«Бекітемін»
Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Б.Жоланов.
Сабақ жоспары
Мерзімі: 01.03.2016 ж
Аралық байланыс
Жұптық жұмыста ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін өзгертуім керек. Жеке жұмысты жасағанымда оқушылардың деңгейіне қарай жасауым керек.
Бүгін сабақта нені жақсартамын
Жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастырудың тәсілін өзгертемін.
Ареометрлер. Су және ауа көліктері Негізгі идея:
Ареометрлер. Су және ауа көліктері жайлы түсінік беру
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар
ареометрдің құрылысы мен қызметін, су және ауа көліктерінің түрлері мен олардың жүзу және ұшу технологиясын білу
Оқушылардың көпшілігі
суда жүзу мен ауада ұшудың шарттарын архимед заңы тұрғысынан түсіндіру
Жекелеген оқушылар
ареометр, кеме, әуе шарларын тиімді пайдалану жолдарын білу, тақырып бойынша берілген есептерді мағынасына қарай талдап, формулаларды түрлендіре алуды білу, берілген тақырыпты тәжірибе барысында жинақтап, түсіндіре алу
Құндылықтар:
Табиғатты құрметтеу, қорғау
Лексика:
Ареометрлер. Су және ауа көліктері
Табыс критерилері Барлық
оқушылар
ареометрдің құрылысы мен қызметін, су және ауа көліктерінің түрлері мен олардың жүзу және ұшу технологиясын біледі
Оқушылардың көпшілігі
суда жүзу мен ауада ұшудың шарттарын архимед заңы тұрғысынан түсіндіруе алады
Жекелеген оқушылар
ареометр, кеме, әуе шарларын тиімді пайдалану жолдарын біледі, тақырып бойынша берілген есептерді мағынасына қарай талдап, формулаларды түрлендіре алуды біледі, берілген тақырыпты тәжірибе барысында жинақтап, түсіндіре алады
Сабақ кезеңдері
і [pic] с-әрекеттер кезеңдер
Мұғалім әрекеті
Тапсырмалар
Оқушылар әрекеті
ресурстар
Сабақты ұйымдастыру
Сәлемдесіп, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сыныпты топқа бөледі
Ғалымдардың суреттері арқылы топқа бөлу
Оқу құралдарын реттеп, оқушылар топқа бөлінеді
Суреттер
Үй тапсырмасын пысықтау
Алдыңғы тапсырмаларды еске түсіреді
Тест
1-нұсқа
1.Темірден жасалған дене суда батады, ал сондай ағаштан дене –қалқып жүреді.Екеуінің қайсысына үлкен FА Архимед күші әрекет етеді?
2-нұсқа
1.Кемелердің жүзуі қай заңға негізделген?
А) Архимед заңы. В) Паскаль заңы.
1-нұсқа
2.Егер дене сұйықтыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші мен архимед күші қалай орындалады?
А) Fа= FA; В) Fа >FA; С) Fa
2-нұсқа
2. Кірпіш пен темірден жасалған бұйымдардың массалары бірдей. Суда қайсысын ұстап тұру оңай?
А) кірпішті; В) темірді; С) екеуіне бірдей күш жұмсалады
1-нұсқа
3. Атмосфералық қысымды өлшейтін прибор?
А) ареометр В) лактометр С) манометр D) барометр
2-нұсқа
3. Сүңгуір қайық қандай жағдайда су бетіне көтеріледі?
А) ішіне ауа не газ толтырып алған кезде В) арнаулы резервуарларды суға толтырғанда
С) резервуарлардан сорғылармен суды айдап шығарғанда D) салмағы артқанда
1-нұсқа
4.Кеменің корпусында қызыл сызық не деп ааталады?
А)кеме атауын білдіреді В) ватерсызық С) су ығыстырылым
2-нұсқа
4. Егер дене сұйықтыққа толық батса, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші мен архимед күші қалай орындалады?
А) Fа= FA; В) Fа >FA; С) Fa
1-нұсқа
5. Егер дене сұйықтықтың бетіне көтерілсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші мен архимед күші қалай орындалады?
А) Fа= FA; В) Fа >FA; С) Fa
2-нұсқа
5.Сұйықтықтың тығыздығын қандай құрал өлшейді?
