Атмосфералық қысымның биіктікке байланысы өзгеруі. Ашық сабақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: класс: 7 пәні: физика

Сабақтың тақырыбы: §41. Атмосфералық қысымның биіктікке байланысы өзгеруі
Сабақтың мақсаты:
ІІ. Сабақтың мақсаты:
1 Білімділік мақсаты:
Атмосфера ұғымы мен атмосфералық қысым ұғымының байланысы жайлы түсіндіру. Атмосфералық қысымның пайда болу себептерін түсіндіру.Оқушылардың атмосфералық қысым тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығару арқылы тексеріп бағалау.
2 Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Физикалық теорияны, заңдылықтарын қолдана білу.Эксперименттер жүргізуге икемділіктерін арттыру. Физика - лық құбылыстарды бақылауға, құралдарды пайдалануда оқушылардың біліктілігін дамыту Есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және атмосфералық қысымның тіршіліктегі маңыздылығын ұғындыру.
3 Тәрбиелік: . Оқушыларды тез есептеуге, сызбалар сызумен формулалар жазып есеп шығаруда ұқыпты жазуға және есептеудің тиімді әдістерін пайдалануға тәрбиелеу. Өздігінен ізденуге, еңбек сүйгіштікке баулу
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас,
ІV. Сабақтың әдісі: кітаппен жұмыс. Сұрақ - жауап.
V. Пәнаралық байланыс: химия, биология.
VІ. Сабақта қолданатын техникалық, көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, сөзжұмбақ
VІІ. Сабақтың өту барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі /әңгімелесу/
2 Өткен тақырыпты қайталау /сұрақ қою арқылы/
3 Жаңа сабақты түсіндіру.
4 Жаңа сабақты бекіту /есептер шығару/
5 Қорытындылау кезеңі
6 Үйге тапсырма беру.
7 Бағалау.

1)Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аудару.


2) Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар.

А) «Ойланып, жауап бер»

1. Қысымның өлшем бірлігі? (Паскаль)
2. Қысымның формуласы? (Р=F/S)
3. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы? (Р =
ρgh)

4. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)

5. Заттың неше күйі бар? (үш күйі бар)

6. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы неге тәуелді? (ρh)
7. Биіктіктің өлшем бірлігі? (метр)
8. Деңгейлері бірдей ыдыста керосин мен су құйылған. Қысымы бірдей ме? (Әр түрлі)

Б) есеп

1) Берілгені фомуласы шешуі

ρ=800кг/м3 P= ρgh P=800*10*15000=120000000=120МПа

h=15км

Р=?

2) Берілгені фомуласы шешуі

Р=105 Па P=ρgh h=105/800*10=12.5 м

ρ=800 кг/м3 h=P/ρg

h=?

3) Түсіндіру кезеңі:

Сабағымыздың мақсаты: Окушыларға атмосфералық қысымның өзгеруі туралы, Атмосфералық қысымның биіктікке және тереңдікке байланысты өзгеріп отыратынын түсіндіру.

Күн сайын сiз ауа райын тыңдайсыз. Атмосфералық қысымның шамасын да айтады. Оны арнайы құралдар арқылы өлшейдi. Олардың бiрi- барометр-анеройд (грекше «барос» ауырлық және «анероид» - сұйықсыз). Ол ауасы шығарылған металл қорапша. Атмосфералық қысым артқан сайын қорапша жиырылады, ол төмендегенде кеңейедi. Бұл өзгерiстер шкаладағы атмосфералық қысым мөлшерiн көрсететiн тiлшеге берiледi.  Нелiктен атмосфералық қысымның мөлшерiн бiлу маңызды?    Бiрiншiден, атмосфералық қысым мөлшерiнiң өзгеруi - ауа райының өзгеруi туралы ескертедi. Егер атмосфералық қысым артса, ауа райы ашық болады, егер төмендесе бұлтты ауа райы, жаңбыр немесе қар жауу мүмкiн. Екiншiден, көптеген адамдарға атмосфералық қысым өзгеруi әсер етедi: оның артуы немесе төмендеуi әсерiнен көңiл-күйi бұзылады. Жерге ауа тартылып, оның бетiне және кез келген затқа қысым көрсетедi. Бұл қысымды атмосфералық деп атайды. Қалыпты атмосфералық қысым – 760 мм. с. б. тең. Ол барометрлер көмегiмен өлшенедi. Атмосфералық қысым теңiз деңгейi биiктiгiне байланысты.

