8.12 Электр өрісінің энергиясы Күні: 23.02.16 Сынып: 10 Пәні: физика
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Электр өрісінің энергиясы туралы білу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Электр өрісінің энергиясын және формуласын білу
Оқушылардың басым бөлігі:
Конденсаторлардың энергиясын табуды білу
Кейбір оқушылар:
Формулаларды қолдана отырып есептер шығарады
Түпкі мақсат
Оқушылар:
Электр өрісінің энергиясын біле отырып, формулаларын есептер шығаруда қолданаалады.
Негізгі физикалық терминдер:
Физикалық шамалар
Белгіленуі
формуласы
Өлшемдері
Зарядталған конденсатор энергиясы
W
[pic] q=CU [pic]
Дж
Электр өрісінің энергиясы
Wэ
[pic]
Дж
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Зарядталған конденсатор энергиясы, электр өрісінің энергиясы
Талқылауға арналған тармақтар: зарядталған конденсатор энергиясы жайында не білесің? Электр өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы деп нені айтады?
Жетістік критериі
жетті
талпынады
Алдыңғы оқу
§8.1 Конденсатор электрсыйымдылығы
ЖОСПАР
2 мин
І.Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
5 мин
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (үйге берілген есептердің шығарылған нұсқасын экранда шығару арқылы )
1)10-сынып оқулығы
2 ) интернет желісі
3 мин(1+1+1)
ІІІ.Жаңа тақырып (Тақырыпты ашу үшін экранда суреттер арқылы оқушылармен бірге жаңа тақырыптың тақырыбын ашу)
1)10-сынып оқулығы
2 ) интернет желісі
15 мин(5+1+3+3+3)
IV. Топтық жұмыс(жаңа тақырыппен танысу, топпен бірге қорғау және конденсатор мәндеріне сәйкес энергиясын есептеу)
1)10-сынып оқулығы
2 ) интернет желісі
8 мин(2+2+2+2)
VІ. Топтық жұмыс (әр топқа мәтін соңындағы 2 сұрақтан беріледі және топпен қорғайды.)
1)10-сынып оқулығы
2 ) интернет желісі
9 минут
VІІ. Жеке жұмыс (есептер шығару) Мұнда оқушылар әр А,В,С деңгейдегі есептерді шығарады.(әр шығарған есептері бойынша балдық жүйеде бағаланады.)
1)10-сынып оқулығы
2) интернет желісі
3 мин
VІІІ. Кері байланыс (не білдім, нені орындауда қиындық туды)
Зарядталған конденсаторға параллель зарядталмаған конденсатор қосады. Зарядталған конденсаторға екінші конденсаторды қоспай тұрғанда 4 Дж болатын. Қосқан соң екеуінің энергиясы қандай болады?
Кернеуi 20 В және электр сыйымдылығы 10мкФ конденсатордың электр өрiсiнiң энергиясы қандай?
Конденсатор 20 В-қа дейiн зарядталған. Конденсаторды разрядтау кезiнде электр цепiнен 0,1 Дж энергия бөлiндi. Конденсатор орамында қандай заряд болған?
Жазық конденсатор пластиналары арасындағы арақашықтықты табу керек, егер олардың арасындағы потенциалдар айырымы U=150 В, әр пластинаның ауданы S=100 см2 және оның заряды q=10 нКл. Диэлектрик болып слюда (ε=7) алынған.
Сыйымдылығы 1400 пФ жазық конденсатор әр орамдарының ауданы 14 см2. Диэлектрик – слюда. Слюданың қалыңдығын табыңыз.
Конденсатор заряды 4,0 ·10-4 Кл, орамдарындағы кернеу 500 В. Конденсатор энергиясын анықтаңыздар.
Сыйымдылығы 2 мкФ конденсаторды 110 В дейін зарядтайды, содан соң ажыратып басқа бір конденсаторға жалғайды . Сонда конденсатор 44 В дейін зарядталады. Екінші конденсатордың сыйымдылығы қандай?
Конденсатор пластиналарының ауданы 15 см2. Арақашықтығы 0,02 см. (ε=7, ε0=8,85*10-12)Конденсатор сыйымдылығын табыңдар?
Потенциал айырымы 100 В дейін, ал заряды 10 нКл дейін зарядталған конденсатордың энергиясын табыңдар?
Сыйымдылығы 0,5 пФ 0,5мкКл зарядқа дейін зарядталғанда конденсатор энергиясы қандай болмақ?
Қосымша ақпарат
Саралау- сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлай-сыз? Сіз қабілеті жоғары оқу шыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспар-лайсыз?
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Конденсатор электрсыйымдылығының мәні неде? Конденсатор барлық техникаға ең маңызды құрал ретінде қабылдай аласыз ба?
Үй тапсырмасын дұрыс нұсқамен тексере отырып баллдық жүйеде бағалайды. (1-3 баллға дейін)
Топтық жұмыста топтар бірін-бірі бағалайды.
Сұрақпен жұмысты бағалау өлшемдері:
Нақты жауаптың болуы
Физикалық терминдердің қолданылуы
Формулалардың қорытылуы
Жеке жұмыс 3 балдық жүйеде бағаланады.
1 балл-«2»
2 балл- «4»
3 балл-«5»
Информатика, математика
Рефлексия
Сабақтың оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Сабақтың мақсаттары сабақ өту барысында шынайы екенін көрсете білді. Өйткені оқушылар конденсатордың жұмыс істеуімен танысып қана қоймай, олардың сыйымдылықтарына қарай энергиясының өзгеретінін көзбен көріп өолмен іс-тәжірибе жүзінде жасады. Мұның өзі оқушылар үшін үлкен жұмыс. Өйткені жұмыс барысында оқушылар өздерінің топтың ішінде және жеке жұмыста өздерін ұстай алды, бір-бірін тыңдай отырып бірлесе жұмыс жасады.
Яғни бұл жоспарда көрсетілген жұмыстардан әлде қайда жоғарғы дәрежеде оқушылар өздерін көрсете білді.Бұл жоспардың тиімділігін көрсетеді. Алайда топтық жұмыстарды әлі де жетіспей келе жатқан тұстары бар. Ол уақыттың жетіспеушілігі. Берілген тапсырманы уақыт аясында жасау оқушылар үшін әліде ауыр болып тұр. Бұл топтық жұмыста өздерінің және өзгенің тапсырмаға деген салғырт қарау болып табылады. Олар өз мүмкіншіліктерін толық жеткізе алмай отыр. Сондықтан алдағы сабақта осы жұмыстарды жетілдіру және уақыт сақшысмен жұмысты күшейту керек деп ойлаймын.
Қорытынды бағамдау
Жалпы қорыта келе сабақ барысында оқушылардан жұмысты орындау барысында талпыныс бар екенін байқадым. Бірақ сол талпынысты жетілдіру жолдарын көбірек қарастыру керектігін аңғардым.