктің өзін көзге елестету мүмкін емес. Еліміз қуатты, өзіміз бай болғымыз келсе, Қазақстанға да сенімді энергия көзі керек. Осы орайда, Елбасы өз Жолдауында Қазақстанда атом электр стансасын салу ісін қолға алатын кез келгендігін орынды атап көрсетті.

Қазіргі уақытта және болашақта да арзан әрі сенімді энергияны тек атом электр стансалары ғана өндіретіндігін әлемдік тәжірибе де көрсетіп отыр. Бұл жөнінде сөз таластырудың да қисыны жоқ. Өйткені, уран қазіргі уақыттағы бәсекелестік қабілеті аса жоғары бірден-бір энергия көзі болып табылады. Уранның жоғары концентрацияланған энергия көзі ретінде көмір, мұнай, газ сияқты өзге энергетикалық отын түрлерінен әрі жеңіл, әрі арзан, әрі ұзаққа жарамдылығымен де, тасымалдау шығынының аздығымен де көптеген артықшылығы, басты айырмашылығы бар. Әзірге ураннан басқа арзан әрі тиімді энергия көзінің балама түрі де табыла қойған жоқ. Атап айтқанда, 1 килограмм уран дәл осы мөлшердегі көмірден 20 мың есе көп электр қуатын бөледі. Яғни 1 килограмм уран 20 тонна көмір энергиясына тең келсе, құны жағынан да осындай үлкен айырмашылықты көруге болады. Мәселен, 1 киловатт-сағат электр қуатын өндіруге жұмсалатын көмірдің құны 4 еуроцент болса, осындай мөлшердегі уранның құны 0,4 еуроцент, яғни уран көмірден 10 есе арзанға түседі. Бір реакторлы атом электр стансасындағы энергия блогын (ВВЭР-1000) 41 тонна уран отыны бір-бір жарым жыл бойы қамтамасыз ете алады. Атом энергетикасының тиімділігін мына бір жай да айғақтай түссе керек. Мысалы, қуаттылығы 2000 МВт-тық Троицк ГРЭС-інде күніне шамамен 120 вагон, 7200 тонна көмір жағылады екен.

Қазақстан аумағында қазір 1-1,5 миллион тоннаға жуық табиғи уран қоры барлығы белгілі болып отыр. АҚШ-тың ядролық-отындық цикл мәселелері жөніндегі беделді апталығы «Ux Weekly»-дің жарияланымы бойынша, Қазақстан уран өндірісі жөнінен Канада мен Австралиядан кейінгі үшінші орында болса, барланған уран қоры бойынша да алдыңғы орындардың бірінде. Осы орайда, біз ендігі арада мына жайларды да ескеруіміз керек. Атом электр стансасы сыртқы қабаттағы табиғи факторлардан тәуелсіз болып келетіндіктен де оны географиялық кез келген жерге, соның ішінде таулы жерлерге де салуға болады. Сондай-ақ, автономиялық режімде жұмыс істейді, отын шығыны да аз. Жылдам нейтронмен жұмыс істейтін АЭС реакторының атмосфераны ластауы да өте төмен болатындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Қазіргі кезде әлемнің дамыған елдерінің көпшілігі атом электр стансалары арқылы өндірілген энергияны көбірек пайдаланады. Мысалы, АҚШ-та тұтынуға қажетті барлық электр энергиясының – 23, Францияда – 75, Жапонияда 48 пайызын атом электр стансалары береді. Өздеріндегі атом электр стансалары арқылы бір жылда АҚШ – 836,7, Франция – 439,7, Жапония – 263,8, Ресей – 177,3, Корея – 142, Германия 140,5 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын алып отыр. Біз 2014 жылы Қазақстанда өндірілетін барлық энергия қуатын 97,9 миллиард киловатқа жеткізуді жоспарлап отыр.

