Сабақ тақырыбы Магнит өрісі 10 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


МАГНИТ ӨРІСІ. АМПЕР ЗАҢЫ

- Ампер тәжірибелерін; - магнит өрісініӊ тогы бар өткізгішке әсерін;

- Ампер күшін;

- сол қол ережесін;

- магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсерін; -

магнит өрісініӊ тогы бар рамкаға әсерін қолдануды көрсету




Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру. Сабақтыӊ мақсаты және оқу мақсаттарын айтамыз.

  2. Қайталау. Эрстед тәжірибесін еске түсіреміз



Арнайы пәндік лексика және терминология:

Тұрақты магнит- Permanent magnet

Магнит өрісі- magnetic field

Магнит өрісініӊ күш сызықтары- The magnetic field lines

Магниттік полюстер- magnetic poles

Оӊтүстік полюс -South Pole

Солтүстіқ полюс - North Pole


Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Магнит өрісінің негізгі қасиеттері:

1) Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады;

2) Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған;

3) Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс)

Оң бұрғы ережесі: егер бұрғының ілгерілемелі қозғалысы токтың бағытымен сәйкес келсе, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Ампер гипотезасы: Тұрақты магниттің магнит өрісі зат молекуласының ішінде айналушы микротоктармен туындайды. Табиғатта электрлік зарядтар сыяқты магниттік зарядтар болмайды.

[pic]

3.Оқулықпен жұмыс


І топқа Магнит өрісі

ІІ топқа Ампер заңы

ІІІ топқа Магнит өрісінің күш сызықтары

ІV топқа Эрстед тәжірибесі





[pic]





[pic]



[pic]

Тәжірибе қорытындысы: Магнит өрісінде орналасқан кез келген тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан күш әсер етеді.

Бұл күш Ампер күші деп аталады. Ғ=B [pic] SIN [pic]

[pic]

Ампер күшініӊ бағыты сол қол ережесімен анықталады:

Қолымыздың алақанына [pic] кіретіндей етіп, тік төрт саусақтың бағытын токтыӊ бағытына сәйкестендірсек, онда бас бармағымыз оң Ампер күшінің бағытын көрсетеді.

[pic] [pic]



4. Есептер шығару

І топқа Актив бөлігінің ұзындығы 5 см болатын өткзгішке 50 мН күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай? Өткізгіштегі ток күші 25 А. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан.

ІІ топқа Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 3 А ток өтіп жатқан өткізгішке 9 Н күш әсер еткендегі магнит өрісі индукциясы

ІІІ топқа Индукциясы 0,4 Тл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан актив ұзындығы 0,5м өткізгішке 2Н күш әсер еткенде, ондағы ток күші?

ІV топқа Индукциясы 7,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткен кезде 20 см ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит күш сызықтарымен жасайтын бұрышы ?