3.2 Жекеленген тақырыптар бойынша физикалық диктанттар
7 сынып. «Қозғалыс және күш» тақырыбына
І. Келесі физикалық шамаларды қандай әріптермен белгілейді?
1. Жол
2. Жылдамдық
3. Уақыт
4. Орташа жылдамдық
5. Заттың тығыздығы
6. Күш
ІІ. Есептеу формулаларды жазыңдар.
1. Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі жылдамдық
2. Айнымалы қозғалыстың орташа жылдамдығы
3. Заттың тығыздығы
ІІІ. Физикалық шамалардың оқулықтағы бірліктері
1. Жылдамдық
2. Масса
3. Тығыздық
4. Күш
IV. Төмендегі шаманы қандай құралмен өлшейді?
1. Дененің массасын
2. Күшті
3. Уақытты
8 сынып. «Жылу құбылыстар» тақырыбына
1. Келесі физикалық шамаларды қандай әріптермен белгілейді?
а) Меншікті жылдамдық
ә)Жылу мөлшері
б) Отынның жану жылуы
в) Дененің температурасы
г) Меншікті булану және конденсациялану жылуы
2. Дененің қыздыру кезінде алған немесе сууы кезінде бөлген жылу мөлшерін анықтайтын формуласы қандай?
3. Төмендегі жағдайларда жылу бөліне ме, немесе жұтыла ма?
а) Қыздыру
ә) Конденсациялану
б) Балқу
в) Қатаю
4. Кристалл денелердің балқуы және қатаюы кезіндегі жылу мөлшерін есептейтін формуланы жаз.
5. Төмендегі жағдайларда дененің ішкі энергиясы қалай өзгереді?
а) Қатаю
ә) Қыздыру
б) Балқу
в) Конденсациялану
6. Дененің температурасы төмендегі жағдайларда өзгере ме?
а) Қыздыру
ә) Балқу
9 сынып. «Кинематиканың негізгі ұғымдары» тақырыбына
1. Механика қандай бөлімдерден тұрады?
2. Механиканың негізгі мақсаты не?
3. Кинематика нені зерттейді?
4. Дененің түзудің бойындағы, жазықтықтағы және кеңістіктегі орнын анықтау үшін нелер қажет болады?
5. Дененің орын ауыстыруы нені айтады?
6. Орын ауыстыру формуласы қандай?
7. Бірқалыпты қозғалыстың формуласын жазыңдар?
8. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың уақытқа тәуелділігінің графигін сызыңдар.
9. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығының графигі қандай?
10. Ұзындық, уақыт, жылдамдығының өлшем бірліктері қандай?
10 сынып. «Әртүрлі ортадағы электр тогы» тақырыбына
1. Зарядты бөлшектердің реттелген қозғалысын ... деп атайды.
2. Электр тогы пайда болу шарттары:
а)... ә)...
3. Металдағы электр тогы дегеніміз ... реттелген қозғалысы.
4. Металдар ток өткізген кезде электр кедергісінің болу себебі ... .
5. Температура жоғарлаған кезде металл өткізгіштердің кедергісі ... оның себебі ...
6. Таза жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі ... деп аталады.
7. Жартылай өткізгіштердегі электр тогы дегеніміз ... реттелген қозғалысы.
8. Кемтік дегеніміз ... .
9. Акцепторлық қоспа деп ... қоспаны айтамыз.
10. Донорлық қоспа деп ... қоспаны айтамыз.
11. p-n ауысу қалай пайда болады?
12. Тура ауысу қай кезде болады?
13. Кері ауысу қай кезде болады?
14. Жартылай өткізгіш диод қандай мақсатта қолданылады?
15. Ток өткізетін ертінділер ... деп аталады?
16. Зарядталған атом, молекулалар ... деп аталады.
17. Сұйықтардағы электр тогы дегеніміз ... реттелген қозғалысы.
18. Электрод деп ... атаймыз.
19. Сұйықтар электр тогын өткізген кезде электродта зат бөліну реакциясы ... деп аталады.
20. Электролиз қайда қолданылады?
21. Фародейдің бірінші заңы.
22. Фародейдің екінші заңы.
23. Вакуум дегеніміз ... .
24. Қызған қатты денелерден электрон ұшып шығу құбылысы ... деп аталады.
25. Электрон шамдар қандай құбылысқа негізделген?
26. Үш электродты электрондық шамды ... деп атайды.
27. Триодтты ... қолданады.
28. Электрон шоқтарының қасиеттері.
11 сынып "Оптика" тақырыбына
1. Корпускулалық теория бойынша жарық дегеніміз ...
2. Корпускулалық теорияның негізін қалаушы ...
3. Толқындық теория бойынша жарық дегеніміз ...
4. Толқындық теорияның негізін салушы ...
5. Жарықтың кванттық қасиеттері ...
6. Вакуумдағы жарықтың таралу жылдамдығы ...
7. Ортаның ұйытқуы барып жеткен әрбір нүктесі ... толқындардың көзі болып табылады. Бұл ... принципі деп аталады.
