Сабақ тақырыбы: §9.5. Электр тогы. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.
Сабақ мақсаты:
Электр тогына түсініктеме беру, тізбек бөлігі үшін және толық (тұйықталған) тізбек үшін Ом заңын сипаттау, қысқа тұйықталу туралы түсінік беру.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: көрсетілімдер арқылы баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Құрал-жабдықтар: компьютер,электронды оқулық.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар
Денені электрлеу тәсілдері қандай? (Үйкеліс арқылы.
Зарядталмаған денені зарядталған денеге түйістіру арқылы.)
Электр зарядының өлшем бірлігі? (кулон)
Электр өрісі күш сызықтарының қасиеттері(Күш сызықтары үзіліссіз.
Күш сызықтары еш жерде қиылыспайды.)
Диэлектрик дегеніміз не? (Электр тогын өткізбейтін денелер)
Конденсаторларды жалғау түрлері (тізбектей және параллель жалғау)
Электр сыйымдылығы қандай өлшем бірлікпен өлшенеді? (фарад)
Электр сыйымдылығының белгіленуі (С)
Диэлектриктерге қандай денелер жатады? (ағаш, резеңке, шыны, пластмасса)
Біртекті электр өрісі дегеніміз не? (Кернеулік вектрорлары барлық нүктелерде бірдей электр өрісі біртекті өріс деп аталады.)
Электростатикалық өріс дегеніміз не? (Тыныштықтағы зарядтардың электр өрісін электростатикалық өріс деп атайды.)
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Ой қозғау.
Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды,
Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)
Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп – кішкентай, күн көзін. (шам)
Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді (Үтік)
Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)
1-топ
Электр тогы деп электр зарядтарының кез келген реттелген қозғалысы аталады.
Ток өткізетін орталарда еркін зарядтардың электр өрісі әрекетінен реттелегн қозғалысынан пайда болатын электр тогы өткізгіштік ток деп аталады.
Электр тогының пайда болуына қажетті шарттар:
Берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы.
Берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмсалатын сыртқы электр өрісінің болуы
Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып, ажырататын элементтер, ток тұтынушылар жатады.
Ток көзі энергияның кез келген түрін электр энергиясына түрлендіреді.
Тұтынушылар электр энергиясын жылулық, механикалық энергияға айналдырады.
Электр тогының әсерлері:
Жылулық
Химиялық
Магниттік
Физиологиялық
Ток күші деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай заряд өтетінін көрсететін физикалық шама.
Бірлігі 1 Ампер [А]
Егер ток күші мен оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалса, онда электр тогы тұрақты электр тогы деп аталады.
J - ток тығыздығы.Өткізгіштің бірлік қимасынан қандай ток өтетінін көрсететінін шама.
Электр кернеуі – бірлік электр зарядының орын ауыстыруы бойымен электр өрісінің атқаратын жұмысымен анықталатын физикалық шама.
Электр тізбегінде қозғалыстағы заряд тасымалдаушыларға электр өрісі күштерімен қатар, осы зарядтарды тасымалдаушыларға электр өрісі күштерімен қатар осы зарядтарды тасымалдау бойынша жұмыс атқаратын күштер әрекет етеді. Бұл күштерді бөгде күштер деп атайды.
Зарядтың ток көзінен алған электр энергиясының ток көзінің ішкі құрылысына тәуелділігн сипаттайтын шама ток көзінің ЭҚК деп аталады.
2-топ
Тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманыкедергі деп атайды. Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы Георг Ом ашты.
Тізбек бөлігіндегі ток күші – оcы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал:
SI жүйесінде кедергіні Оммен өрнектейді [pic]
Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі вольтамперлік сипаттама деп аталады.
[pic]
Өткізгіш кедергісінің өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне тәуелділігі: [pic]
3-топ
[pic] Аб=Aэл1+Аэл2 немесе εq=URq+Urq, яғни ε=UR+UrUR=I∙R, Ur=I∙rI= ε/R+r
Егер R>>r болса, онда I= ε/R немесе ε=IR, яғни ε=U
Егер R=0 болса, I= ε/r=max. Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады.
ІV. Бекіту. Тест тапсырмаларын орындау
1- топ
1. Электр үтігі 220 В желіге қосылған. Үтіктің қыздыру элементінің кедергісі 50 Ом болса, ондағы ток күші
A) 4,4 АB) 44 АC) 8,5 АD) 6 АE) 7 А
2. Толық тізбек үшін Ом заңының өрнегі
А) В) С) D) Е)
3. Ток күшінің өлшем бірлігі.
А) Вольт В) Джоуль С) Ватт D) ОмE) Ампер
4. Суретте берілген вольт-амперлік сипаттама бойынша өткізгіштің кедергісі
А) 4 ОмВ) 0,25 Ом
С) 16 ОмD) 1 Ом
Е) 2 Ом
2-топ
1. Кедергісі 4 Ом болатын 4 А-ге арналған реостаттың кернеуі
А) 1 ВВ) 8 ВС) 10 ВD) 16 ВЕ) 14 В
2. Көздің ішкі кедергісін қандай формуланың көмегімен анықтауға болады? ( - көздің ЭҚК, R – сыртқы кедергі, I – тізбектегі ток күші).
А) В) С) D) Е)
3. Кернеудің өлшем бірлігі.
А) Вольт В) Джоуль С) Ватт D) Ом E) Ампер
4. Суреттегі вольтметрдің көрсетуі
A) 8 ВB) 4 В
C) 0,5 ВD) 0,25 А
E) 2 В
3-топ
1. Электр қыздырғышы кернеуі 220 В желіге жалғанған. Қызған қыздырғыштың спиралінің кедергісі 55 Ом. Спиральдағы ток күшінің мәні.
А) 0,4 АВ) 10 АС) 4 АD) 2,5 АЕ) 0,25 А
2. Тізбектің сыртқы кедергісін R мына формуламен анықтауға болады ( – көздің ЭҚК, r – көздің ішкі кедергісі, I – тізбектегі ток күші).
А) В) С) D) Е)
3. Кедергінің өлшем бірлігі.
А) Вольт В) Джоуль С) Ватт D) Ом E) Ампер
4. Графиктен өткізгіштің кедергісін табыңыз.
А) 100 Ом
В) 15 Ом
С) 0,1 Ом
D) 5 Ом
E) 10 Ом
V.Үйге тапсырма. 19-жаттығудан есеп шығару. Физика жинақтарынан есептер жинау, шығару
VІ. Бағалау. [pic]
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданы
Сайқын ауылы
М-С.Бабажанов атындағы ЖОББМ
I санатты физика пәнінің мұғалімі Ишангалиева А.Ф.