«Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы»
КММ
«Физика пәні сабақтарында
«БиС» технологиясын қолдану практикасы»
Тақырып: «Температура және оны өлшеу тәсілдері»
Физика-10-сынып
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Ақтүйесай орта мектебі
Физика пәні мұғалімі:
Ксебаева Ботагоз Шаймерденовна
2016ж.
Ауызша сабақ-1
БиС технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Температура және оны өлшеу тәсілдері.
Мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалының 63% меңгеруіңдегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жетуге, оқушыларға пәнді сапалы меңгеруге, қызуғышылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: матрица, интерактивті тақтағы слайд, сынып тақтасы
Тақтаға жазу: 63% (+,-) Температура және оны өлшеу тәсілдері.
Сабақ барысы:
І кезең. Ұйыдастыру -2 мин. Оқушыларға матрицадағы бос орындарды белгілеуің, тусіндіру. А1, А2, А3, А4, В1, В2,.......
ІІ кезең. Үй жұмысын тексеру: Молекулалардың өзара, әрекеттесу күштері. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы сұрақтар қояды-8 мин.
Қандай күштерді тебілу күштері дейді ?
Қандай күштерді тартылу күштері дейді ?
Ван –дер-ваальс куштері деген қандай күштер ?
Молекула мен атом қандай бөлшектерден тұрады ?
Молекула мен атом арасында қандай күштер бар ?
Молекулалық күштердің қандай түрлері бар?
Тебілу күштерін сипатта.
Молекулалардың потенциялдық энергиясы немен анықталады ? /
Молекулар арасындағы тартылыс күштері мен тебілу күштері қашықтыққа тәуелді қалай өзгереді?
Потенциалдық шұңқыр деген не?
Зат молекулар арасындағы озара әрекеттесу күшітерінің қорытқы күші олардың арақашықтығына тәуелді екені қалай түсінуге болады?
Зат неше агрегаттық күйде болады ? Мысалы келтір.
Газдарға молекула-кинетикалық теория негізінде сипаттама бер.
Сұйық молекулалрын өздерін қалай ұстайды?
Заттың қатты күйдегін фазасын сипаттап бер.
Өткен тақырыпты оқушылардың меңгергендігін тексеру,матрицаға белгіленген +, - таңбаларын санау,тақтаға жазу.
ІІІ кезең. Жаңа тақырыпты дәптерге жазу. Тақырып бойынша тірек сөздерді интерактивті тақтадан оқу-5 мин.
Макроденелер, микроденелер
Термодинамикалық параметрлер
Термодинамикалық процесс
Температура
Жылулық тепе- теңдік
Термометр
Реперлік нүктелер
Температуралық шкалалар
Фаренгейт шкаласы
Реомюр шкаласы
Цельсий шкаласы
Кельвин шкаласы
Температураның абсолют нолі
Спирттік,сыныптық термометр
Газдық термометр
Электрлік термометр
Пирометр
Кинетикалық энергия
Есте сақтауға -1мин. Ойларын жинау.Шапалақ.Дәптерге жазу-1 мин.
Оқушылар дәптерлерімен алмасады ,қай оқушыда тақырып бойынша 13-14 жазылды, матрицаға + ,- белгілеу,+санау.
ІVкезең. Оқулықпен жұмыс.Оқушылар жаңа тақырыпты оқиды-10мин.Шапалақ.
Ойларын жинау.Уақыт өткен соң бір-біріне қарама-қарсы сұрақтар қояды.
Макроденелер деген не?
Макроденелерді қандай шамалармен сипаттайды?
Термодинамикалық параметлер деп қандай шамаларды айтады?
Оларға қандай физикалық шамалар жатады?
Бір күйден екінші күйге өткенде параметрлер өзгере ме?
Термодинамикалық процесс дегеніміз не?
Макроденелер неден тұрады?
Микроденелердің сипаттамасына не жатады?
Физикалық шамалар қандай ақпарат береді?Мысалы:
Температура ұғымы нені білдіреді?
Жылулық тепе-теңдік дегеніміз не?
Жылулық тепе-теңдікте неше дене жанасады?
Термометр дегеніміз не?
Температураныны өлшеу үшін қандай өзгерістерді пайдаланады?
Термометрлік денелер дегеніміз не?
Реперлік нүктелер дегеніміз не?
Реперлік нүктелерді таңдауға нені қолданады?
Температуралық шкалардың неше түрі бар?
Фаренгейт шкаласы туралы не білдіреді?
Реомюр шкаласы туралы не білесіндер?
Цельсий шкаласы туралы не білесіндер?
Цельсий және Фаренгейт шкаласы арасындағы байланыс қандай?
Кельвин шкаласы туралы не білесіндер?
Температуралық абсолют нөлі деген не?
Цельсий және Кельвин шкаласының арасындағы байланыс қандай?
Термометрдің неше түрі бар?
Спирттік /сынаптық/ термометрлер неге тәуелді?
Электрлік термометрлер неге тәуелді?
Пирометрлер неге тәуелді?
Жылулық қозғалыс деген не?
Молекулалық жылдамдықты, кинетикалық энергияны немен анықтайды?
Жылулық тепе-тендік күй қашан пайда болады?
Молекулярлық орташа кинетикалық энергиянын өлшемі деп нені санайды?
жауап берген оқушыларға матрицаға +,- белгі қою,+ санау.
Vкезең.Жаңа тақырып бойынша сынып тұрғыдан тапсырмаларды орындау -5мин /интерактивті тақтада слайд/.
1.Цельиий және Кельвин шкалалар арасындағы байланыс формуласын жазу.
2.Мына температураларды Кельвин шкаласы арқылы өрнектендер :
270С , -1750С, 00С, 1000С
3.Мына температураларды 0С - та өрнектендер
4К, 180К, 310К, 420К
4.Сынап немесе спирттік термометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріндер.
жауап берген оқушыларға матрицаға +,- белгі қою,+санау.
VІ кезең. Сөз қоры – 6 минут
Оқулықты жабу, жаңа тақырып бойынша эссе жазу, сөйлемдер қысқартылмаған түрде, түсінікті болғандай, әр тірек сөзі сөйлем мүшесі болуы керек.
Уақыт өткен сон оқушылар өздері жазған сөздерін санайды-2мин.
Матрицаға белгілеу.
Ең көп жазған оқушы өз эссесін оқиды -5мин.
Оқушылар күнделікке өз бағаларын өздері қояды-1 минут.
VI кезең.Үйге тапсырма-1мин.
Ескерту: мұғалімде БиС технологиясынан дайын әдістемелік нұсқаулықтар немесе жұмыс дәптері әр оқушыда және мұғалімде болмағандықтан, жоспардың әр кезендерінде дұрыс жауаптарын тексеруге ,бағалауға дайындау керек.
Пайдалынған әдебиеттер: Физика -10 сынып оқулық.
БиС технологиялық карта
Электрондық оқулық -10 сынып