8. Жарық сәулесінің екі түрлі ортаның шекарасына келгенде бірінші ортада бағытын өзгертуі, таралуы ... деп аталады.
9. Жарық сәулесінің екінші ортаға өтіп бағытын өзгертіп таралуын ... деп атайды.
10. Түскен сәуле, шағылған сәуле, жарық түскен нүктеге тұрғызған перпендикуляр үшеуі ... жатады.
11. Түсу бұрышы шағылу бұрышына ... болады.
12. Түсу бұрышының [pic] -ын, сыну бұрышының [pic] -на қатынасы ... болады. Оны ортаның салыстырмалы ... деп атайды.
13. Түскен сәуле, сынған сәуле, түсу нүктесіне жүргізілген ... үшеуі бір жазықтықта жатады.
14. Вакуумге қатысты ортаның сындыру көрсеткіші ... деп аталады.
15. Оптиканың тығыз орта деп абсолют сындыру көрсеткіші ... ортаны айтады.
16. Толық шағылу оптикалық ... ортадан оптикалық ... ортаға жарық сәулесі өткенде байқалады.
17. Сыну бұрышы [pic] болу кезіндегі түсу бұрышы [pic] - толық шағылудың ... деп аталады.
18. Жарықтың сыну көрсеткішінің жарық түсіне тәуелділігін Ньютон ... деп атады.
19. ... деп жарықтың сыну көрсеткішінің тербеліс жиілігіне (толқын ұзындығына) тәуелділігін айтады.
20. Когерент толқын деп ... тең ... тұрақты толқынды айтады.
21. Когерент толқындардың қабаттасып таралуын ... деп атайды.
22. Интерференциялық [pic] болу шартын жазыңдар.
23. Интерференциялық [pic] болу шартын жазыңдар.
24. Жарық толқындары өлшемдері жағынан толқын ұзындығына шамалас бөгеттерді айналып өтуін ... деп атайды.
25. Бөгеттер мен саңылаулардың жиынтығынан тұратын жүйені ... деп атайды.
26. Дифракциялық [pic] -дар анықталатын шарты ...
27. Тербелісі бір жазықтықта жүрілетін толқынды ... толқын деп атайды.
28. Жарықтың толқындық қасиетін сипаттайтын құбылыстарды атаңдар.
Жауаптары:
1. корпускулалар ағыны.
2. Ньютон
3. электромагниттік толқын.
4. Максвелл
5. фотоэффект
6. [pic]
7. екінші, Гюгенс
8. шағылысу
9. сыну
10. бір жазықтықта
11. тең
12. тұрақты, сыну көрсеткіші
13. перпендикуляр
14. абсолют сыну көрсеткіші
15. үлкен
16. тығыз, сирек
17. шекті
18. дисперсия
19. дисперсия
20. толқын ұзындығы, фаза айырмасы
21. интерференция
22. [pic]
23. [pic] [pic]
24. дифракция
25. дифракциялық тор
26. [pic]
27. поляризацияланған
28. интерференцияланған
29. интерференция, дифракция, поляризация.
Салыстырмалық теория
1. Салыстырмалық теорияның негізгі постулаттарын 1905 жылы ғалым ... тағайындаған.
2. Бірінші постулат бойынша ... санақ жүйесінде табиғаттағы барлық процестері бірдей өтеді.
3. Вакуумдағы жарықтың таралу жылдамдығы ... ол жарық көзінің немесе жарықты қабылдағыштың қозғалыс жылдамдығына ... болады.
4. Жарық жылдамдығына таяу үлкен жылдамдықпен қозғалған кезде байқалатын эффект ... деп аталады.
5. Қозғалыстағы санақ жүйесінде дененің сызықтық өлшемі ... көрінеді. Оның формуласы ... .
6. Қозғалыстағы санақ жүйесінде уақыттың ... эффектісі байқалады. Оның формуласы ... .
7. Дененің жылдамдығы артқан кезде ... заңдылығы бойынша оның энергиясы ...
8. Масса мен дененің тыныштық энергиясы ... формуламен байланысады. Ол формуланы ... деп атайды.
Жауаптары:
1. Эйнштейн
2. инерциялық
3. [pic] , тәуелсіз
4. релятивистік [pic]
5. қысқарып, [pic]
6. баяулау, [pic]
7. [pic] , артады
8. [pic] , Эйнштейн формуласы
Кванттық физика
1. М. Планк гипотезасы бойынша атом электромагниттік энергияны ... түрінде шығарады.
2. Кванттың энергиясы ... формуласымен анықталады. Ондағы пропорционалдық коэффициент ... деп аталады. Оның сандық мәні ... болады.
3. Жарықтың әсерінен заттан электрон ұшып шығу құбылысы ... деп аталады.
4. Фотоэффектінің заңын ғалым ... тәжірибе жүзінде тағайындаған.
5. 1 с ішінде заттан жарық әсерінен ұшып шығатын электрондар саны ... тура пропорционал.
6. Фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы ... байланыссыз, ал ... байланысты болады.
