Күні: 16.03.16
Сыныбы: 7
Пәні:физика
Есептер шығару
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Заттың тығыздығы жайлы мағлұмат беру
Заттың тығыздығын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Бірін-бірі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
Негізгі идеялар
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шаманы айтады.
[pic]
Зат тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да кг/м3 алынады.
[pic]
Тапсырмалар
Топтық жұмыс
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?
Қандай тығыздық бірліктерін білесіңдер?
Тығыздығы мен көлемі бойынша дененің көлемін қалай есептейді?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Тығыздық формуласына шолу жасау
ІҮ. Топтық жұмыс (25 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген есептерді топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
№263. Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20 см/с-тан 60 см/с-ке өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?
№264. Арбашалардың массасы 1 және 3 кг, жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ме болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?
№279.Шөмелеуші преспен жиналған шөп теңінің массасы 40 кг және мөлшері 90х40х55см. Осы тапталған шөптің тығыздығын табыңдар.
№294. Цистернаға 2 т су сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?
№326.Текшенің барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, текшенің массасы қандай болады?
№328. Массасы 200 г жез кірдің көлемін анықтаңдар. Жауабын мензуркамен тексеріңдер.
№308. Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.
VІ.Жеке жұмыс «жалғасын тап» (8 минут)
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
Тығыздық деп............................
Тығыздық формуласы ретінде..........................
Тығыздық өлшем бірлігі ретінде..............................
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар №30
Кейінгі оқу
қайталау