1- нұсқа.
1.Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды?
а) молекулалардың арақашықтығы артты;
б) молекулалардың арақашықтығы кеміді;
в) молекулалардың өлшемі өзгерді;
г) молекулалардың құрамы өзгерді;
д) ешқандай өзгеріс болмады.
2. Мұз кесегі алақанда еріп кетті.Дұрыс ұйғарымды көрсет.
а) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері артты;
б) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді;
в) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері азайды;
г) мұзды құрайтын молекулалардың орналасуы өзгерді;
д) дұрыс жауап жоқ.
3.Ішінде картофель қайнап жатқан суы бар кастрюльге бір қасық тұз салады.Төмендегі жауаптар ішінен дұрысын таңда.
а) тұз картофель ішіне тек су қайнаған кезде ғана енеді
б) судың температурасы төмен болса, тұз тез сіңеді;
в) тұз картофель ішіне диффузия нәтижесінде енеді;
г) судың және тұздың молекулаларының өлшемдері өзгереді;
д) дұрыс жауап жоқ.
4. Қатты күйдегі заттың молекулаларының (немесе атомдарының) қандай қозғалысы жылулық деп аталады?
а) әртүрлі жылдамдықтағы молекулалар (немесе атомдардың) барлық бағыттағы ретсіз қозғалысы;
б) бірдей температурада бірдей жылдамдықпен барлық бағыттағы молекулалар (немесе атомдардың) ретсіз қозғалысы;
в) белгілі бір тепе-теңдік маңайындағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысы;
г) қатты күйде заттың молекулалары (немесе атомдары жылулық қозғалыста болмайды;
д) дұрыс жауап жоқ.
5. Темір білеушенің температурасы 41ºС, ал ағаш білеушенің температурасы 285К. Қай білеушенің температурасы жоғары?
а) ағаш;
б) темір;
в) білеушелердің температуралары бірдей;
г) білеушелердің температураларын салыстыруға болмайды, себебі олар әртүрлі бірлікте өрнектелген;
д) дұрыс жауап жоқ.
6. Дененің ішкі энергиясы неге тәуелді?
а) дененің ішкі энергиясы тәуелсіз шама;
б) дененің ілгерілемелі қозғалысының жылдамдығына;
в) денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясына;
г) денені құрайтын бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясына;
д) бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен өзара әсерлесу энергиясына .
7. 100 ºC ретінде қандай температура алынған?
а) мұздың температурасы;
б) қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру температурасы;
в) қайнап жатқан судың температурасы;
г) қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау температурасы;
д) тұз араласқан мұздың еру температурасы.
8. Спиртті термометрдің жұмыс істеуі қандай физикалық құбылысқа негізделген?
а) қыздыру кезінде сұйықтың булануы;
б) қыздыру кезінде сұйықтың ұлғаюы;
в) қыздыру кезінде қатты дененің балқуы;
г) қыздыру кезінде сәуле шығару;
д) қыздырған кездегі сұйықтағы конвекция .
9. Бірдей пішіндегі мыстан, ағаштан және шыныдан жасалған стакандарға толтыра ыстық су құйылды.Қай стакан тез қызады?
а) ағаш;
б) мыс;
в) шыны;
г) үшеуі де бірдей;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
10. Бөлмедегі ауа орталық жылу жүйесінің радиаторы арқылы қалай жылынады?
а) радиатордан жылу бөлінеді де, бөлмеге түгел таралады;
б) бөлменің жылынуы тек жылу өткізгіштік арқылы жүзеге асады;
в) бөлменің жылынуы тек конвекция арқылы жүзеге асады;
г) энергия батареядан жылу өткізгіштік арқылы бөлмедегі ауаға беріліп, содан кейін конвекция арқылы бөлмеге таралады;
д) а-г жауаптар ішінде дұрысы жоқ.
11.Жылу берілудің қандай түрі зат тасымалы арқылы жүреді?
а) жылу өткізгіштік;
б) сәуле шығару;
в) конвекция;
г) жылу өткізгіштік және конвекция;
д) сәуле шығару және конвекция.
12. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 460.Бұл сан нені білдіреді?
а) кез-келген массадағы темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;
б) 1кг темірді 1ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;
в) 1кг темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;
г) кез-келген массадағы темірді 100 ºC-қа қыздыру үшін 460 Дж жылу мөлшері қажет;
д) 0ºC-тағы 1кг темір 460 Дж жылу бөліп шығарады.
