Бекітемін: Сыныбы: 7 «А», «Ә», «Б», «В»
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Сабақтың мақсаты: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға, жылдамдық және оның бірліктері туралы түсінік беру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,қозғалыс туралы білімдерді жетілдіру.
б) Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: тақта, оқулық, суреттер, плакаттар, карточкалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезең
II.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІV. Сабақты пысықтау.
V.« Кім жылдам?»
VІ. Сабақты қорыту, бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма беру
I.Ұйымдастыру кезең:
а) Сәлемдесу.
ә) Оқушыларды түгендеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру
[pic] Материалдық нүкте деген не?
[pic] Қозғалыс траекториясы деген не?
[pic] Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?
[pic] Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай?
[pic] Жүрілген жол дегеніміз не?
[pic] Орын ауыстыру деп нені атайды?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Біз көріп жүрген денелердің, көлік түрлерінің қозғалуы, жол жүруі әр түрлі болуы мүмкін. Бір денелер, мысалы атарба, бірқалыпты қозғалып отыруы мүмкін.Ал автомобиль қаланың ішінде ақырын жүріп келе жатып, одан шыққан соң бірте-бірте тезірек жүріп кетуі, яғни автомобиль бірқалыпты қозғалмауы мүмкін. Олай болса, қозғалыс екі түрлі болады.
Бірқалыпты қозғалыс
Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады. Мысалы, тегіс жердегі арықпен ағып жатқан су қозғалысы бірқалыпты қозғалыстың мысалы бола алады.Сағат тілінің айналуы, жаңбыр тамшысының да қозғалысы бірқалыпты қозғалыс. Пойыз ұзақ жолға шыққанда да бірқалыпты қозғалуы мүмкін. Ал ол қалаға жақындағанда қозғалысын бәсеңдетуі тиіс.Сөйтіп, пойыз бүкіл жолының бойында біраз бірқалыпты қозғалып келіп, аяғында қозғалысын баяулатып,бірқалыпсыз қозғалысқа түсуі мүмкін. Қысқасы, қозғалған дене не бірқалыпты қозғалуы мүмкін,немесе әрі бірқалыпты ,әрі бірқалыпсыз қозғалуы да мүмкін.Сонымен бірқалыпты қозғалыс механикалық қозғалыстардың ішіндегі ең қарапайым түрі.
Бірқалыпты емес қозғалыс
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды. Біз күнделікті тұрмысымызда, негізінен, бірқалыпты емес қозғалысты көбірек кездестіреміз.Күнделікті көлік түрлерін пайдаланғанда да біз қозғалыстың осы түрімен жиі кездесеміз.Шынында да, біз пайдаланатын автобустың, жеңіл машинаның қайсысының болмасын қозғалысы бірқалыпты емес.Олар әрбір аялдамаға тоқтап, қайтадан қозғалып, қозғалысын біраз шапшаңдатып барып,тағы да қозғалысын бәсеңдетеді.Көріп тұрғанымыздай олар , бір аялдамадан олар екінші аялдамаға дейінгі жолының өзінде де бірқалыпты емес қозғалыспен жылжиды.Бұл көлік түрлері өзінің бүкіл жолының бойында бірқалыпты емес қозғалыста болады. Мысалы , жазық бетте домалаған шардың бірте - бірте тоқтауы да бірқалыпты емес қозғалыс болады. Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын екен. Сонымен бірқалыпты емес қозғалыстағы дене өзінің бүкіл жолында әр түрлі жылдамдыпен қозғалады. Яғни, қатаң түрде бірқалыпты қозғалысты сақтап жылжу қиын.
Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әртүрлі болуы мүмкін. Ал бірдей орын ауыстыру үшін олар әртүрлі уақыт жұмсайды. Мысалы, жаяу адам 1 сағат ішінде 6 км жол жүретін болса, атты кісі 1 сағат ішінде 18 км, жүк машинасы 60 км, ал жеңіл машина 100 км жол жүреді. Мысалда келтірілген денелер 1 сағат ішінде, әртүрлі жол жүреді. Оның себебі неде? Себебі, олардың қозғалу жылдамдықтары өзара бірдей емес. Келтірілген мысалдағы денелердің қозғалысындағы айырмашылық - олардың жылдамдықтарында. Қай дене уақыт бірлігі ішінде артығырақ орын ауыстырса,сол дененің жылдамдығы үлкен болады.
Жылдамдық
Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек: v=s/t. Енді жылдамдықты v әрпімен, орын ауыстыруды S әрпімен, уақытты t әрпімен белгілейміз.
Сіз білесіз бе?
60 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын автомобиль секундына 17 м жол жүреді.
Спортшы 100 м қашықтыққа жүгірген кездегі шамамен сағатына 35 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.
ІV. Сабақты пысықтау
750 км/сағ жылдамдықпаен қозғалатын ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?
Қосымшадағы 3-кестеден жаяу адамның, конькишінің, тепловоздың жылдамдығын табыңдар және олардың 10 с ішінде жүрген жолын анықтаңдар.
Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен есептеп табыңдар.
Күннен Жерге дейінгі қашықтық шамамен 150 млн.км. Жарық жылдамдығы 300000 км/с. Жарық Күннен Жерге қанша уақытта жетеді?
V. « Кім жылдам?»
Жылдамдық км/сағ Жылдамдық м/с
7,2 км/сағ
2 м/с
67 км/сағ
18,6 м/с
14,6 м/с
14,6 м/с
60 км/сағ
16,7 м/с
Жол (м)
Уақыт (с)
7км = ....... м
7км = 7000м
12сағ = .......с
12сағ = 43200с
65см = ......м
65см = 0,65м
45мин = ......с
45мин = 2700с
300мм = ....м
300мм = 0,3м
0,5сағ= .......с
0,5сағ= 1800с
VІ. Сабақты қорыту, бағалау.
1. Бірқалыпты қозғалыс деген не? Мысал келтір.
2. Бірқалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?
3. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не?
4. Жылдамдықтың қандай өлшеу бірліктерін білеміз?
5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз?
6. Барлық денелердің жылдамдықтары бірдей ме?
7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?
VІІ.Үйге тапсырма беру §17, 18 оқу