8 сыныпқа арналған функционалдық сауаттылықты тексеру тесті
1-нұсқа
1. Таба ыстық пештің үстінде тұр.Табаның төменгі жағынан оның үстіңгі жағына жылу берілу негізгі қандай әдіс арқылы орындалады?
А. Жылуөткізгіштік.
B. Конвекция.
C. Сәуле шығару.
D. Үшеуі де
E. Дұрыс жауап жоқ
2. 1 суретте үш тәжірибенің сұлбасы көрсетілген.Осылардың ішінде қайсысы конвекцияны сипаттайды?
А. 1, 2.
B. 1, 3.
C. 1, 2, 3.
D. 1.
Е. 2. .
[pic]
3.Егер дене сәуленің энергиясын шығарғаннан гөрі, көбірек жұтса, онда дененің температурасы өзгереді ме?
А. иә, дене қызады;
В. Иә, дене суиды;
С. Өзгермейді.
D.Алдымен қызады, сосын суиды
Е. Дұрыс жауап жоқ
4. Жылу берілудің қандай әдісі арқылы жанып тұрған оттың қасында жылынуға болады?
А. жылуөткізгіштік;
В. конвекция;
С. Сәуле шығару және жылуөткізгіштік.
D. сәуле шығару
Е. Дұрыс жауап жоқ
5. 81 калория қанша Джоульге тең? 37800 Дж қанша килокалорияға тең?
А. 19 Дж
В. 158760 ккал
С. 340,2 Дж
D.340200 Дж
Е. 9 ккал
2-нұсқа
1. Болат пластинаны ыстық электр пешінің үстіне қойды.Қандай әдіс арқылы пластинаның ішкі энергиясы өзгереді?
А. Жылуөткізгіштік.
B. Жұмыс жасау.
C. Жылуөткізгіштік және жұмыс жасау.
D. Оның ішкі энергиясы өзгермейді.
E. Дұрыс жауап жоқ.
2. 1 суретте үш тәжірибенің сұлбасы көрсетілген.Осылардың ішінде қайсысы сәуле шығаруды сипаттайды?
А. 1, 2.
B. 1, 3.
C. 2.
D. 1, 2, 3.
Е. 3.
[pic]
3.Егер дене сәуленің энергиясын жұтқаннан гөрі, көбірек шығарса, онда дененің температурасы өзгереді ме?
А. иә, дене қызады;
В. Иә, дене суиды;
С. Өзгермейді.
D.Алдымен қызады, сосын суиды
Е. Дұрыс жауап жоқ
4. Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшері .....тәуелді болады
А. дененің массасы мен заттың тегіне;
В. Дененің массасы мен температураға;
С. Дененің массасы мен заттың тегіне;
D.Оның температурасының өзгеруіне;
Е. Дұрыс жауап жоқ
5. 8400 Дж қанша калорияға тең?62 ккал қанша Джоульге тең?
А. 20 кал
В. 2000кал
С. 260400 Дж
D.340200 Дж
Е. 260,4 Дж
3-нұсқа
1. Бір стақанда ыстық су, екінші стақанда суық су бар.Әрбір стақанның ішіне сия кесегін салады.Қандай стақанның суы жылдам боялады және неліктен?
А. суық суы бар стақан, себебі оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығы аз;
В. суық суы бар стақан, себебі оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығы көп;
С. ыстық суы бар стақан, себебі оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығы аз;
D. ыстық суы бар стақан, себебі оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығы көп;
Е. Дұрыс жауап жоқ
2. 1 суретте үш тәжірибенің сұлбасы көрсетілген.Осылардың ішінде қайсысы жылуөткізгіштікті сипаттайды?
А. 1, 2.
B. 1, 3.
C. 3.
D. 1.
Е. 2.
[pic]
3. Қызған тетік қай жағдайда тезірек суиды:оны ағаш немесе болат тұғырға орналастырғанда ма?
А. ағаш;
В. болат;
С. Екеуінде де бірдей.
D.Ол суымайды
Е. Дұрыс жауап жоқ
4. Мыстың жылусыйымдылығы 400 Дж/кг С, ал болаттың жылу сыйымдылығы 500 Дж/кг С.
Қайсы дене қаттырақ қызады? Неліктен?
А. мыс;
В. болат;
С. Екеуі де бірдей;
D.Жылу сыйымдылығы аз болатын зат азырақ қызады, ал жылусыйымдылығы көп болатын зат қаттырақ қызады;
Е. Жылу сыйымдылығы аз болатын зат қаттырақ қызады, ал жылусыйымдылығы көп болатын зат азырақ қызады
5. 54 калория қанша Джоульге тең? 42 МДж қанша килокалорияға тең?
А. 226,8 Дж
В. 158760 Дж
С. 340,2 Дж
D.1000 кал
Е. 10000 ккал
Тесттің кілттері Физика 8 сынып
1-нұсқа 2-нұсқа
3-нұсқа
1A
1A
1D
2D
2C
2C
3A
3B
3B
4B,D
4C,D
4A,E
5C,E
5B,C
5A,E