§8.10 Электрсыйымдылық Күні: 12.02.16 Сынып: 10 Пәні: физика
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Электр өрісінің потенциалын, зарядын, электрсыйымдылығын және формулаларын есептер шығаруда қолдана білу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Электр өрісінің потенциалын, зарядын, электрсыйымдылығының физикалық мағынасын біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
Электр өрісінің потенциалын, зарядын, электрсыйымдылығының физикалық мағынасын және формулаларын біледі
Кейбір оқушылар:
Формулаларды қолдана отырып есептер шығарады
Түпкі мақсат
Оқушылар:
Электр өрісінің потенциалын, зарядын, электрсыйымдылығының физикалық мағынасын, күнделікті өмірде қолданылуын,формулаларын қолдана отырып есептер шығара біледі
Негізгі физикалық терминдер:
Физикалық шамалар
Белгіленуі
формуласы
Өлшем бірліктері
Потенциал
φ
[pic]
В
заряд
q
q=CU q=C [pic]
Кл
электрсыйымдылық
С
[pic] [pic] [pic]
Ф
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Потенциал, заряд, электрсыйымдылық
Талқылауға арналған тармақтар: Неге потенциал деп атаған? Неліктен электрсыйымдылық деген? Сіз электрсыйымдылықтың қандай қосымша өлшемдері бар екенін айта аласыз ба?
Жетістік критериі
жетті
талпынады
Алдыңғы оқу
§8.10 Электрсыйымдылық
ЖОСПАР
2 мин
І.Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
6 мин(3+3)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (видео)
Электр тогын өткізбейтін заттар жайында не білеміз?
Диполь жайында не білеміз?
1)10-сынып оқулығы
2) интернет желісі
5 мин
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (видео)
Электрсыйымдылық дегеніміз не?
Өткізгіштің электрсыйымдылығы дегеніміз не?
12м (3+6 (2+2+2)+2)
І .Топтық жұмыс
Берілген мәтінді топпен бірлесе отырып оқып,басқа топ мүшелерімен бірге талқылайды.(әр топтың мүшелері жасаған жұмыстарға сәйкес бір-бірін бағалайды)
1)10-сынып оқулығы
2) интернет желісі
20 минут
ІІ. жеке жұмыс (есептер шығару) Мұнда оқушылар әр А,В,С деңгейдегі есептерді шығарады.(әр шығарған есептері бойынша балдық жүйеде бағаланады.)
1)10-сынып оқулығы
2) интернет желісі
Қосымша ақпарат
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлай-сыз? Сіз қабілеті жоғары оқу шыларға тапсырманы күр-делендіруді қалай жоспар-лайсыз?
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Неге электрсыйымдылық деп атаған? Фарад электрсыйымдылық деп нені түсінесің? Нанофарад және микрофарад электрсыйымдылық ретінде қабылдай аласыз ба?
Топтық жұмыста оқушылар бірін-бірі 3 баллдық жүйе арқылы бағаланады.
Есепті бағалау өлшемдері:
Әр шығарған есепке 1 балл беріледі. Жиналған балл арқылы орта баллды шығарып бағаланады.
1 балл-«2»
1,5 балл- «3»
2 балл- «4»
3 балл-«5»
Информатика, жаңа тақырыпты ашу үшін видео
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Cабақтың оқу мақсаттары шынайы деп білемін, өйткені осы мақсатқа жету үшін жеке жұмысқа ден қоюды алға тартқанмын. Себебі оқушылардың шынайылыққа жетелейтін бірден-бір жұмыстар ұйымдастырдым. Осы жұмыстар нәтижесінде оқушылар өткізгіштің электрсыйымдылығын біліп қана қоймай сонымен қатар 5 оқушы, яғни 45 пайыз оқушы тақырыпқа байланысты есептер шығара алды. Бұл жаман көрсеткіш емес. Бұлда сынып ахуалының біршама ретке келгенін көрсетеді. Өйткені өткен сабақта жоспарлағанымыздай топтық жұмыстан гөрі жеке жұмысқа жұмылдыру еді. Себебі топтық жұмыстағы бірін-бірі бағалауын жеке жұмыста шынайылығын көрсетті. Мен жоспарлаған уақытымда жете алмадым, алайда топтық және жеке жұмыстарда оқушылардың бағалау шкаласы бойынша өздерінің білім деңгейін көрсетті. Мәселен 1 оқушы 0,8 балл, 3 -1,5 балл, 2-1 балл, 2-2 балл, 1-1,7баллдық көрсеткішке жете білді. Бұл мен үшін бірте-бірте алға ілгерілеушілік байқалғанын көрдім. Алдағы уақытта әліде болса жеке жұмысқа ден қоюымыз керек деп ойлаймын, өйткені жеке жұмыс арқылы оқушылардың деңгейін барынша нақтылау тиімді болмақ.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1)Үй тапсырмасында және жаңа тақырыпты ашуда видеоның қолданылуы оқушылардың сыни ойлауына көп септігін тигізді.
2) Жеке тапсырма орындауда экрандағы бағалау парағы оқушылардың жұмыс жасауына өте қатты әсер етті.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқуды да, оқытуды да)?
1)Жеке жұмыс орындау
2) жеке жұмысты орындауда бағалаудың шынайы болуы
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Әліде болса жеке жұмысты жетілдіру арқылы оқушылардың тапсырмаға деген жауапкершілігін сезіндіру.