Физикадан ҚМЖ Жылдамдық.Жылдамдық бірліктері (7-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Пәні


Физика 7-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Сілтеме:

Білім стандарты. Оқу бағдарламасы. Р.Башарұлы,Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова Физика және астрономия.7-сынып. Алматы «Атамұра». 2012. Физика және астрономия оқыту әдістемесі.

Оқу мақсаттары:

Жылдамдық және оның бірліктері жайлы білу. Жылдамдықтың формуласын қолдана білуге үйрену

Оқу нәтижесі:

Оқушылар тақырыпты өздері оқи отырып, мәнін ашады, салыстырмалы сипаттама беру арқылы мақсатына жетеді.

Негізгі идеялар:

топпен, жұппен жұмыс жасауға ынталандыру, формативті бағалау стратегияларын қолдану,есеп шығара білу

Әдіс-тәсілдер:

сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, бағалау.

Тапсырма көздері:

Оқулық, оқулықтан алынған тапсырмалар, дидактикалық материалдар 

Сабақтың

көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, слайд, плакат, маркер, стикер, таратпа қағаздар.


Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Мотивациялық кезең

3 -минут


а) Психологиялық дайындық

"Жолға шығамыз, із қалдырып траектория сызамыз, орын ауыстырамыз, уақыт үнемдейміз!» (слайдпен көрсетіледі)

ә) Сыныпты топқа біріктіру Оқушыларды машиналардың суреттерін жинату арқылы топқа бөлу.

«Жолға шығамыз, із қалдырып траектория сызамыз, орын ауыстырамыз, уақыт үнемдейміз!» тұжырымдамасы қалыптасады, сабаққа зейіні бөлінеді


Суреттер арқылы топқа бөлінеді.

Тұсаукесер кезеңі

7 -минут

Тапсырмалар

Жаңа сабақты игеруге бағытталған, үй тапсырмасын тексеру

Топ мүшелеріне міндеттерін бөлініп беріледі. 2 топқа 3 сұрақ беріледі, ол сұраққа іс-қимылмен жауап беру керек:

1.Оқушы таксиге мініп мектепке келді. Таксиге 250 тенге төледі. Таксиге не үшін төледі?Жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе? 2.Автомобиль Сағыздан Миялыға дейінгі аралықты

2,5 сағатта жүріп өтті, берілген шаманы секундпен өрнектеңдер,

3.Жүргізуші автомобиль есептеуішінің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма ?

4.Футболшы ойын кезінде 12 км жүгірді. Осы қашықтық орын ауыстыру ұзындығы ма, әлде жүрілген жол ма?

5.Мектеп пен үйдің арасы 200м. Мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол ? Орын ауыстыру ұзындығы?;

Әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Өздерінің жинақтаған материалдарын пайдаланып, сол материл бойынша ассоциация әдісімен түсінгендерін Астіv Studio түсіреді. Топпен жұмыс жасап, негізгі білімдерін толықтырып, жұмыстарын қорғайды.
































Негізгі бөлім


Топпен жұмыс

12-минут

«Жылдамдық» туралы өз ойларын айтып, интерактивтік тақтаға ассоциация жасау. Тақтадан слайдтар арқылы, тақырыптың мазмұны қамтылады, Астіv Studio дан қозғалыс туралы көрініс көрсетіледі, электрондық оқулық арқылы видео түсіндіріледі, негізгі көріністер қолдану арқылы көрнекі түрде түсінік беріледі. Оқушылар топпен жұмыс жасап, негізгі ережелерді дәптерге жазады

Тақырыпты бөлініп берілген бөлімдері бойынша оқиды, бірінші топтан бастап әр оқушы жаңа тақырыпты түсіндіреді.(бір-бірін тыңдауға үйренеді) сабаққа және тақырыпқа қатысты бір-бірінің айтқандарына ұқсатпай, қайталамай бір сөзден немесе сөйлем айтып шығады, сонда оқушыцлардың қызығушылықтары, белсенділігі артады. Осы арқылы топпен жұмыстың тиімділігін түсінеді

Сергіту сәті

3-минут

Барлығы бірге орындарынан тұрады,

1.машина болып дыбыс шығырады , 2.алдынан кедергі шығып тежегішті басады,

3. Барлығымыз тыныштықта тұрамыз,

4. Кедергі жоқ бір-бірімізге сигнал береміз. Бір-бірімізге 3 рет шапалақ соғамыз.


Барлықтары бірге жаттығу жасап, серігіп қалады, көңілдері көтеріледі.

Жеке жұмыс

10-минут

Жаттығулар: 7жаттығу есептерін шығару.


Берілген тапсырмаларды ынтамен жылдам орындап шығады, көрнекі көрсетеді,суретін салады


Қорытынды

Жұптық жұмыс

5-мин




Кері байланыс

3- мин

«Ойлан.Бірік.Бөліс»

Оқушыларға қатесі бар тапсырмалар беріледі




Көңіл-күйге байланысты кері байланыс.

Жұптаса отырып тапсырмадағы қатені тауып түзейді

Екінші жұппен алмастырады.Жұпта бағалайды.



Оқушылар өз жауаптарын кері байланыс парақшаларына жазады.

Үйге тапсырма

2 –мин

§18. 5-жаттығу №4