Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


қысқа мерзімді жоспары

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.

Сабақтың мақсаты: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат беру;

Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Оқу нәтижесі:

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу жайлы мағлұмат алады;

  • Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосуды күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді;

  • Формулалар бойынша есептер шығара алады.

Оқыту әдістері: «Әлемді шарлау» стратегиясы , «Айналмалы бекет»

Сабақ барысы:

4 мин





8 мин

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

  • Сыныпта жағымды ахуал жасау

  • Оқушыларды топқа бөлу

«Ток күші» , «Кернеу», «Кедергі», «Электр қозғаушы күш»

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы . .......

Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы .............

Өткізгіштің ұзындығына тура пропорционал, көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді . . . . . . . . .



Бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шаманы .............

й тапсырмасын сұрау

«Ыстық орындық» әдісі арқылы

Әр топтан бір оқушы ыстық орындыққа отырады

-мұғаліммен сәлемдесу;

- жоқ оқушыларды айту


Төрт топқа бөлінеді

Әр топтың сұрағына жауап береді


Формативті бағалау- смайликтер арқылы

Топ басшылары бағалап отырады .







Критерий

Дискриптор

Ұпай

Төрт топтың сұрағына жауап беру

Жауап берді

2

Жартылай жауап берді

1

Жауап бере алмады

0

Жаңа тақырыптың таныстырылым

2 мин

Дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазуды сұрайды.

  • Сабақтың мақсатын қою, оқушылардан сұрау

-Бүгінгі сабақтан нені күтесің, не білгің келеді?

Дәптерлеріне тақырыпты жазады


Сабақтың мақсатын айтып шығады


Слайд

Негізгі бөлім

20 мин

«Әлемді шарлау» стратегиясы

Ток көзі және оның полюстерін қосатын өткәізгіш тұйық электр тізбегін жасайды.

Электр құрылғыларын тізбектей қосу.

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: [pic]







U=U1+U2+U3+…

I1=I2=I3=…

R=R1+R2+R3+…

Электр құрылғыларын параллель қосу.

Өткізгіштерді параллель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінен кем болады. [pic]

I=I1+I2+I3+…

U1=U2=U3=…



І. Топ . Өткізгіштерді тізбектей жалғау.



ІІ топ . Өткізгіштерді параллель жалғау


ІІІ топ. Өткізгіштерді тізбектей жалғау



ІV топ. Өткізгіштерді параллель жалғау


І және ІІ топ – ІІІ және ІV топтар бір – біріне «Әлемді шарлау» стратегиясы арқылы қонаққа барады.

Топтар бір біріне сұрақтар қояды







«Бағдаршам» арқылы бағалау







Бағдаршам түстері, плакат, маркер


Амперметр, вольтметр, сымдар, шам, кілт

Критерий

Дискриптор

Ұпай

Баяндап беру



Сұрақтаға жауап беру

Түсіндіре алды

2

Жартылай түсіндірді

1

Түсіндіре алмады алмады

0


Қорытынды

8 мин

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы

1 Кедергілері 1Ом –ға тең . Жалпы кедергіні тап (1,5 Ом)


R1

R3


R2

2 Кедергілері 1Ом –ға тең . Жалпы кедергіні тап (0,67 Ом)

R1 R2



R3


3 Кедергілері 5Ом, 10 Ом және 25 Ом үш резистор тізбектеліп жалғастырылып, кернеуі тұрақты 120 В желіге жалғанған. Әрбір резистордағы ток күші мен кернеудің кемуін анықтаңдар. ( I=3A , I1=I2=I3=3A; U1=15B; U2=30B; U3=75B)

4 Кедергілері 10 Ом, 20 Ом және 30 Ом үш резистор параллель жалғастырылып, тұрақты кернеуі 30В желіге жалғанған. Тізбектің осы бөлігіндегі жалпы кедергіні, тармақталған бөлігіндегі токты және әрбір резистордағы токты анықтаңдар (R0=5,5 Ом; I0=5,5A;I1=3A ; I2=1,5A; I3=1A)



Жеке тапсырма :

  • Қандай жағдайда кедергі көп болады: бір шамда ма әлде тізбектеле жалғаған екі шамда ма? Бір шам да ма әлде параллель жалғастырылған екі шамда ма?

1 айналым - Оқушылар топтасып есептерін шығарады.

2 айналым- келесі топтың есептерінің қатесін табады.

3 айналым - келесі топтың есептеріне түзетулер жүргізеді.

4 айналым - келесі топтың есептеріне қосар ойын жазады.























Жеке әр оқушы ойын жазбаша жауап жазады

Өзара жұмыстарын бағалайды.





А3 формат, стикер

Критерий

Дискриптор

Ұпай

Есептерді шығара алуы




Шығара алды

2

Жартылай шығарды

1

Шығара алмады

0


Сабақтан кейінгі кері байланыс

3 мин

  • Оқушылардың білімін бағалау

  • «Ойлаудың бес гүлі»

  1. Бүгін мен жаңадан нені үйрендім?

  2. Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

  3. Менің көңіл күйім?

  4. Бүгін кімге көмектесе алдым?

  5. Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?



Үйге тапсырма береді. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау . 20- жаттығу

  • Сабақ критерийлері арқылы топ басшылары бағалайды.

  • Сабақты меңгеруін, өздерінің көңіл күйлері кері байланыс плакатына жапсырып кетеді.

Смайликтер арқылы



Бағалау парақшасы



Кері байланыс плакат


















Бағалау парағы

Жауап берді

2

Жартылай жауап берді

1

Жауап бере алмады

0

Түсіндіре алды

2

Жартылай түсіндірді

1

Түсіндіре алмады

0

Есеп шығара алды

2

Жартылай шығарды 1

Шығара алмады 0

20 -16

15 – 11

10- 4

5

4

3