Контрольная работа по физике для 9 класса Колебания

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Физикадан бақылау жұмысы

9 сынып

Тербелістер мен толқындар


Мақсаты:

  1. Мемлекеттік стандарттың орындалуын тексеру

  2. Оқушылардың ақпараттық және өзіндік менеджмент құзыреттіліктерін осындай тақырыптар бойынша тексеру

  • Математикалық маятниктің тербеліс периоды

  • Томсон формуласы

  • Серіппелі маятниктің периоды мен жиілігі

  • Механикалық тербеліс кезіндегі жүйенің энергиясы


І нұсқа

I деңгей

  1. Ұзындығы 99,5 см математикалық маятник 1 минут ішінде 30 тербеліс жасайды. Еркін түсу үдеуің анықтаңдар.

  2. Тербелмелі контур электрсыйымдылығы 50 мкФ конденсатордан және индуктивтілігі 50 Гн катушкадан тұрады. Тербелмелі контурдың периоды қандай?

ІІ деңгей

  1. Серіппеге ілінген жүктің массасы 400 г, серіппенің қатандығы 160 Н/м. Жүктің тербелісінің периоды мен жиілігін анықта.

  2. Катандығы 18 Н/м серіппеге ілінген 300 г дене горизонталь жазықтықта 3 см амплитудамен тербеледі. Дене тербелісінің циклдік жиілігін және жүйенің энергиясын тап.

ІІІ деңгей

  1. Математикалық маятникті планетаға әкелді, оның ауырлық күші Жерден 4 есе кем. Тербеліс периоды қалай өзгереді?


ІІ нұсқа

I деңгей

  1. Математикалық маятниктін ұзындығы 40 м. Маятниктің тербеліс периоды мен жиілігі қандай?

  2. Тербелмелі контур электрсыйымдылығы 60 мкФ конденсатордан және индуктивтілігі 75 Гн катушкадан тұрады. Тербелмелі контурдың периоды қандай?

ІІ деңгей


  1. Массасы 300 г жүк, жиілігі 4 Гц тербеліс жасайды. Серіппенің қатандығы мен тербеліс периоды қандай?

  2. Катандығы 25 Н/м серіппеге ілінген 400 г дене горизонталь жазықтықта 3 см амплитудамен тербеледі. Дене тербелісінің циклдік жиілігін және жүйенің энергиясын тап.

ІІІ деңгей

  1. Серіппенің ұзындығын 4 есе артырғанда, жүктің тербеліс периоды қалай өзгереді?



Бағалау критериі

«5» бағасы есептерді толық шығарғандарға,
«4» бағасы – 4 тапсырма толық шығарғандарға,
«3» бағасы – алғашқы 2 тапсырма шығарып, 3 есепті дұрыс бастағандарға қойылады.