Сабақтың тақырыбы: Импульс. Импульстің сақталу заңы.
Физика 9 сынып
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі:
1. Импульс туралы түсінік беру.
2. Дененің өзара әсерлесу кезінде күш пен уақыттың байланыстылығын тәжірибе жүзінде көрсету.
3. Қозғалған дененің масса және жылдамдықпен байланыстығын көрсету.
ә) дамытушылығы:
1. Тақырыптағы негізгі ұғымдар мен шамаларды кең көлемде түсіндіре отырып танымдық белсенділігін арттыру.
2. Есеп шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеттілігін дамыту.
3. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелілігі:
1. Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
2. Халық педагогикасының элементтерін қолдану оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру. Оқушыларға қазақ халқының ерекше тәрбиелік танымдық іскерліктерін және дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау сабағы.
Сабақтың әдісі: Шығармашылықпен зерттеу әдісі, оқу технологиясының түрлері, түсіндірме әдісі, тәжірибе жұмысын жүргізу әдісі, тез ойлануға, іздемпаздыққа үйрету әдістері.
Сабақтың көрнекілігі: кітап, шыны болат шар, магнит, суы бар стақан, қағаз, науа, әртүрлі салмақты жүктер, сызба нұсқа.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3. Жаңа сабақ бойынша материалды пысықтау.
4. Үйге тапсырма беру.
5. Оқушыларды бағалау.
Жаңа сабақ: Импульс. Импульстің сақталу заңы.
«Импульс» гректің сөзінен шыққан, оның аудармасы «соққы» дегенді білдіреді.
Бұл термин механикада екі шаманы білдіреді:
1. Күш импульсі.
2. Дене импульсі.
Күш импульсі.
Денелердің өзара әсерлесуінің өзара әсерлесуінің нәтижесі тек күшке ғана байланысты емес, ол өзара әсерлесу уақытына да байланысты. Оған мынандай тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:
Горизонталь шыныға болат шар қоялық. Оның үстімен күшті магнитті жылдам жүргізіп өтелік, сонда шардың орнынан аздап болса да қозғалғанын байқаймыз. Тәжірибені қайталап магнитті шардың үстімен жайлап қозғайық, сонда шар магнитке ілесе жылжиды. Бұл тәжірибе өзара әсерлесудің нәтижесі өзара әсерлесу уақытына байланысты екенін көрсетеді.
Үстелде жатқан бір парақ қағазға суы бар стақан қоялық. Егер сол қағазды жайлап тартсақ, онда стақан қағазбен бірге қозғалады. Ал егер, қағазды қаттырақ тартып қалсақ, онда қағаз сусып шығады да, стақан орнында қала береді.
Тәжірибелер денелердің өзара әсерлесуі тек күшке ғана емес, сонымен қатар өзара әсерлесу уақытына да байланысты болатынын көрсетеді. Сондықтан күш әсерін сипаттау үшін физикаға арнаулы шама күш импульсі енгізіледі.
Күш импульсі деп белгілі уақыт ішінде күш әсері өлшемі болып саналатын векторлық физикалық шаманы айтады.
Күш импульсі – күшті күшке әсер ету уақытына көбейтіндісімен өлшенеді
Үйге тапсырма: Импульс. Импульстің сақталу заңы.
Бағалау. Оқушылардың берген жауаптарына байланысты бағалау