Сабақтың тақырыбы: Баламалы энергия-жарқын болашақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жастарды энергия үнемдеу ісіне деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, олардың экологиялық сана-сезімдерін ояту, энергияны пайдалану, энергия мен энергия ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару;
Тәрбиелілік: Оқушыларды энергия және ресурстарды үнемдеу бойынша пайдалы іске тарту;
Дамытушылық: Оқушылардың ғылыми зерттеу және білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру қызығушылығын ынталандыру.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер, слайд. Сабақтың түрі: Пікірталас сабағы. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сәлематсыздар ма! Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Баламалы энергия-жарқын болашақ» деп аталады. Бұл сабақтың мақсаты: «1. Жастарды энергия үнемдеу ісіне деген көзқарасын қалыптастырып, олардың сана-сезімдерін ояту;
2. Энергияны пайдалану, энергия мен энергия ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару;
3. Оқушыларды энергия және ресурстарды үнемдеу бойынша пайдалы іске тарту;
4.Оқушыларды ғылыми зерттеу және білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру қызығушылығын ынталандыру.» Сабақты өткізу үшін сыныпты 4 топқа бөліп ,әр топқа өздеріне тақырып бөлініп берілген . Сол тақырып бойынша олар өз пікірлерін айтып қорғайды. Ал енді сіздерді сол топтың басшыларымен таныстырайын. І топ. Тақырыбы «Жел электр станциясы.» Топ басшысы: Белгібаева Мая. ( Аудандық ғылыми-шығармашылық жұмысқа қатысып ІІІ орынды иеленді.) ІІ топ. Тақырыбы: «Күн электр станциясы.» Топ басшысы: Рысқұлова Жазира. ( Аудандық ғылыми-шығармашылық жұмысқа қатысып Алғыс хатпен марапатталды.) ІІІ топ. Тақырыбы: «Атом электр станциясы.» Топ басшысы: Кеңесбек Шалқар. (Айтыскер,ақын)
ІV топ. Тақырыбы:«Су электр станциясы.» Топ басшысы: Мырзақұлова Жансая. (Үнді биінің шебері)
Ендігі сөз кезегін оқушыларға берейін.
Темірқұлов Бекнұр. Сәлематсыздарма! Пікірталасқа келе жатып Жерден мынадай хабар алдым. Ол менен өзіне көмектесуін сұрапты.
Жер: О, Адамзат мен Жермін, менің зар-мұңымды тыңдаңдар!
Мен 5–миллиард жыл бұрын пайда болып, тіршілікке қажетті жағдайларды сақтап келдім. Саналы да, ақыл иесі АДАМ пайда болғанда, мен қандай қуандым десеңізші, себебі маған ие болатын, қорғап сақтай алатын иегерім бар деп есептедім. Менің бүгінім және ертеңім саған байланысты боларына сендім. Әттегенай, бірақ сен өзіңді менің байлығымның Патшасы секілді сезініп,жеке басыңды ғана ойлап, қажеттілігіңді толық қанағаттандырып осы күнге дейін емін еркін өмір сүріп келдің.Санаң өсіп,саның көбейген сайын, бір-біріңмен бәсекелесе отырып, еш аямай қойнауымдағы бар байлықты таласа-тармаса пайдаландың. Соның нәтижесінде тесілмеген жерім, қазылмаған қойнауым, ластанбаған өзен-көлім қалмады. Жасыл желегіме, аң құстарыма қауіп төнді.
Адам! Шыныңды айт,осы мәселелер туралы ой толғаған жоқсын. Уақыт өткен сайын мен әлсіреп барамын.Егер маған деген көзқарасыңды өзгертпесең, экологиялық мәдениетіңді көтермесең, өмірінің жалғасы-ұрпағыңа не қалдырасың!!! Сол ұрпағың жер бетінде алаңсыз, сен сияқты көсіліп өмір сүре ала ма?!
Адамдар өз анасына,қандай құрмет көрсетсе, маған,яғни Жерге де сондай қамқорлық жасауың керек ғой! Менде тіршілік көзі сарқылмағанда ғана, адамзат өміріне мәңгі жол ашылады, ұрпақ жалғастығы болады. Ойлан, АДАМ!
Темірқұлов Бекнұр: Біз жерге сонда зиян келтіреміз бе,қалай? Ұқпадым. Әй энергия көздерім, бері жақындап келіңдерші, не біз сіздерді өз қажеттігімізге қарай пайдаланып тіршілік жасап келеміз. Сонда сіздерден мына жер жапа шеге ме?!
