10а сынып №5 сабақ ____________________
Сабақтың тақырыбы: Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын түзу сызықты қозғалыспен салыстыра отырып, білім дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: табиғаттағы қисық сызықты қозғалыстардың кең тараған түрі –дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын физикалық шамалар арқылы сипаттау.
Тәрбиелік мақсаты: Есеп шығаруда есептің мазмұнын түсініп, формулаларды дұрыс пайдаланып, шеңбер бойымен қозғалысты зерттеуге дағдылану.
Сабақтың түрі: Аралас сабак.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тірек конспектісін оқу, баяндау; сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекіліктері: плакат , маховик немесе айналу осі бар диск.
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. ДК.Жаңа материалды меңгерту:
Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысына мысалдар келтіру және қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалар ендіру.
А) R-радиус вектор t уақыт ішінде бұрышқа бұрылса [pic] бұрыштық жылдамдықтың формуласын аламыз.
Ә) Т-айналу периоды ішінде 2 бұрышына бұрылады, онда [pic]
Б) -айналу жиілігі [pic] , өлшем бірлігі 1Гц=с-1.
В) [pic] сызыөтыө жылдамдық. Бағыты сол нүктеге жүргізілген жанама бойымен бағытталады яғни, шеңбердің әр нүктесінде сызықтық жылдамдықтың бағыты өзгеріп отырады.
Г) [pic] центрге тартқыш үдеу. Бағыты шеңбердің центріне қарай бағытталады.
Шеңбер бойымен бірқалыпты айналмалы қозғалысы кезінде радиус вектор бірдей уақыт ішінде бірдей артық бұрышқа бұрылып отырады.
ІV. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту:
Түзу сызықты қозғалыс пен айналмалы қозғалыстың кинематикалық шамаларының арасындағы ұқсастықтар кестесін оқып, талдау.
VІ. ДК. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: Есеп шығару. 2-жаттығу
VII.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: § 1.7. 2-жаттығу 2-4 есептер.