Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ











Ашық сабақ

Тақырыбы: « Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»



[pic]










Өткізген: физика пәнінің мұғалімі

Дауренбеков Д. Д






2015 – 2016 о.ж

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Сабақтың білімділік мақсаты: Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау.

Дамытушылық мақсаты: Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кодаскоп, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, интерактивтік тақта

Құрал-жабдықтар: Амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. «Қызығушылығын ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.

Сабақ міндеттері.

  • кедергі тұрақты болған жағдайда өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток күшіне тура пророционал болатынына көз жеткізу

  • Егер кернеу тұрақты болса, онда өткізгіштегі ток күші кедергіге кері пророрционал болатынын дәлелдеу;

  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын білу;

  • Демонстрациалық тәжірибені бақылау арқылы одан қорытынды шығара білуі қажет

  • Ом заңын қолданып есеп шығара білу;

Сабақ жоспары.

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Миға шабуыл (қызығушылығын ояту)

ІІІ. Мағынаны ажырату. Жаңа сабақ.

ІV. Есеп шығару

V. Үй тапсырмасы.

VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау




ІІ. Қызығушылығын арттыру. Миға шабуыл

1. Электр тізбегін сипаттайтын шамаларды атаңдар?.

( Ток күші, кернеу, кедергі)

2. Енді осы шамаларға қысқаша тоқталайық ( 1. Шаманың белгіленуі, 2. сипаттамасы, 3. өлшем бірлігі)

Тақтаға мына сөздер ілінеді: кернеу, ток күші, кедергі

Мұғалім: біз өткен сабақтарымызда ток күші мен кернеуді жеке- жеке қарастырдық. Енді бүгінгі сабағымыздың мақсаты ток күші мен кернеу және кедергілердің арасындағы өзара байланыстарды анықтап, Ом заңымен танысу.

ІІІ. Жаңа сабақ .

Жаңа сабақ тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы ”.

Мұғалім: Мына суреттегі құралдарды атаңдар? 1және 2 нөміріндегі құралдарды ата, неге олай ойлайсың?

( кілт, ток көзі, резистор, амперметр, вольтметр, қосқыш сымдар. 1нөмір вольтметр, себебі ол тізбекке параллель жалғанады, ал 2 нөмір амперметр – ол тізбектей жалғанып тізбектегі ток күшін анықтайды.)

Мұғалім: Өткізгіштегі кедергі өзгермесе, онда ток күші кернеуге қалай тәуелді болады?

[pic]    [pic]

Мұғалім: Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы неміс ғалымы Георг Ом ашты

Мұғалім: Осы екі қорытындыдан формула құрастырайық:

[pic]

Мұғалім; Бұл формуланы Тізбек бөлігі үшін Ом заңы деп атайды

Ом заңының тұжырымдамасы; Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеугу тура пророционал да, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады”.

(Оқушыларға бірнеше рет қайталап айттыру керек).

Георг Ом суреті тақтаға ілінеді.

Мұғалім: Ом заңын қолданып есеп шығарған кезде белгісіз шаманы қалай анықтаймыз.

(Мұғалім тақтаға үшбұрыштың суреті салынған формуланы іледі). [pic]

U=I*R

R=U/I



Кедергі бірлігі: R= 1В/1А= 1 Ом

Кедергіні өлшейтін құрал: резистор( кедергі) , реостат

[pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic]

[pic]

[pic] [pic]

ІV. Бекіту Есеп шығару

V. Үй тапсырмасы:

Үйге тапсырма: § 44, 21жаттығу (1,2).

VІ. Қорытынды. Оқушыларды бағалау.