Атмосфералық қысым
Атмосфераның бар болуы Жердің табиғатына өте үлкен әсер береді. Атмосферасыз Жерде тіршілік болмайды. [pic] Атмосфера (атмос – ауа. Сфера – шар)
1634 жылы Эванджелиста Торричелли алғаш рет атмосфералық қысымның мәнін анықтады. Бұл тәжірибені 7 сынып физика оқулығынан оқып шығуға болады.
Жердегі қалыпты атмосфералық қысым 760 мм.сын. бағ. немесе 105 Па.
Атмосфераны шартты түрде бірнеше қабаттарға бөледі: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера. Шартты қабаттардың шекаралары:
тропосфера – 16 км дейін;
стратосфера – 50 км дейін;
мезосфера – 80 км дейін;
термосфера – 150 км дейін;
экзосфера – 150 км және одан жоғары, одан әрі бұл қабат ғарыштық кеңістікке көшеді.
Ауаның 90% тропосферада шоғырланған. Оның қалындығы әр түрлі еңдіктерде әр түрлі болады. Экватор үстінде – 17 км, полюстерде - 8-9 км, ал орташа еңдіктерде – 10-11 км
Сұрақ 1. Неге Жердің әр түрлі аумақтарда атмосфераның қалындығы әр түрлі?
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауап: экваторлық еңдіктерде ауа қатты қызады және оның көлемі ұлғаяды, ал полюс аумақтарында керісінше сығылады.
Сұрақ 2. Айда Торричелли тәжірибесінің нәтижесі қандай болар еді?
А. Жердегідей, сынап бағанасы 760 мм тең болады
В. Сынап ыдыстан төгіледі.
С. Сынаптың бағаны төмендейді
D. Сынаптың бағаны жоғары болады, себебі Айдың тартылыс күші 6 есе кем
Жауап: В. Айда атмосфера жоқ, сондықтан сынап төгіледі.
Сұрақ 3. Суретке қарап биіктікке байланысты атмосфераның тығыздығы қалай өзгеретінін анықта [pic]
________________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
___________________________
Жауабы: суретте ауа тығыздығы биіктік өскен сайын азаятыны көрініп тұр.
Сұрақ 4.
Суретке қарап, атмосфераны оттекке байыту үшін қандай ағаштарды егу қажет? [pic]
___________________________________
___________________________________
___________________________________
___________________________________
___________________________________
Жауабы: емен орманы көп оттек шығарады, бірақ емендер өте баяу өседі, сондықтан қайындарды егу дұрыс.
Сұрақ 5. [pic]
Ла-Пас – Боливия елінің астанасы – 4000 м биіктікте орналасқан. Бұл Жер бетіндегі ең биік орналасқан астана. Осы биіктіктегі қысым неге тең?
Осындай қысымда картопты пісіруге бола ма?
Кестемен пайдаланыңдар.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауабы: бұл биіктікте қысым 469 мм сын бағ тең. Осындай қысымда судың қайнау температурасы 87,04 0 С тең. Сондықтан жай ыдыста картопты пісіру мүмкін емес. Ол үшін арнайы пісіру құралдары қажет