Физика 8 класс. Жылу берілу түрлері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы-8

Күні-

Сабақтың тақырыбы

Жылу берілу түрлері. Жылуөткізгіштік

Сабақтың мақсаты

Жылу берілу түрлері арасындағы байланысты анықтау, заттардың жылу өткізгіштік қасиеттін салыстыра отырып мәнін ашу, алынған деректерді талдай алу.

Күтілетін нәтиже

Жылу берілу түрлері арасындағы байланысты анықтай алады, заттардың жылу өткізгіштік қасиеттін салыстыра отырып мәнін аша біледі, алынған деректерге талдау жүргізе алады.

Сілтеме

Оқулық, интернеттен алынған материалдар, видеоклип (әр түрлі заттардың жылу өткізгіштігі)

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Мұғалімінің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Оқыту әдісі

Ұйымдастыру

Бірі-біріне тілек айту

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушыларды топқа бөлу

Карточкаларға (жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару) сияқты жылу берілу түрлері жазылған. Осы арқылы оқушылар топқа бөлінеді

Топқа бөлу,

Жаңа тақырып:

Қатты қызған денемен жанасқанда дененің ішкі энергиясының артатынына біз көптеген мысалдар келтіре аламыз. Мысалы: ыстық пештің үстіндегі ыдыстағы су қайнайды. Ыстық шайға салынған қасық ысиды. Жылу берілу деп аталатын ішкі знергияны өзгерту тәсілі – анағұрлым көбірек қыздырылған дене бөлшектерінің кинетикалық энергиясы көп болғандықтан, ол азырақ қыздырылған денемен жанасқанда, азырақ қызған дене бөлшектеріне тікелей энергия береді. Жылу берілудің үш түрі бар: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.

Баяндау, оқулықпен жұмыс.

[pic]

Әр топқа әр түрлі (қатты, сұыйқ, газ) заттардағы жылу берілу түрлерін бөліп бердім

(10 мин)

Әр түрлі (қатты, сұыйқ, газ) тәрізді заттардағы жылу берілу түрлерін топтарда талқылау, алынған материалды өңдеу

Топпен жұмыс, СТО, диологтік оқыту

Топтарды тыңдау

Әр топ өзіне берілган жылу берілу түрлері жайлы айтып, ой бөліседі

Өзара оқыту

[pic]

Видеоклип көрсету

Видеоклиптен көрген әртүрлі заттардың жылу өткізгіштігін салыстыра отырып талқылап, қорытынды жасау. Оқулықтағы 21-22-23 суреттер

Көзбен көру арқылы ақпаратты бағалау

Сабақты бекіту

  1. Жылу берілудің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Жылуөткізгіштік?

  3. Заттардың әртүрлі жылуөткізгіштігі немен түсіндіріледі?

Құндылық спектрі

Бағалау

Әр топ келесі топты бағалайды

1-2-3-1


Өзара бағалау

[pic]

Үйге тапсырма

ξ5-6 оқу. №3 эксперименттік тапсырма. 2- жаттығу