Бекітемін
директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
______Кенжебаева Э.А.
Сабақтың технологиялық картасы
Пән Физика
Мерзімі 20. 02. 2016ж Топ 15
Тақырыбы: «МИФ әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жалпы білім беруші Математика, Физика, Информатика пәндері бойынша білім деңгейлерін тексеру арқылы, осы пәндерге қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау;
Дамытушылық: Оқушылардың І курс бойынша алған білімдерін қолдана отырып, тәжірибе жүзінде жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс сабақ.
Сайыстың формасы: Сайыс сабақ.
Сабақты қамтамасыздандырылуы:
а)оқу – көрнекілік құралдар компьютер, интерактивті тақта, презентация.
б)үлестірмелі материалдар карточкалар, ғалымдар суреттері, тәжірибеге арналған құралдар
в)ТОҚ
Пәнаралық байланыс: математика, информатика.
Өз бетінше жұмыс: кестемен жұмыс, деңгейлік тапсырма, физикалық тәжірибе.
Сабақтың өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі ( 3 минут)
Сәлемдесу
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
Топқа бөлу.
Сайыстың барысы: (2 минут)
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған нақты ғылымдарды сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар. Жаратылыстану- математика бағытының бірлестіктің апталығында өткізіліп отырған «МИФ әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келіпсіздер!
[pic]
«Бүгінде МИФ барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер
Шәкірттер зерделікпен меңгеріңдер» - дей отырып сайысымызды бастаймыз.
Бүгінгі сайысымызға қатысу үшін өз өнерлерін, білімдерін сынасқалы келген ойыншыларымызды сайыстың шарттарымен таныстырамын. Бүгінгі сайысқа 4 топ қатысады. Сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:
1- кезең. «БӘЙГЕ» (викториналық сұрақтар);
2- кезең. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
3- кезең. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
4- кезең. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
5- кезең. ҒАЛЫМДАРДЫ ТАНЫП БІЛ.( ғалымдарды танып біліп, ашқан жаңалықтарын өмір баянын айту)
6- кезең. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);
7- кезең. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)
Сайысты қорытындылау
Таныстыру (4 минут)
Сайысымызды бір бірімізге сәттілік тілеп, әр топ өздерін таныстырсын.
Ом заңы
Бүкіләлемдік тартылыс күші.
Менделеев- Клапейрон теңдеуі
Кулон заңы
[pic]
1- кезең. «БӘЙГЕ» (викториналық сұрақтар);( 4 минут)
Шартын түсіндіретін болсақ әр топқа 4 пәннен 12 сұрақ қойылады. Сұрақтар математика, физика, информатика пәндерінен қойылады. Уақыт шектеулі 1 минутта жылдам жауап беру керек. Егер сұраққа жауап бере алмаса, келесі сұраққа өтуіне болады. Уақыт экранда көрсетіледі.
[pic] [pic] [pic]
«1 топ » сұрақтары:
1) Шаманың (санның) жүзден бір () бөлігі? (1%)
2) Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт )
3) Күш бірлігі не деп аталады? ( Ньютон )
4) Компьютердің миы (Процессор)
5) Дене өзінің көлемін және пішінін сақтайды бұл дене заттың қай күйіне жатады?
( қатты )
6) Дененің өз қозғалысы салдарынан болатын энергияны не деп атайды? (кинетикалық энергия )
7) Қандай сандар 2-ге бөлінеді? (Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді)
8) Мәліметтер енгізу пернесі (Enter)
9) Ақпаратты іздеуге, сақтауға , түрлендіруге пайдалынатын құрылғы. (Компьютер)
10) Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)
11) Қағазға басып шығару құрылғысы ( Принтер )
12) Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады? (сұйық)
«2 топ» сұрақтары:
1)Қабырғалары болатын тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? (S=a*b)
2) Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
3) Дене өзінің көлемін сақтайды, бірақ пішінін өзгертеді. Сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады? (сұйық)
4) Компьютерде жұмыс істейтін адам мен монитордың ара қашықтығы. (70 см)
5) Дененің өз пішінін өзгертуі (Деформация)
6) Ток көзін ойлап тапқан ғалым (Вольта А)
7) Ақпараттық ең кіші көлем бірлігі ( бит)
8) Зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысы салдарынан болатын жанасқан заттардың бір-біріне өзара араласуы (Диффузия)
9) Нәрсенің 1/4 -і қалай аталады? (Ширек)
10) Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал (вольтметр)
11) Енгізу құрылғысы (пернетақта )
12) Вирусты емдейтін программа (антивирус)
«3 топ» сұрақтары:
1)Нәрсенің бөлігі қалай аталады? (Жарты)
2) Тізбектегі ток күшін реттеуге арналған прибор (реостат)
3) Бір дененің екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш не деп аталады? (үйкеліс күші)
4) Қандай сандар 10-ға бөлінеді? (Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар)
5) Қағаздағы кескінді компьютерге енгізуге арналған құрылғы? (сканер)
6) Жыпылықтап тұратын тік сызықша ( курсор)
7) Егіс даласында 30 қарға қонақтап отырды. Фермер соның төртеуін атып түсірді. Далада қанша қарға қалды? (Өлген 4 қарға)
8) Дене массасының оның көлеміне қатынасына тең физикалық шама ( тығыздық)
9) Грек тілінен аударғанда жылу және күш деген мағына беретін физика бөлімі қалай аталады? (термодинамика)
10) Қандай төртбұрыш «ромб» деп аталады? (Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады)
11) Термометрдегі сұйықтықты не деп атайды? (сынап)
12) Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы ( CD-ROM)
«4 топ » сұрақтары:
1) Адамның денсаулыққа зиянды компьютер құрылғысы (монитор)
2) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал. (барометр)
3) Қандай төртбұрыш «квадрат» деп аталады? (Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш)
4) Пифагор теоремасын тұжырымдап айт. (Катеттердің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең)
5) Ақпаратты тасымалдау құралдарын ата (Компакт-диск, дискета, флэшка)
6) Сұйық немесе газдағы дененің кері итеруші күші не деп аталады? (Архимед күші)
7) Ағылшын физигі және матиматигі. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан (Исаак Ньютон)
8) Бір адамның 14 түйесі бар екен, соның үшеуінен басқасының бәрі өліп қалыпты. Қанша қалды? (3)
9) Пернетақтадағы өшіру пернелерін ата (Delete, Backspace)
10) Сұйықтың ішіндегі өте ұсақ қатты бөлшектердің қозғалысын не деп атайды ( Мысал айту – Броундық қозғалыс)
11) Информатика кабинетінде жұмыс ережесі қалай аталады? (Қауіпсіздік ережесі)
12) Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы (балқу)
2- кезең. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп); ( 4 минут)
[pic] [pic]
Дұрыс жауапқа 3 ұпай.
Алдарыңда 7+4-4=0 қосындысы. Теңдік дұрыс емес.1 сіріңкенің оның ауыстырсақ теңдік дұрыс болады?
3 сіріңкенің орынын ауыстырып, бөлек-бөлек 3 квадрат жаса.
Бір сіріңкенің орнын ауыстырып теңдікті теңестір.(екі әдіспен жасауға болады)
3- кезең. «КІМ ТАПҚЫР!» Оқушылардың алдына физика, математика және информатикаға байланысты шамалар салынған қоржын қойылады, әр топтан бір оқушы шығып қоржынның ішіндегі құралды алады, берілген құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру); Дұрыс жауапқа 5 ұпай. ( 4 минут)
[pic] [pic]
4- кезең. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
4 топтың ойыншысы 4 конвертті таңдайды.
Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай. ( 10 минут)
[pic] [pic]
Тәжірибе.
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы.
Тапсырма:
Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал. Не байқалады? Себебі?
Жұмыртқаны стақанның ішінен ал,
стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал. Не байқалады?Себебі?
2-Тәжірибе.
Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз
Тапсырма:
Стақанды жиегіне дейін су толтыр.
Бетін қағазбен жап.
Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.
Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.
Қолыңды ептеп қағаздан ажырат. Не байқалады? Себебі?
3-Тәжірибе.
Қажетті заттар: 1 шикі жұмыртқа, 1 пісірілген жұмыртқа.
Тапсырма:
4-Тәжірибе.
Қажетті заттар: Стақан су, тиын, сіріңке және өшіргіш.
Тапсырма:
5- кезең. ҒАЛЫМДАРДЫ ТАНЫП БІЛ. ( 2 минут)
Сайысқа 2 минут уақыт беріледі.
Бұл сайыстың шартымен таныстырып өтейін:
Ғалымдарды танып білсе
атын атаса 1 ұпай,
еңбегін айтса 2 ұпай,
толық мәлімет берсе 3 ұпай беріледі.
[pic]
[pic] [pic] [pic] [pic]
6- кезең. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру); ( 4 минут)
Жауабын тапқан топқа – 10 ұпай.
Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.
Сөздер: Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.
[pic]
[pic]
Сайысты қорытындылау ( 3 минут)
Бүгінгі сайыс сабағымызды қорытындылай отырып, оқушыларға сұрақ:
Б.з. д математика, физика, информатика.
Қазіргі математика, физика, информатика.
Болашақтағы математика, физика, информатика.
-
Рефлекция (3 минут)
Не білдің?
Не үйрендің?
Не қызықтырды?
Нені білгің келеді?
Ұнаған сайыс.
Бағалау ( 2 минут) Сайыс соңында әр топ жинаған жалпы ұпай сандары бойынша алған орындарын анықталады.
Осымен сайыс сабағымыз аяқталды, келіп, тамашалағандарыңызға көп рахмет. Қош сау болыңыздар.
[pic]
Оқытушының аты-жөні: Алимкулова Г.М ___________________
(қолы/ подпись)