КҮНІ: КЛАСС: 7 ПӘНІ: ФИЗИКА
Сабақтың тақырыбы: «ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҒЫ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- «Қозғалыс» тарауындағы негізгі физикалық ұғымдарды қайталап еске түсіру және оларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық- алған білімді практикамен ұштастыра білуге, формулаларды түрлендіре білуге үйрету, ойларын дамыту, қарапайымнан күрделіге жеткізу; сынтұрғыда ойлау;
Тәрбиелік- оқушыларды топтың, ұжымдық жұмысқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытындылау, білімді жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, деңгейлік, саралап оқыту.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
амандасу, түгендеу, сабаққа көңілдерін аудару
ІІ. Сабақтың мақсатын іске асыру.
«Қозғалыс» тарауын қайталап, алған біліміңдеріңді практикамен ұжымдастырып, формулаларды есептер шығаруда дұрыс қолдана білулерінді тексеру. Деңгейлік тапсырмалалар арқылы өз білімдерінің нәтижесін көріп, өздеріңді -өздерің бағалайсыңдар.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру (Физикалық диктант)
Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?
Механикалық қозғалыстарға мысалдар келтіріңдер:
Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?
Орын ауыстыру деп нені айтамыз?
Механикалық қозғалыс нешеге бөлінеді?
Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?
Инерция деп нені айтамыз?
Ү. Тақтаға есептер шығарту.
1 қатар 2 қатар
3 қатар
Түзу жолда тұрған бақылаушының қасынан, батыстан шығысқа қарай 12 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан велосипедші жүріп өтті. Ол бұдан 2 сағат бұрын қай жерде болды?
Станциядан жүк пойызы 72 км/сағ жылдамдықпен шықты, ол 1440 км жол жүру үшін қанша уақыт кетеді?
Аквариумның қабырғаларын тазарту үшін оған салып қойған ұлулардың біреуі сейсенбі күні күні 16 сағат 30 минуттан бастап, содан бейсенбінің 9 сағат 00 минутына дейін қабырға бойымен 42 см жүрген. Ұлу қандай орташа жылдамдықпен қозғалған?
ҮІ. Өз орнына қой (халықтық педагогиканы пайдалану арқылы мақал мәтелдерді физикалық тұрғыда мағынасын тауып өз орнына қою керек)
Диффузия Бір сасық құмалақ, бір қарын майды шірітеді.
Қозғалыс
Басында миы жоқтың, аяғына дамыл жоқ
Инерция
Тамшы тас жарады