Абаева Айгуль Турлыханқызы
«Қаратал орта мектеп-бақшасы» КММ. ШҚО. Үржар ауданы
Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Аспан денелері туралы ғылым.
Сабақтың мақсаты:
Астрономия пәні, әлемнің құрылымы және дамуы туралы түсінік қалыптастыру.
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурс
1 мин
Сергіту сәті.
Психологиялық ахуалды реттеу.
Сергіту жаттығуын жасау.
Ноутбук.
Проектор.
Интернет
3 мин
Оқушыларды топқа бөлу.
Табиғат құбылыстары
Аспан денелері топтарына бөліну.
Тілше қағаздар.
15 мин
Үй тапсырмасын тексеру үшін тапсырма беру.
І-топ «Ұлы ойшылдар физика ғылымының дамуына қандай үлес қосты?»,
ІІ-топ «Неге ХХІ ғасырды-ғылыми төңкеріс ғасыры деп атаймыз?» деген сұрақ төңірегінде ойқорыту.
5 мин
Әр топ өзіне берілген тапсырманы қорытындылап, көзқарастарын дәлелдеу.
Топ спикері топтың ортақ шешімін баяндап, дәлелдейді.
Екі топ мәлімет алмасады.
1 мин
Сергіту сәті.
Балаларға арналған көңілді жаттығуды қайталайды.
Ноутбук.
Проектор.
Интернет
5мин
-Аспан әлеміне мән беріп көз жүгіртіп қарап көрдік пе?
- Жай көзбен қарағанда қандай көріністі көреміз?
- Жұлдыздар, жалпы аспан әлемі туралы білетінімізбен бөлісейікші деген сияқты сұрақтар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушыларға айтқызу.
Сұрақтарға жауап беру арқылы аспан денелері, физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен бірігуі табиғат құбылыстарының сырын тереңірек ұғынуға жәрдемдесетіні туралы ой қалыптастыру.
10 мин
Интернеттен аспан денелері туралы мәліметтер тауып, оқу. Сыныптастарымен бөлісуге ұсыныс білдіру.
Интернеттен аспан әлемі туралы ақпараттар тауып, оқиды.
Компьютерлер, интернетпен байланыс.
3мин
Үйге тапсырма беру.
Бағалау
Үйге тапсырма: Интернеттен алған мәліметтерін оқулықтағы §3пен салыстыра оқу.
Оқулық.
2мин
Кері байланыс.
Стикерлер, смайликтер.