13.Массасы 3кг зат 2ºC-қа суыну кезінде 2340 Дж жылу бөліп шығарса, онда заттың меншікті жылу сыйымдылығы...
а) 347 ; б) 390 ; в) 293 ; г) 3510 ; д) 1560 .
14.Төменде келтірілген әрекеттердің қайсысында дененің (мұз, су) ішкі энергиясы өзгермейді?
а) мұз кесегін тоңазытқыштан алып, тарелкаға салады;
б) мұз кесегі тарелкада 0ºС-қа дейін қызады;
в) 0ºС температурада мұз ериді;
г) пайда болған суды шәугімге құяды;
д) шәугімдегі суды қайнатады.
15. Температурасы 25ºС, 3л суы бар кастрюль ішіне 100 ºC температурадағы 2л су құяды.Кастрюльдегі судың температурасы қандай болады?
а) 50 ºC;
б) 63 ºC;
в) 55 ºC;
г) 75 ºC.
16.Екі бірдей қорғасын шар бір-біріне қарама-қарсы бағытта және 2жылдамдықпен қозғалып келеді. Шарлардың серпімсіз соқтығысуы нәтижесінде олардың температуралары ... шамасына артады.
а) ;
б) ;
в) ;
г) ;
д) .
17.Екі стакан сумен тәжірибе жасалды.Бірінші стакандағы суды 1Дж жылу ала отырып, салқындатты. Екінші стаканды 1Дж жұмыс атқара отырып, биікке көтеріп қойды.Бірінші және екінші стакандағы судың ішкі энергиялары өзгерді ме?
а) біріншіде және екіншіде де азайды; б) біріншіде азайды, екіншіде артты; в) біріншіде де, екіншіде де өзгермеді; г) біріншіде өзгермеді, екіншіде азайды; д) біріншіде азайды, екіншіде өзгермеді.
18.Ауаның кедергісін ескермегенде, төмен құлап келе жатқан су тамшысы жерге соғылған кезде 1ºC-қа қызу үшін қандай биіктіктен құлау керек?
а) ≈213м;
б) ≈319м;
в) ≈429м;
г) ≈535м;
д) ≈268м.
19. 2.Егер калориметрде жылу сыйымдылықтары бірдей, бірақ массалары әртүрлі (m), және температуралары әртүрлі (t) екі сұйықты араластырса, онда қоспаның температурасы ...
а) ;
б) ;
в) ;
г) ;
д) .
20. Массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай физикалық шама сипаттайды?
а) меншікті булану жылуы;
б) меншікті жану жылуы;
в) меншікті балқу жылуы;
г) меншікті жылу сыйымдылық;
д) жылу өткізгіштік.
21.Төмендегі екі жағдайдың қайсысында мұзға көп жылу беріледі:
А) мұзды балқыту кезінде;
Б) мұзды t-5ºC –тан t=0 ºC –қа дейін қыздыру кезінде.
Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы с=2,1, меншікті балқу жылуы340.
а) А жағдайында;
б) Б жағдайында;
в) екі жағдайда да бірдей жылу мөлшері жұмсалады;
г) есептің шарттары бойынша жылу мөлшерлерін салыстыру мүмкін емес;
д) дұрыс жауап жоқ.
22.Болат шардың ішкі энергиясы артады, егер ...
а) шарды 2м биіктікке көтеріп қойса;
б) шарды 2ºC-қа қыздырса;
в) шардың жылдамдығын 2м/с-ке арттырса;
г) 2см-ге созылатын серіппеге іліп қойса;
д) дененің ішкі энергиясы тұрақты шама.
23.Қалайы тұрақты температурада балқиды.Балқу кезінде оған берілетін энергия ... түрленеді.
а) оның бөлшектерінің қозғалыс энергиясына;
б) қалайы кесегінің кинетикалық энергиясына;
в) оның бөлшектерінің өзара әрекеттесу энергиясына;
г) қалайы кесегінің потенциальды энергиясына;
24. Температурасы -20ºC, массасы 2кг мұзды 1,26 МДж жылу бере отырып, қыздырды.Қыздырғаннан кейінгі мұздың температурасы...
а) 12 ºC; б) 0 ºC; в) 37 ºC; г) 59 ºC; д) 75ºC.
25.Массасы 1кг мыстың балқу кезінде ішкі энергиясы қаншаға артады?
а) 0,38 кДж; б) 210 кДж; в) 352 кДж; г) 175 кДж; д) 0.