Сабақтың тақырыбы: Заттың магниттік қасиеттері (8-сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Бекітемін-------------------------------------------


Пәні: Физика

Сыныбы: 8

Күні: 07.04.2016

Сабақтың тақырыбы

Заттың магниттік қаситтері. Ақпараттың магниттік жазылуы

Сілтеме

Жоспар, ғаламтор, Мұғалімге арналған нұсқаулық,

Жалпы мақсаты

1.Танымдық: Оқушыларға магнетиктер, ақпарапттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асырылатыны туралы түсінік беру. Жаңа білімді өз беттерімен іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру .

2.Эмоциялық: Сыныптағы ынтымақтастық, ықпалдастық негізінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру.

3. Әлеуметтік: Әлеуметтік өзара әрекеттесетін жұмыс түрлерін ұсыну, жұппен жұмыс жасауға , бірлесіп жұмыс жасауға баулу.


Ресурстар

Интерактивті тақта, маркерлер, стикерлер, постерлер, оқулық, бағалау парағы, электрондық оқулық (8 сынып), АКТ, тапсырмалары бар парақшалар, таныстырылым .

Күтілетін нәтиже


Оқушылар магнетиктер мен ақпараттың магниттік жазылуы туралы толық мәліметті біледі, физикадағы негізгі ұғымдармен танысады, топпен жұмыс жасай отырып өз ойын жеткізе алады.


Әдістер


Сергіту.

«Миға шабуыл»

«Идеялар синтезі»

"Сиқырлы сандықша"


Тапсырмалар


1.Миға шабуыл (Сұрақтар арқылы)


2.Топтық жұмыс ( Мәтінмен танысу)


3.Жұптық жұмыс (Бағалау)


4.Жеке тапсырма (физикалық диктант, семантикалық карта, тест)



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады) :



Сабақ кезеңдері


Әдістер


Мұғалімнің іс- әрекеті


Оқушының іс- әрекеті


1


Ұйымдастыру кезеңі

(3 минут)


Сергіту. «Зарядка НИШ» биі





«Топқа бөліну»


Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.



Қағаз қиындылары таңдау арқылы топқа бөлу.



Оқушылар сергіту жаттығуын орындайды.




Оқушылар қағаз қиындыларын алып, артындағы сөздерге сәйкес бөлінеді



2


Үй тапсырмасын сұрау ( 10 минут).



Сиқырлы сандықша


Үй тапсырмасын сұрау.


Оқушылар сандықшадан корточкаларды таңдау арқылы сұраққа жауап берулері керек


3


Қызығушылығын ояту. (4 минут)


«Миға шабуыл»

«Сұрақтар мен суреттер арқылы»



1.Магниттерді қайда қолдану жайлы не білесіңдер


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.


4




















Мағынаны тану.

(20 минут)



















Топтық жұмыс.

«Идеялар синтезі»



















Топ мүшелеріне мәтінмен танысуға тапсырма беріледі.


Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Топ мүшелері өз қызметтерін орындайды.

Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді.


Топ пікірлерін тыңдау (спикерлер қорғайды).


Топтағы оқушылар алдымен өздері оқып шығады, жұппен талдайды, топта талқылайды. Мәтіннің мазмұнын ашады.

Постерге өз ойларын жазып, қорғайды.












5


Ой толғаныс.

(8 минут).


Жеке жұмыс.



Тақырып бойынша үш топ мүшелеріне үш түрлі тапсырма беріледі.


Жұмысты тексеру,

критерийлер бойынша бағалау



Оқушылар парақшада берілген тапсырманы орындайды.


6


Қорытынды






Кері байланыс

(3 минут)


Кезбе тілші әдісі


Сыныптан бір оқушы тілші болып шығып, микрофонды ала отырып кез-келген оқушыларға сұрақтар қоя бастайды.


«Маған не қиын болды, не оңай болды»




Әр оқушы сабақтан алған әсерін тілшінің сұрақтарыа жауап беру арқылы білдіреді.




7



Үй тапсырмасы.


Кейінгі тапсырмалар.




Заттың магниттік жазылуы мен ақпараттың магниттік жазылуы тақырыбын жазу, 5 сұрақ дайындау ол сыни тұрғыдан қойылу керек.


Кейінгі оқу.




РРРРРр

II. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

  1. Тұрақты магнит дегеніміз не?

Жауабы: Магниттелуін ұзақ сақтайтын денелер

  1. Магниттік полюстер?

Жауабы: Магниттің қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын

екі полюсі бар: солтүстік (N) және оңтүстік (S).

  1. Магниттік аномалиялар дегеніміз не?

Жауабы: Жер қойнауындағы жергілікті магнит өрістері

  1. Магнит өрісіне анықтама беріңіз.

Жауабы: Өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге

асатын материяның түрі

  1. Электрмагнит деп нені атаймыз?

Жауабы: Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы

  1. Электрмагниттік реленің құрылысы қандай?

Жауабы: Электрмагниттік реле –ток реттегіш құрал. Ол токтың

жұмыс тізбегін қосқан немесе ажыратқан кезде жұмысқа қосылады.

  1. Электрқозғалтқыш дегеніміз қандай құрал?

Жауабы: Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыратын

электр машинасы

  1. Электрөлшеуіш құралдардың қандай түрлері бар?

Жауабы: Электрөлшеуіш аспаптар магнит өрісіндегі тогы бар

рамаға әрекет ететін күштерді пайдалануға негізделген.

Электрөлшеуіш аспаптар

[pic] [pic]


Магнитэлектрлік Электрмагниттік

9. [pic] Суретті түсіндір.

10. [pic] Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтауға қандай ережені қолданады?

11. [pic] Электрмагнит деп нені атайды? Ол қандай бөлшектерден тұрады?

12. [pic] Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің бағытын сол қол ережесін қолданып қалай анықтауға болады?

13. [pic] электрқозғалтқыш не үшін пайдаланылады?













Берілетін тапсырмалар

Жеке жұмыс «Блум тапсырмасы»

Ақпаратты сақтау мен қайта жаңғыртудың тәсілінің ең көп тараған түрі

2

Түсіну

Ақпараттың магниттік жазылуын түсіндір?

Ақпараттық магниттік жазылу сыртқы өріс болмаған кезде де заттың қалдық магниттелуін сақтау қасиетіне негізделуі

3

Қолдану

СD, DVD-R, DVD-RV дискілерді не үшін, қай жерлерде қолданамыз ?

Ақпараттарлы сақтау, тасу үшін, кез-келген қажетті жағдайда қолданылады.

4

Талдау

СD-R, DVD-RV дискілерді салыстыр?

Ақпараттың өлшемідеріне байланысты дискілерді қолдана аламыз.



Жинақтау

Ақпараттың магниттік жазылуының физикалық мәні неде?

Магниттік құбылыстардың техникада қолданылуы тығыз байланысты

6

Бағалау

DVD-R, DVD-RV дискілерді білудің маңызы қаншалықты?

Өте қажет



Жеке жұмыс. Физикалық диктант

  1. Сыртқы магнит өрісін күшейтетін заттар ферромагнетиктер деп аталады.

  2. Магнетик деп магнит өрісі әрекетінен магниттелетін заттарды айтамыз.

  3. Ферромагнетизм теориясын алғаш француз физигі П. Вейс (1865-1940) жасаған. 

  4. Күміс, қорғасын, шыны, мәрмәр, кварц, висмут сияқты заттар диамагнетиктік қасиеттерге ие болады.

  5. Сонымен парамагнитті заттардың магниттелуі дегеніміз ондағы молекулалық тоқтардың белгілі бір ретпен бағытталуы болып табылады. Парамагнетиктер теориясын жетілдіріп дамытқан П. Жпнжевен (1872-1946) болды.

  6. Тұңғыш рет дыбыс 1885 жылы американдық жаңалық ашушы Томас Альва Эдиссон деген өнертапкыштың құралымен жазылған. Ол фонограф деген аппарат ойлап тапқан.

  7. Диск– есептеуіш техникада – жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын [link] түсіндірмелері фотоға түсірілуі, магниттік таспаға жазылуы және қажет жағдайда қайта шығарылуы мүмкін.


    [pic] [pic]

    Құжаттарды табыстауға арналған бейнетелефон 1 минут ішінде 900 сөзі бар ақпаратты бере алады, осындай ақпаратты радиотелефон арқылы беру 3-4 есе, ал радиотелеграф арқылы беру 20-30 есе көп уақыт алар еді. Бейнетелефон ірі әскери құрамаларда, аэродромдарда және ірі кемелерде (авианосецтерде) қолданылады.



    Бейнемагнитофон—телевизиялық бейнелерді және дауысты магниттік лентаға жазуға және көруге , оқуға арналған құрал.

    Бейнемагнитофон—видио сигналдарының магниттік лентаға жазылуын қамтамасыз етеді.

    Алғаш бейнемагнитофон 1950 ж жасалып шығарылған және ол өте үлкен болған. Оны арнайы студияларда немесе арнайы үлкен автобустарда алып жүрген.

    Алғаш рет бейнемагнитофон 1963 жылдың 24 маусымында Лондондағы Би-Би-Си студиясында қолданылған.






    [pic]

    [pic]



    IV. Жаңа сабақты бекіту: (10 мин)


    Физикалық диктант

    1. Заттың магниттік қасиеттерін сипаттаңыз.

    2. Әр атомдағы ядроның айналасында электрондар бар ма?

    3. Магнит өрісі әрекетінен магниттелетін заттар не деп

    аталады?

    1. Ферромагнетиктер дегеніміз не?

    2. Қандай заттар ферромагнетиктер болып табылады?

    3. Қандай заттарды парамагнетиктер деп атайды?

    4. Парамагнетиктерге нелер жатады?

    5. Диамагнетиктер денегіміз қандай заттар?

    6. Диамагнетиктерге қандай заттар жатады?

    7. Ақпараттың магниттік жазылуы қалай жүзеге асады?



    Insert—түртіп алу стратегиясы бойынша кесте толтырамыз.


    Білемін

    Білгім келеді

    Білдім





















    Пайдаланған әдебиет

    1.Илиясов Е. Физика курсы, А – 1989

    2.    Абдуллаев. Жалпы физика курсы, А – 1993

    3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

    Жалпы физика курсы, II том. Электр. Савельев И. В.«Наука» баспасы, физика-математика әдебиетінің бас редакциясы М., 1970 ж. ИБ № 618

    4. Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова.

    Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық . –Алматы: “Мектеп” баспасы, 2004.—256 бет, суретті.



    V. Бағалау. (2 мин)

    VI. Үйге тапсырма беру: §57,58.