А) ареометр; В) лактометр С) манометр D) барометр
1-нұсқа 2-нұсқа
1 2 3 4 5
В А D В C
1 2 3 4 5
A B C B A
Оқушылар берілген тапсырманы орындай отырып, өткен сабақты қорытындылайды
Таратпа
Білімді тиянақтау, жинақтау
Жеке жұмыс
«Формула құрайық»
p= , F=pS, S= , p=ρgV, P=mg, Fa=mg, FA=ρVg, F= kx, Fүйк =µN, m=ρV, V= , ρ=
Оқушылар берілген өлшемдерді сәйкесінше өлшемге айналдыра отырып тапсырманы орындайды.
(бесбармақ әдісі арқылы бағаланады)
Таратпа
Жаңа сабаққа бағыттау, сілтемелер
Жаңа сабаққа кіріспе бағыт береді
Тәжірибе жасау
а) Оқушыларға топтары бойынша тапсырмалар беру.
№1 тапсырма Су құйылған шүмекті ыдыс таразыға қойылып теңгерілген.
Суға ағаш білеуше салынған, сонда таразының тепе-теңдік қалпы әуелі
бұзылған. Бірақ, жүзіп жүрген білеуше ығыстырған су түгел ағып шыққаннан
кейін, таразы қайтадан тепе-теңдік қалыпқа келген. Осы құбылысты
түсіндіріңдер.
[pic]
№2 тапсырма. Суретте екі түрлі сұйықта жүзіп жүрген бір дене кескін-
делген. Сұйықтың қайсысының тығыздығы артық? Неліктен? Әр
жағ дайда денеге әсер ететін ауырлық күші және Архимед күші
туралы не айтуға болады?
Оқушылар сөзжұмбақ шешеді
Сурет
Жаңа білімді игеру
Сыныпты жұпқа бөлу
Дидактикалық жұмыс
44. Жанып жатқан керосинді өшіруге бола ма?
Жауабын түсіндір. ______________________________________________________45. Қандай суда жүзу жеңіл - өзенде ме, теңізде ме?
Жауабын түіндір. ______________________________________________________
46. Сұйық тығыздығын өлшеуге арналған құрал __________________ деп аталады.
47.Сүттің майлылығын анықтау үшін ______________________________деп аталады.
Оқушылар жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.(екі жұлдыз бір тілек арқылы бағаланады.)
Таратпа
Алған түсінік-терін тексеру, нақтылау
Жұптық жұмыс
Тәжірибе жасау
Тәжірибе нәтижесін таблицаға жаз:
1. Суы бар ыдысқа ағаш өзекше, металл өзекше, картопты сал. Қай дене суға батады? Қайсысы жүзеді?
2.Суы бар ыдысқа кішкене бөліктермен ас тұзын сеуіп, оны шыны таяқшамен араластырып отыр. Осы кезде денелерде қандай өзгеріс болады?
Бақылаулар таблицасы.
Зат тығыздығы
Дене бата ма, әлде жүзе ме?
Су
Тұз ерітіндісі
Ағаш өзекше
520
Металл өзекше
7800
Картоп
670
Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. (бағдаршам арқылы бағаланады)
Таратпа
Бағдаршам
Жаңа білімді бекіту
Жеке жұмыс
Эксперименттік тапсырма орындау
Эсперименттік тапсырмалар орындату
[pic] №1 тапсырма
Су құйылған ыдыстың түбінде картоп жатыр. Егер ыдысқа ас
тұзының күшті ерітіндісін үстеп құйса, картоптың орны өзгере ме?
Неліктен? Өз қорытындыларыңды тәжірибе жүзінде тексеріңдер.
№2 тапсырма
Бүтін апельсинді суы бар шыны ыдысқа сал. Оны суға батыруға тырыс. Содан соң апельсинді қабығынан аршып алдыңғы тәжірибені қайталағанда апельсиннің орны өзгере ме? Неліктен? Байқағаныңның себебін түсіндір.
Жаңа тақырыпқа байланысты (тест) тапсырманы орындайды
Таратпа
Үй тапсырмасын орындауға нұсқау, шығармашылық бағыт беру
Қосымша тапсырмалар ұсынады
-Тақырыпты оқып келу
-Тақырыптың соңындағы есептерді шығарып келу
-Тақырып бойынша тест құрастыру
Оқушылар күнделікпен жұмыс жасайды
Күнделік
Сабақты қорытындылау (кері байланыс)
Стикерлер таратады
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып, себетке салу
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып, себетке салады.
Стикерлер, себет
Пән мұғалімі: Г.Жиембаева