Жоғары биіктікке көтерілген сайын  атмосфералық қысым төмендеп отырады: 
Биіктік (км)  0       1      2       3       4       5        20          50        100
 
Қысым  (мм)  760   671   593   524    463    405    41,0        0,40     0,007
 
4) Бекіту кезеңі:

Қосымша есептер

1) Стақандағы су бағанының биіктігі 8 см.Су стақанның түбіне түсіретін қысымын тап.
Берілгені формуласы шешуі

h =8см=0.08м P=ρgh P=1000*10*0.08=800Па

ρ=1000кг/м3

P=?

2) Машинаның массасы 18700 кг, ал табан ауданы 6 м2. Қысымын есепте.

Берілгені формуласы шешуі

m= 18700кг P=F/S P=18700*10/6=31167Па

S=6м2 F=mg

P=? P=mg/S

3) Суды қысыммен ағызатын мұнараның табанына орнатылған манометр 220 000 Па қысымды көрсетеді деп алып, ондағы су деңгейінің биіктігін табыңдар.

Берілгені формуласы шешуі

P= 220000 Па P=ρgh h=220000/1000*10=22м

ρ=1000 кг/м3 h=P/ρg

h=?

Б) Логикалық Тест.
1. Оқушы өзінің креслоға отырғандағы қысымын анықтамақ болып, барлық уақытын ауданға өзінің күшін бөлумен кетіреді. Сенің ақылың
А) Әрі қарай жалғастыр.
Б)Күшін ауданға бөл.
В)Креслоны мазалағанды қой
2. Сыныптас оқушыңнан қысымның қандай бірлікпен өлшенетінінен ақыл бер.
А) Ньютонмен
Б) Паскальмен
В) килограмммен
3. Білмеске үйрет: Қысымды қалай өзгертуге болады?
А) Дененің ауданы беті мен күшін ауыстыр.
Б) Бетін әр түрлі маймен майла.
В) Дененің түсін өзгерт.
4. Екінші сынып оқушысы мектеп табалдырығына үлкен қысыммен әсер еткісі келеді.Қандай ақыл бересің?
А) Биік өкше туфли кию.
Б) Шаңғы кию.
В) босқа уақытыңды кетірме...

5. Суға батқан адамды құтқарушыға қандай ақыл бересің?
А) Жұқа мұздың үстімен жалаң аяқ жүгір.
Б) Жұқа мұздың үстімен ақырын бар.
В) Жұқа мұздың үстімен ішіңмен жылжы.


5) Қорытындылау кезеңі:

А)«Бас қатырғылар базары»Құпиясөз.(Сергіту сәті)
Құпиясөз ---Атмосфера, Қысым, Торричелли, Барометр, Манометр

А    Т    М   Ы     Қ   Ф    Е    Р    А

Н    С    О    Й    Ұ    И    С    Б    У

Е    Ы    С    Г    А    З    О    Р    Ғ

Р    Е    Ф    Д    Р    И    К    А    Ы

А    Е    Н    Е    Т    О    Р    Р    И

А    Т    Т    Ы    Е    А    Ң    Ы    Ч

Б     А   Р    О    М    З    О    Ш    Е

Т     М   А    Н    Е   Ь    Л    А    Л

Е    Ы    С    У    Т    Р     Р     И    Л

Г    С   Ы    Қ    О    А    К    С    И

Б) Сөзжұмбақ.

1.Анероид қандай мағынаны білдіреді?(Сұйықсыз)
2.Барос қандай мағынаны білдіреді?(ауырлық)
3.Жердің бетін ауа қабатын не қоршап тұр?(атмосфера)
4.Торричелли тәжірибесінде шынының ішінде не құяды?(сынап)
5.Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрылғы?(барометр)


Үйге § 41 оқу, 20-жаттығу (2,3)
Бағалау:



Тексерілді: