№4 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Жылу берілу түрлері-Жылу өткізгіштік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: оқушыларды жылу берілудің бір түрі-жылу өткізгіштік құбылысымен таныстыру және заттың молекулалық құрылымы негізінде оның физикалық мәнін ашып кәрсету; оқушылардың бақылау, салыстыру және талдау жасау қабілеттерін дамыту;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ.ДК Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.
1) Дененің ішкі энергиясын кандай әдістермен езгертуге болады?
2) Қандай белгілері бойынша...
а) ішкі энергияның артқанын ...
б) ішкі энергияның кемігенін ... білуге болады?
3) Баллондағы ауаны сорып алғаннан кейін қалған аузының ішкі энергиясы неліктен кемиді?
4) Ішкі энергияның жұмыс істеу барысында: үйкеліс, соғу, сығу кезіндеөзгеруіне мысалдар келтіріңдер,
5) Жылы бөлмеге даладан аузы тығындалған бөтелкені енгізеді. Біраздан соң бөтелкенің тығыны ұшып кетті.Неліктен?
6) Резина доп қандай да бір биіктіктен қүлады.Жерге соғылғаннан кейін қайтадан жоғары көтерілді.Осы кезде энергияның кандай түрленулері жүрді? Неліктен доп бастапқы биіктікке көтерілмейді?
V. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Сабақтагы негізгі материал: Жылу өткізгіштіктік жылу берілудің бір түрі. Қатты, сұйық және газдардың жылу өткізгіштігі. Вакуумдегі жылу өткізгіштік. Жылу өткізгіштік құбылысының практикада колданылуы. Көрсетілімдер:
1.Оқулық тағы суреттер бойынша тәжірибелер.
2. Әртүрлі затгардың жылу өткізгіштігі.
1 .Окулықтағы суреттер бойынша тәжірибелер.
2. Қолдарыңа шыны, ағаш және темір таяқша алыңдар.Қайсысы суығырақ болып сезіледі? Неліктен?
3. Қағаз қорапша алыңдар, ішіне су кұйып жалынның үстіне койыңдар. Суды кайнатуға тырысып көріндер. Неліктен қағаз қорапша жанып кетпейді?
4.Металл стерженді қағазбен ораңдар да жалынның үстіне ұстаңдар.Қағаз жана ма? Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріндер.
5. Ұзындықтары және көлденең кималары бірдей әртүрлі металл сым алыңдар.Оларды кезегімен бірдей от жалынына ұстаңдар.Саусақтарың жылуды сезеді. Әрбір сым арқылы жылудың таралу уақытын есептеңдер.
б.От жалынына сірінке талын саусақтарың жылудысезгенше ұстандар. Ағаштың жылу өткізгіштігі жөнінде не айтасындар.
7. Пробиркаға су құйып, оны үстіңгі жағынан қыздырыңдар.Судың үстіңгі жағы қайнап кеткен кезде оның астыңғы бөлігі қызған, қызбағанынтексеріндер.Судың жылу өткізгіштігі жөнінде не айтасыңдар.
Сонымен:
- жылу өткізгіштік дегеніміз-энергияның дененің қаттықызған бөлігінен ақырын қызган бөлігіне қарай таралуы.
- энергия дене бөлшектері арқылы таралады.
- жыліу өткізгіштік кезінде зат тасымалы болмайды.
-әртүрлі заттардың жылу өткізгіштігіәртүрлі болады.
- жылуды металдар жақсы өткізеді.
-сұйытардың, соның ішінде судың жылу өткізгіштігінашар.
- газдардың, соның ішінде ауаның жылу өткізгіштігі нашар.
Жүннің, түбіттің, мех және сол сияқты іші қуыс денелердің жылу өткізгіштігін нашар болуы оның талшықтарының арасында ауанын болуымен түсіндіріледі. Жылу өткізгіштігі нашар заттардың адамзат кажеттілігі үшін қолданылуы (кірпіш қабырғалар, қойманы сабан шөптермен, ағаш ұнтақтарымен қаптау,терезе шыныларының арасынды ауа қабатының болуы).
1 –сурет. Көрсетілімдер.
Әртүрлі заттардың жылу өткізгіштігі әр түрлі екендігін жылу қабылдағыш және сұйық манометр арқылы (1-сурет) көрсету.Жылу қабылдағыш үстіне зерттелетін пластинаны, оның үстіне ыстық суы бар стаканды қояды. Жылу қабылдағыштағы сұйықтың көлемінің ұлғаю жылдамдығына қарай пластина материалының (резина, ағаш, мата, кағаз) жылу өткізгіштігі жөнінде тұжырым жасауға болады.
VІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
1) §5 сұрактарын талдау.
2)В.И.Кем №47-63 сұрақтарын ауызша талдау
VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есептер шығарту
VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §5; №3 үйде орындалатын эксперименттік тапсырма.