Ақтасты ауылы Абай атындағы орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Бекетова Нурзада Утеевна
Сабақтың тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкелі күштері туралы түсіндіру.Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау.
2.Тәрбиелік: Алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне-бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша алғанбілімдерін қолданып, өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: білімді жинақтау, жүйелеу, сұрақ-жауап,есептер шығару, кестемен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа кестелер, слайдтар, анықтамалық кітапша.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Жоспар:
І. «Білгір физик»
ІІ. «Сен білесің бе?»
І. «Білгір физик»
1.Динамика нені зерттейді?
2.Санақ жүйесі дегеніміз не?
3. Инерциялық санақ жүйесіне мысал келтір
4.Ньютонның бірінші заңын тұжырымда.Мысал келтір.
5.Аристотельдің табиғаттағы қозғалыс туралы пікірі қандай?
6.Галилей мен Ньютонның дене қозғалысы жөніндегі қорытындысы неге негізделген?
7.Үдеу дегеніміз не?
8. Ньютон Исак (1643-1727) Ньютон зерттеулері механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. (жалғастыр)
ІІ. «Сен білесің бе?»
Ньютон Исаак (1643 – 1727)
Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 ж.ж. кафедраны басқарған.
Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т.б.
Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi.1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн «Оптика» еңбегiнде жариялады.
Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгеру.
Күш деп бір дененің екінші бір денеге механикалық әсерін сипаттайтын және осы әсердің өлшемі болатын векторлық физикалық шамасын айтады.
“Күш ” деген терминнің денелерің өзара әсерлесуімен байланысты екенін және оның сандық мөлшері екенін есте ұстаған жөн.Ньютонның атымен Халықаралық бірліктер жүйесінде күштің өлшем бірлігі – ньютонмен өлшенеді.
Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п.Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса , белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса , онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады:
Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал: осы соңғы өрнек Ньютонның екінші заңының формуласы
ІY.Сабақты бекіту.
Y.Оқушыларды бағалау [link] сайтынан Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы Физикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес