Деформация. Гук заңы (7 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 17.11.2016ж

Сыныбы: 7 «А»


Сабақ тақырыбы: Деформация. Гук заңы

Сабақ мақсаты:

1)Білімділік: Өтілген сабақ материалдарын еске түсіре отырып, дененің жылдамдығының басқа денелер әсер еткенде тек дене масасына ғана емес, сонымен қоса күштің әрекетінен де өзгеретінін, дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруі, олардың түрлері туралы түсіндіру.

2)Дамтыушылық: Оқушыларды терең ойлауға, ғылыми ой қозғауға баулу, өй-өрістерін дамыту.

3)Тәрбиелік: Күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы оқушылардың физика тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Оқыту әдісі: сұрақ – жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: шар, пластилин, слайд интерактивті тақта

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу

  2. Оқушалардың құрал-жабдықтарын тексеру

  3. Оқушалардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасына шолу

1 – тапсырма .Қызығушылығын ояту.(Әр топқа қайталау сұрақтарын беру)

I – топ. Деформация тобы

1.Үйкеліс күші дегеніміз не?

2.Күштің өлшем бірлігі?

3.Заттың тығыздығы дегеніміз не?

II – топ. Гук заңы тобы

1.Заттың тығыздығының формуласы?

2.Кітапты қолымызбен басып стол бетімен сырғанат. Қандай күштің әсерімен кітап қозғалады?

3.Масса дегеніміз не?

III – топ. Ньютон тобы

1.Күш дегеніміз не?

2.Үйкеліс күшінің неше түрі бар?

3.Күштің неше түрі бар?

2 – тапсырма. Құралдар әлемі. Өлшем құралдарының атын атап, атқаратын қызметтерін айту.

I – топ. Деформация тобы. «Мензурка»

II – топ. Гук заңы тобы. «Термометр»

III – топ. Ньютон тобы. «Мензурка»

3 – тапсырма «Сәкестіндіру сәті»

III.Жаңа сабақты түсіндіру

Дене пішінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация (латынша деформация – өзгеру) деп атайды. Деформация денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатындықтан, өзара әрекеттесетін екі дене де деформацияланады.

Деформация



Пластикалық Серпімді

Серпімділік күші – дененің деформациялануы кезінде пайда болатын күш және деформациялық кезінде ол дене бөлшектерінің ығысуы кезінде ол дене бөлшектерінің ығысу бағытына қарама – қарсы жаққа қарай бағытталады.

Серпімділік күші денені қысқанда, созғанда, майыстырғанда, игенде пайда болады.

Серпімділік күші мен серпімділік деформация арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт гук анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды.

серп=kx

Бұл заң бойынша дененің созылуы кезіндегі серпімділік күшінің модулі дене ұзындығының өзгеруіне тура пропорционал.

Мұндағы,

  • серп – серпімділік күшінің модулі

  • - дененің созылуы немесе сығылуы

  • қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициенті

IV.Жаңа сабақ бойынша есептер шығару. Интеравктивті тақтаға есептер беріледі

I – топ. Деформация тобы.

Қатаңдығы 100 Н/м – ге тең сымды 1 см – ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек?

II – топ. Гук заңы тобы.

Болат серіппе 260 Н күштің әсерінен 40 мм –ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

III – топ. Ньютон тобы.

Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Жүкті осындай деформацияға ұшыратқан күштің шамасы неге тең?

V.Карточкамен жұмыс және жеке оқушыға (нашар және дарынды)

VI.Кітаппен жұмыс. 10 – жаттығу (1,2)

VII.Сабақты бекіту. Тест (ия және жоқ)

1.Деформация – жайылу, таралу. /ия/

2.Күштің өлшем бірлігі кг. / жоқ/

3.Дене пішінің немесе өлшемдерің өзгеруін деформация деп атайды. / ия/

4.Деформация түрлері – ауырлық, серпімділік, үйкеліс / жоқ/

5.серп=kx Гук заңының формуласы /ия/

6.Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене өзінің пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформацияны пластикалық деп атайды /ия/

7. к – қатаңдық коэффициентінің өлшем бірлігі – Н/м /ия/

8.Деформация пластикалық және серпімді болып екіге бөлінеді.


VIII.Оқушыларды бағалау

VIIII.Үйге тапсырма: §26 – 27. 10 – жаттығу (4)


«Қарақөл орта мектеп бақшасы» КММ






Ашық сабақ

Тақырыбы: Деформация. Гук заңы












Пән мұғалімі: Жұмабаева А.О







2016 – 2017 ж