Алдағы уақытта Қазақстан энергетикалық жағынан өзгелерге тәуелді болмас үшін АЭС салудың маңыздылығы да, қажеттілігі де айқын сезіле бастары анық. Сондай-ақ, елімізде кең көлемде жүргізіліп жатқан индустрияландыру бағдарламасына сәйкес, алдағы уақытта энергетикалық қуат көздеріне деген сұраныстың өсе түсері де сөзсіз. Ал атом энергиясын пайдалану бұл саладағы тапшылықты жойып қана қоймай, оны көршілес елдерге экспорттауға да мүмкіндік береді. «Қазақстан-2050» Стратегиясының толыққанды жүзеге асуы энергетиканы дамытуға байланысты екендігін де айтуға тиістіміз. Қазір кейбір елдерде жеңіл нейтронмен жұмыс істейтін тиімді реакторлар да іске қосылған.

Дәл осындай жеңіл нейтронды реактордың бірі Қазақстанның Ақтау қаласында салынып, сол арқылы теңіздің тұзды суы тұщыландырылып және электр энергиясы да өндіріліп келеді. Сондықтан да атом энергиясын пайдалану Қазақстанда енді ғана қолға алынғалы отырған жоқ деп санаймыз. Ендігі арада Қазақстанның өз атом электр стансасының болғанын құптаймыз. Бұдан бас тартудың қажеті жоқ. Өзіміз уран өндіреміз, өндіріп қана қоймаймыз, оның қоры мен өндірілуі жөнінен әлемде алдыңғы орындардың біріндеміз. Солай бола тұра, сол уранды электр энергиясын өндіруге пайдалана алмай отырмыз. Болашақ ядролық энергетикада екендігін мойындағанымыз жөн.

Атом электр стансасын салу арқылы біз еліміздегі ғылыми-техникалық жаңғыруға да жол ашылатындығын ескеруге тиістіміз. Қазақстанның ғылыми-техникалық өрлеуінің жаңа мүмкіндіктері де ашыла түсері сөзсіз. Елбасының биылғы Жолдауында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының басым бағыттарының бірі ретінде «ғылыми қамтымды экономика құру» туралы айтылғандығын ескерер болсақ, атом электр стансасын салу мен ғылымның сабақтас екендігін де ұмытпағанымыз жөн. Қазақстанның Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі халықаралық ұйым – МАГАТЭ-нің конвенциясына қосылғандығы да белгілі. Алайда, бұл жай елімізде атом энергиясын бейбіт салада пайдалануға қолбайлау бола алмайды.

Әрине, бұл жобаны іске асыру барысында ең алдымен, қауіпсіздік мәселесіне басымдық берілетіні де сөзсіз. Атом электр стансаларын жылдар бойы пайдаланып келе жатқан елдердің тәжірибелері де ескерілетін болады. Сол елдердің білікті мамандары шақырылып, бұл саладағы жоба тыңғылықты зерттеледі. Үкімет және осы саланы жүзеге асыратын ұйымдардың қауіпсіздік мәселесіне баса назар аударатынына да сенімдіміз. Уранға бай Қазақстан сияқты елдің таза энергия көзін пайдалануға толық құқығы да, мүмкіндігі де әбден бар. Олай болса, біз осы мүмкіндікті жан-жақты пайдалануымыз керек. Біз жақсы өмір сүргіміз келсе, өз ұрпағымызға жарқын өмір сыйлағымыз келсе Елбасының атом энергиясын пайдалану туралы тапсырмасын көп кешіктірмей қолға алуға тиістіміз. Энергияның жаңа жетістіктерін, әсіресе, келешегі мол түрін тиімді пайдалану еліміздің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылататыны да сөзсіз. Жаңа технологиялар мен арзан әрі тиімді энергия көздері өндіріс қуаттарының өнімділіктерін үздіксіз арттыра түсуге тың серпін берері де анық. Қазіргі уақытта энергетикалық қуат көздерінің толық жетіспеушілігі мен бағасының қымбат болуынан экономиканың кей салаларында өнімділіктің төмен болып отырғандығын да жасыра алмаймыз.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Біз қолға алған кез келген мәселе бойынша жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек», деп ескерткеніндей, елімізде атом электр стансасын салудың тарихи қажеттілігі


Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!


10