Озық ойлы оқушылар (8 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫЛАР

(8 сынып)

А. Д. Рахымжанова

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімдігінің

«№1 орта мектебі» КММ, физика пәнінің мұғалімі


Тақырыбы: «Озық ойлы оқушылар»
(8 сынып оқушылары арасында сайыс сабақ)

Мінеки  залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қостайық,
Кешіккендерді тоспайық
Ғылымдардың ғылымы,
Физикамыз жайында
Кешімізді бастайық.

Қайырлы күн құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.
Тәрбиелі,білімді боп әрқашан
Өс,өркенде, қанат жайып кемелден.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!
Баршаңыз да «Озық ойлы оқушылар» атты 8 сыныптар арасында өтетін сайысқа қош келдіңіздер! Бұл ойынға 2 топ қатысып отыр. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз: «???» командасы, «???» командасы.  Ойыншыларымызға қол соғып, қошамет көрсетіп қояйық.
Ал, қазір ойын шартымен таныстырып өтейік. Жалпы ойынымыз 6 турдан турады.
1.     Таныстыру
2.     Математика мақал-мәтелде

3.     Сұрақ-жауап
4.     Жұмбақтар әлемінде

5. Формулалар сайысы
6.     Кім тапқыр?

Армысыздар, қымбатты төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздерде әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Кезек, келіп, өжеттеніп, сөз аппын,
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!
Тегіміз бір-батырақ та, байда емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

1-тур Командалардың таныстыру рәсімі.
Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, командасының атын, ұранын,эмблемасын қорғайды 5минут уақыт беріледі. Ең жоғары ұпай – 5ұпай.  Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік.
 Міне, біз ойыншыларымызбен таныстық. Осы таныстыру рәсімінің бағасын беріңіздер. Ең жоғарғы ұпай – 5. 

2-тур. Математика мақал-мәтелде

Мақалдың басы айтылады, сіздер жалғастырасыздар

1-топқа:

  1. Бір тал кессең (он тал ек)

  2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі келеді)

  3. Досыңды үш күн сынама, (3 жыл сына)

  4. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің 99)

  5. Жұт- (7 ағайынды)

  6. 2 қолға (1 күрек)

  7. 5 рет өлшеп, (1 рет кес)

2-топқа:

  1. Бір кісі қазған құдықтан (1000 кісі су ішеді)

  2. Ұлға 30 үйден (қызға 40 үйден тыю )

  3. Білекті бірді жығады, (білімді 1000 ды жығады)

  4. Жақсы жігіт 15 де де жас емес, (100 ге келсе де пәс емес)

  5. Айдағаны 5 ешкі (ысқырығы жер жарады)

  6. Ел құлағы (50)

  7. Отыз тістен шыққан сөз (30 рулы елге тарар)


3-тур. «Сұрақ-жауап»
 Әр командаға 20  сұрақ беріледі , әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан беріледі.
1 – топқа сұрақтар:
1.Энергия дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. – 
Жылу өткізгіштік
2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – 
Қатаю, кристалдану.
3.Нейтрон қандай заряды-
Бейтарап
4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-
Амперметр
5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-
Кернеу
6.Қуат бірлігі-
Ватт (Вт)
7.Бойымен жарық таралатын сызық-
Сәуле
8.Материяның ажырамас қасиеті?-
Қозғалыс

9. Дененің электрленгенін анықтауға арналған прибор – Электроскоп
10.ХБЖ  жылдамдық бірлігі
-(м/с)
11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама  – 
Үдеу
12. Еркін түсу үдеу неге тең ?- 
9,8м/с2
13. Қарастырылып отырған жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын дене ?- 
Материалық нүкте
14. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – 
Электр тогы

15. Кернеу бірлігі – Вольт (В)

16. Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу

17. Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон

18. Тоқ күші кернеуге тура кедергіге кері пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы
19. Заттың ең кішкентай бөлігі? /
атом/
20. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
2-тоқа сұрақтар:
1.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы – 
Жылу мөлшері
2.Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы – 
Кебу
3.Электр зарядының бірлігі  – 
Кулон (Кл)
4.Ядродағы оң зарядты бөлшек – 
Протон
5.Кернеуді өлшейтін прибор – 
Вольтметр
6. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – 
Балқу

7. ХБЖ үдеудің бірлігі ?- (м/с2)
8.Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ? – 
Жол
9.ХБЖ уақыттың бірлігі – 
(с)
10.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама – 
Жылдамдық
11. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол….? 
(инерция)
12.Дененің орнын қандай үш тәсілмен анықтайды ?- 
Векторлық, координаталық және траекториялық
13. Радионы ойлап тапқан ғалым? – 
А.С. Попов

14. Үдеу қандай әріппен белгіленеді? – а
15.Физикалық шамаларды өлшеудің қандай түрін білесің –
Тікелей және жанама өлшеулер
16. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым – 
И.Ньютон

17. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
18. Физика не туралы ғылым? /
табиғат/
19. Жылу берілудің қандай түрлері бар
?( жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару)
20. Бір заттың малекулаларының екінші заттың малекулалар аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл ….
(диффузия)
  4-тур «Жұмбақтар әлемінде»
 Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді. Бір жұмбаққа бір ұпайдан беріледі.
1-жұмбақ.
Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де, жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың.   
(Жол)
2- жұмбақ.
Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың?  
(Уақыт)
3- жұмбақ.
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?   
(Жылдамдық)
4- жұмбақ.
Жылдамдықты өзгертеді,
Қозғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қозғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді.   
(Үдеу)
5- жұмбақ.
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді.     
(Күш)
6- жұмбақ.
Бірдей көлемдегі масса кейде көп,
Аз болса да кейде дөп.
Делінеді бұл шама,
Аталуын тапшы тек.  
(Тығыздық)
7- жұмбақ.
Күш көбейсе артады, Жүзі жұқа үшкір зат,
Одан бірақ қорқады.      
(Қысым)
8- жұмбақ.
Барлық денелерге тән,
Онсыз болмайды сән.
Әр затта болады әр түрлі,
Өлшеуге болады дәл.        
(Масса)

5-тур: Формулалар сайысы

kx 4. F=µN 5. F=ρgv 6. E=mgh

7.


  1. 6-тур:     Кім тапқыр?

1-топқа: ярметигео, мароглелалрапм, даквтра. Геометрия, параллелограммk квадрат.

2-топқа: римтимясе, яцетипра, утедең. Симметрия, трапеция, теңдеу.


Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың—бағасын--сұраймыз.
Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рахмет!