Физика пәнінен 11 сыныпқа арналған емтихан билеттері үлгісі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


2015– 2016 оқу жылдарындағы физика пәні

бойынша орта мектепке арналған

емтихан билеттері


1 – билет.

1. Механикалық қозғалыс.Қозғалыс салыстырмалылығы.Санақ жүйесі.Материялық нүкте.

Траектория.Жол және орын ауыстыру.

2. Жылу қозғалтқыштың ПӘК-і. Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі.

3. Толық тізбек үшін Ом заңы мен Джоуль –Ленц заңына есеп.

2– билет.

1. Электр тогы. Ток күші. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіш кедергісі.

2. Дыбыс толқындары. Дыбыс жылдамдығы. Дыбыс қаттылығы. Және дыбыс тоны.

Жаңғырық.

3. Электросыйымдылықты ,ток күшін анықтауға есеп.

3 – билет.

1. Масса. Күш. Ньютонның екінші заңы. Күштерді қосу.

2. Ауа ылғалдылығы.

3. Кинематика бойынша бір қалыпты үдемелі қозғалысқа есеп.


4 – билет.

1. Зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі. Кулон заңы. Электр зарядының сақталу

заңы.

2. Радиоактивтілік. Альфа- және бета – бөлшектер және гамма сәулелену.

3. Нақты газдар мен ауа ылғалдылығына байланысты есеп.


5 – билет.

1. Гармоникалық тербелістер. Амплитуда, период, жиілік. Математикалық маятник.

2. Электромагтниттік индукция. Магнит ағыны. Электромагтниттік индукция заңы. Ленц

ережесі.

3. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысқа есеп.


6 – билет.

1 Механикалық қозғалыс. Қуат. Кинетикалық және потенциялық энергиялар.

Механикалық энергияның сақталу заңы.

2. Электромагниттік толқындар шкаласы.

3. Энергия мен күш жұмысы арасындағы байланысқа есеп.


7– билет.

1. Идеал газ күйінің теңдеуі. Универсаль газ тұрақтысы. Изопроцесстер.

2. Электр өрісіндегі заряд орын ауыстырғандағы жұмыс.Потенциалдар айырымы.

3. Өздік индукцияға байланысты есеп.

8– билет.

1. Ток жұмысы және қуаты. Электр қозғаушы күш. Толық тізбек үшін Ом заңы.

2. Жарықтың сыну заңы.

3. Импульстың сақталу заңына есеп.


9– билет.

1. Жарықтың шағылу заңы. Жазық айнадағы кескін.

2. Дене импульсы. Импульстың сақталу заңы. Реактивтік қозғалыс.

3. Менделеев –Клапейрон теңдеуіне байланысты есеп.


10 – билет.

1. Өздік индукция. Индуктивтілік. Магнит өрісінің энергиясы.

2. Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған бу. Сұйықтың қайнау

температурасының қысымға тәуелділігі.

3. Пайдалы әсер коэффицентін анықтауға есеп.

11- билет

1. Гармоникалық тербелістегі энергияның түрленуі. Еріксіз тербелістер. Резонанс.

2. Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық жүйелер. Ньютонның үшінші заңы.

3. Механикалық толқындарға байланысты есеп.


12-билет

1. Электр сыйымдылық. Конденсаторлар. Электр өрісінің энергиясы.

2. Идеал газ . Идеал газдың молекула –кинетикалық теориясының теңдеуі. Температура

және оны өлшеу. Абсолюттік температура.

3. Шеңбер бойымен қозғалыста период шамасын анықтауға есеп.


13- билет

1. Серпімді ортадағы тербелістердің таралуы. Көлденең және бойлық толқындар.

Толқын ұзындығы.

2. Шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалыс. Центрге тартқыш үдеу.

3Өткізгіштерді қосу тәсілдеріне байланысты есеп.


14- билет

1. Гравитациялық күштер. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші. Салмақ.

2. Электр өрісі. Электр өрісі кернеулігі. Нүктелік зарядтың кернеулігі.

3. Энргияның айналу және сақталу заңына есеп.


15- билет

1. Атмосфералық қысым. Биіктіктегі атмосфералық қысымды өлшеу.

2. Резерфордтың альфа ыдырау бойынша тәжірибесі. Бордың кванттық постулаттары.

3. Фотоэффект құбылысына байланысты есеп.


16-билет

1. Қысым. Сұйықтар мен газ үшін Паскаль заңы. Қатынас ыдыстар. Гидравликалық

машиналар.

2. Заттың магниттік қасиеттері. Магниттік өтімділік. Ферромагнитизм.

3. Термодинамиканың бірінші заңының изопроцесстегі қолданылуына есеп.


17-билет

1. Архимед күші. Денелердің жүзуі.

2. Фотоэффект және оның заңы. Фотоэффект құбылысы үшін Эйнштейн теңдеуі.

3. Электростатикадағы Кулон заңына есеп.


18-билет

1. Ішкі энергия. Жылу мөлшері. Меншікті жылу сыйымдылығы. Жылу балансының

теңдеуі.

2. Электролиттегі электр тогы. Электролиз заңы.

3. Молекул –кинетикалық теория теңдеуіне есеп.


19- билет

1. Термодинамикадағы жұмыс. Жылу құбылыстары үшін энергияның сақталу заңы.

2. Молекула өлшемдері. Авогадро тұрақтысы. Броундық қозғалыс.

3. Гидростатикалық қысымды анықтауға есеп.


20- билет

1. Үйкеліс күші. Сырғанау үйкеліс коэффиценті.

2. Трансформаторлар.

3. Электр өрісінің кернеулігін анықтауға есеп.


21- билет

1.Контурдағы еркін электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контурдағы энергияның түрленуі.

2. Атом ядросының құрамы. Изотоптар. Байланыс энергиясы.

3. Механикалық энергия мен жұмыс арасындағы байланысқа есеп.


22-билет

1. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстағы кинематикалық шамалардың уақытқа тәуелділік графиктері. Еркін түсу.

2. Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток. Айнымалы токтың генераторы.

3Энергияның түрленуіне есеп.


23- билет

1. Линзалар. Линзаның фокустық қашықтығы. Линзада кескін салу.

2. Уран ядросының бөлінуі. Ядролық реактор.

3. Толқындардың шағылуына есеп.


24-билет

1. Токтардың магниттік әсері.Магнит өрісі. Магнит өрісінің индукциясы.

2. Иондалған сәулелерді тіркеу және бақылау әдістері.

3Күштердің тепе-теңдігіне байланысты есеп.

25-билет.

1. Лоренц күші. Зарядталған бөлшектерге магнит өрісінің әсері.

2. Серіппелі маятник. Оның периоды.

3. Термодинамикадағы С. Карно теңдеуіне байланысты есеп.