Тұрақты ток тарауын қайталау сабақ жоспары 8 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мерзімі: 26.02.16. Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы : «Тұрақты электр тогы» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

а) «Тұрақты электр тогы» тарауын қайталау және негізгі сұрақтарды пысықтау

ә) Оқушыларды өз бетімен ой қортындыларын жасай білуге дағдыландыру

б) Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: Қайталау-пысықтау сабағы

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап

Құрал-жабдықтар:компьютер, бейнепроектор, слайдтар, вольтметр, амперметр, шам, реостат, ток көзі, қызыл, көк, жасыл түсті дөңгелекше қиылған қағаз,тест тапсырмасы, жауап парағы

Пән аралық байланыс:математика, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІІ. Әділ қазылар алқасын сайлау.

ІҮ. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

Кіріспе сөз.

Серпілген сауал. (сұрақ-жауап)

Кім, жүйрік! Сайысы.

Физикалық формулалар.

Ойлан, тап!

Физикалық тәжірибелер.

1.Кіріспе сөз. Оқушылар осы уақытқа дейін «Тұрақты ток заңдарын» оқып үйрендік, сол алған біліміміздің нәтижесін тексереміз, олай болса бүгінгі сайыс сабағымызды бастаймыз. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді.

Ток күші деген немене?

Кернеу деген немене?

Кедергі деген немене?

Айтыңыздар, балалар!

Білімдіні бағалар.

Үш топтан бір оқушыдан шығып, үшеуі қосылып

Кернеу, ток күші, кедергі

Біз үшеуміз бірігіп

Бір заңдылық құраймыз

Айтыңдаршы ол қай заң?

Бәрі: Ом заңы

І тапсырма. Серпілген сауал. (сұрақ-жауап)


І топ. «Ток күші»

Электр тогы деген не?

Ток күші неге тең?

Ток күшінің өлшем бірлігі?

Ток күшін өлшейтін құрал?

Электр тогының әсерлері?

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы?

ІІ топ. «Кернеу»

Кернеу деген не?

Кернеудің өлшем бірлігі?

Ом заңын пайдаланып кернеуді тап?

Кернеуді өлшейтін құрал?

ЭҚК-і неге тең?

Джоуль-Ленц заңы?

ІІІ топ. «Кедергі»

Өткізгіштің кедергісі неге байланысты болады?

Кедергінің өлшем бірлігі?

Ом заңын пайдаланып кедергіні тап?

Тізбектеп қосқанда жалпы кедергі неге тең?

Параллель қосқанда жалпы кедергі неге тең?

Меншікті кедергі деген не?


ІІ тапсырма. «Кім жүйрік?» Есептер шығару кезеңі.

І топ.

Өткізгіш сымның ұштарындағы кернеу 200 В, ал тізбектегі ток күші 5 А болса, сым арқылы 3 минутта қанша жылу бөлініп шығады?

Шешуі: Q = IUt = 5 A * 200 B *180 cek = 180 кДж

ІІ топ.

3.Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар.

t=10мин=600 c

q=300Кл I=?

I=

I==0.5A

ІІІ топ.

Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3с жұмыс істегенде ,ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.

ІІІ тапсырма. А)Бұл қай ғалым?

В) Сәйкестікті тап.

(А3 қағазға жазылған формулаларды толықтырып жазады.)

ІҮ тапсырма. «Ойлан, тап!»

А3 қағазға сызылған схема бойынша есептер шығарады.

Ү тапсырма. «Тәжірибелер жасау» Әр топ тізбек құрастырып тәжірибе жасайды.

І топ. Ток жұмысын анықтау.

ІІ топ. Ток қуатын анықтау.

ІІІ топ. Ток күші мен кернеу, кедергіні анықтау.

Қорытынды.























І топ.

Өткізгіш сымның ұштарындағы кернеу 200 В, ал тізбектегі ток күші 5 А болса, сым арқылы 3 минутта қанша жылу бөлініп шығады?


ІІ топ.

3.Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар.


ІІІ топ.

Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3с жұмыс істегенде ,ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.



І топ. Ток жұмысын анықтау.



ІІ топ. Ток қуатын анықтау.



ІІІ топ. Ток күші мен кернеу, кедергіні анықтау.













\

Ампер Андре Мари (1775 ж. Лион қаласы - 1836) - атақты француз ғалымы. Оның әкесi Жан Жак Ампер өте бiлiмдi адам болған. Ешқашан мектепке бармағанына қарамастан, әкесiнiң жинаған кiтапханасын түгел оқып тауысып, үйде терең бiлiм алған. Лион академиясында математикадан алғаш рет 13 жасында баяндама жасаған. 18 жасында грек, латын, итальян тiлдерiн меңгерген, физика, жоғары математика, ботаника және әдебиет салаларында терең бiлiмдi болған. Ұлы француз революциясынан кейiн Ампер алғашында Лион қаласында, кейiннен Буржеде математика және физика пәндерiнiң мұғалiмi болып iстеген. Кейiнiрек Парижге қоныс аударып, политехникалық мектепке қызметке тұрған, ал 1808 ж. Париж университеттерiнiң бас инспекторы болып тағайындалған. 1814 ж. өз бетiнше Авогадро заңын ашқан. Өзiнiң барлық бос уақытын химия, дифференциалдық теңдеулер және ықтималдық теорияларына арнаған.

Бұл ғалым Италияның Милана қаласында дүниеге келген. 1774-1779 ж.ж. Комо қаласындағы гимназияда физикадан сабақ берген. Оның ғылыми жұмыстары электричествога, химия және физиологияға арналды. Ол әр түрлі электрлік приборларды (электрофор, электрометр, конденсатор, электроскоп) ойлап тапты. Бұл қай ғалым?



Ом, Георг Симон ( [link] физигi. 1805-1806 жылдары Эрланген университетiнде оқыды. Әр түрлi гимназияларда математика мен физикадан сабақ бердi. 1826 ж. эксперименттер арқылы ток күшiн, кернеу және кедергiнiң бiр-бiрiмен байланысын өрнектейтiн электр тiзбегiнiң негiзгi заңын ашты. Ол электр ток заңын Фурье тұжырымдаған жылу ағынының заңымен салыстырды. Температуралар айырымына ұқсастығы арқылы “электр кернеулерiнiң түсуi" деген ұғым енгiздi. “Электр қозғаушы күш"(ЭҚК), “өткiзгiштiк" деген ұғымдарды да ол енгiзген. 1830 ж. Ом алғаш рет ток көзiнiң электр қозғаушы күшiн өлшедi.