7. Әрбір заттағы фотоэффект жүріле бастайтын жарықтың ең кіші жиілігі ... деп аталады.
8. Заттың бетінен электронды жұлып шығаратын жұмыс ... деп аталады.
9. Электр заряды жоқ жарықтың материалды бөлшегі ... деп аталады.
10. Фотонның энергиясы ... формуламен өрнектеледі.
11. Фотоэффект үшін Эйнштейннің теңдеуі
12. Фотонның тыныштық энергиясы болмайды. Оның себебі ...
13. Қозғалыстағы фотонның импульсі ... анықталады. Оның формуласы ...
14. Көрінетін жарықтың спектрінің ішінде күлгін жарықтың жарықтың фотонның энергиясы үлкен болады. Оның себебі, оның жиілігі ...
15. Жарық таралу кезінде оның ... қасиеті күшті білінеді.
16. Жарық табиғатының екі жақтылығы ... деп аталады.
17. Жарықтың денеге әсері кезінде жарықтың ... қасиеті күшті білінеді.
18. Жарық жиілігі жоғары болса ... қасиеті, жиілігі аз болса ... қасиеті білінеді.
19. Фотоэлементте ... құбылысы пайдаланылады.
20. Жарықтың әсерінен заттың ішіндегі электр зарядының концентрациясы өзгеруі ... деп аталады.
21. Электр кедергісінің жарықтануға тәуелді болатын прибор ... деп аталады.
Жауаптары:
1. порциялар
2. [pic] ; [pic] - Планк тұрақтысы [pic]
3. фотоэффект
4. Столетов
5. жарық интенсифтігіне (жарық ағымына)
6. [pic] -ге байланыссыз [pic] -ге байланысты
7. [pic]
8. Аш
9. фотон
10. [pic]
11. [pic]
12. [pic]
13. жиілік [pic]
14. [pic] -үлкен
15. толқынды
16. дуализм
17. жарықтың
18. кванттық, ток
19. фотоэффект
20. ішкі фотоэффект
21. фоторезистор.
«Тербелістер» тақырыбына берілетін диктант
1. Қайталанып отыратын қозғалысты ... деп атайды.
2. Денеге әсер етуші күштердің векторлық қосындысы нөлге тең болатын күйі ... күйі деп аталады.
3. Дененің тепе-теңдік күйден ауытқуын ... деп атайды.
4. Гармоникалық тербеліс пайда болу шарттары.
5. Дене тербелісін толық бір рет қайталайтын уақыты ... деп аталады. Оның өлшем бірлігі ...
6. 1с ішіндегі тербеліс саны ... деп аталады. Оның өлшем бірлігі ...
7. Тербеліс периоды 2с деген сөздің мағынасы.
8. Жиілігі 200Гц деген сөздің мағынасы.
9. Тербеліс периоды мен жиілігінің арабайланысын көрсететін формуланы жаз.
10. Дененің тепе-теңдік күйінен ең ұзақ ығысуын тербеліс ... деп атайды.
11. Тербеліс кезінде дененің жылдамдығы және үдеуі ...
12. Тербелетін дене тепе-теңдік күйінен ең ұзақ ығысу кезінде ... энергияға ие болады.
13. Тербеліс кезінде ... нүктесінде толық механикалық энергия кинетикалық энергияға тең болады.
14. Серіппелі маятниктің тербеліс периодын ... формуласымен анықтайды.
15. Математикалық маятникте жіптің ... ескермейді.
16. Математикалық маятниктің тербеліс периодын ... формуласымен анықтайды.
17. Математикалық маятниктің тербеліс периоды дененің массасына ... болады.
18. Тербеліс периоды тербеліс амплитудасына ... болады.
19. Тығыздығы Жердің орташа тығыздығынан артық пайдалы қазба болса, еркін түсу үдеуінің мәні ... болады.
20. Тығыздығы аз мұнай сияқты кен бар жерде еркін түсу үдеуінің мәні ... болады.
21. Сырттың күшінің әсері тоқтағаннан кейін ары қарай жалғасатын тербелісті ... тербеліс деп атайды.
22. Тек қана сырттың күшінің әсерінен болатын тербелісті ... тербеліс деп атайды.
23. Тербелетін жүйенің еркін тербелісінің жиілігін ... жиілік деп атайды.
24. Сыртқы күштердің жиілігі тербелетін жүйенің меншікті жиілігіне дәл келгенде еріксіз тербеліс амплитудасы кенет арту құбылысы ... деп аталады.
25. Резонансты болдырмау үшін жүйенің меншікті тербеліс жиілігін, сырттың күшінің жиілігінен ... болдыру керек.
26. Тізбектей жалғанған конденсатор мен орамнан тұратын тізбекті ... деп атайды.
27. Тербеліс контурында ... тербеледі.
28. Конденсатор ... жинақтайтын құрылғы.
29. Томсонның формуласын жаз.
Тербеліс контурында пайда болатын электромагниттік тербеліс ... тербеліс болады.
[link]