І топ: Ия, мысалы көмірді алайық. Адам,күнделікті шектеусіз пайдаланады, оның да шектеулі қоры бар. Оны жаға отырып, жерге де, өзімізге де зиян келтіреміз. Біз оны пайдаланып– жерді де,жердің атмосферасын да ластаймыз, себебі, ол жанғанда оттегіні жұтады, ауаға көмірқышқыл газын бөледі. Оны жерден қазамыз. Бірақ қазған орнын жай қалдырамыз. Сол жерде қуыс пайда болады. Барлығы осылай жалғаса берсе,онда жер опырылып, көптеген қала, аудандар жердің астына кететін де шығар.Көмірдің қоры күннен-күнге азайып барады. Ал біз сол мәселені шешу үшін ешқандай әрекет жасамаймыз. Бірақ көмірсіз өмірің тоқтатылуы мүмкін екендігін білесің бе?
[link] ойпатымен жалғастырады. Осы жердегі жел ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені анықталды. Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташажылдамдығы 6,8 — 7,8 м/с, ал жел электрстанциялары 4-5 м/с-тан бастап энергия бере бастайды. Желдің қарама-қарсы бағытқа өзгеруі сирек болуына байланысты мұнда турбиналы ротор типті желқондырғысын орнату тиімді. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге және әсіресе, қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Темірқұлов Бекнұр: Біз желді бұрыннан пайдаланып келеміз ғой.
І топ: Дұрыс айтасыз, бірнеше мыңдаған жылдар бойы адам желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге танымал. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық, Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әр қилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әр түрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Дания елінің климаттық жағдайын ескерер болсақ, фотоэлектрлік жүйемен қамтамасыз етілген энергия қыста - 18% , ал жазда - 100% берсе ,ал жел станциясынан алынатын энергия қыста – 100%, жазда-55% береді екен. Осындай үйлесімділікпен қарастырылған желқондырғысы мен фотоэлектрлік жүйеден тұратын желқондырғысын біріктіріп пайдаланған, әрине тиімдірек болады, жеке пайдаланғаннан гөрі. Жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады.
Темірқұлов Бекнұр: Не сонда желдің жерге, адамға, табиғатқа еш зияны жоқ па?
І топ: Ол да дұрыс сұрақ. Жел энергиясы қуаныш әкелгенмен, оның зиянды да әрекеті бар. Желқондырғылардың айналып тұратын қалақшалары, механизмі, айнала ортаға дыбыс шуын шығарады,40 децибелдан асатын дыбыс толқындары, адам организміне зиянды әрекетін тигізеді. Мысалы шу деңгейінің жоғары болуы дыбыс құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатып, организмнің жүйке-психологиялық әрекетіне зиянын тигізеді. Желқондырғылары бір-бірінен мұнара биіктігімен салыстырғанда 5-10 есе қашықтықта орналасуы тиіс, осы территорияда орналасқан желқондырғылар аймағында ешқандай ғимарат, орман болмауын ескеру қажет.
Құстар жоғары кернеу жиліктері мен антеннамен, ғимарат терезелерімен, кейде автомобиль терезесімен соқтығысып мертігіп жатады. Кейбір желқондырғысы мұнарасының жоғары жағында қонақтайды, бұл бұлардың өміріне қауіп әкеледі. Жел қондырғыларын салған кезде құстардың ұшу миграция маршрутын ескеру қажет.Жел қондырғысының металл бөліктері айналғанда қуатты дыбыс тербелістерін туғызады, сол маңайдағы радиотолқындармен жұмыс істейтін телевизиялық радио құрылғыларға кері әсерін тигізеді. Әрине телевизиялық немесе радио ретрансляторын орнату қиын емес, бірақ та бұл да арзанға түспейді.
Темірқұлов Бекнұр: Біз желді ғана қолдана отырып, барлық проблемаларды шеше аламыз ба?
І топ: Әрине, жоқ. Жел үнемі бір жылдамдықпен соқпайды ғой. Сондықтан оның күші аз болғанда баламалы басқа энергияны пайдалану керек. Мәселен, су және күн энергиясын.
ІV топ. Иә, су, ол да өте керек.
Темірқұлов Бекнұр: Неге? Судың қандай пайдасы бар бұл жерде?
ІV топ. Су арқылы су электр станцияларында электр тогын алып жүрміз.
Темірқұлов Бекнұр: Суды пайдалансақ, газды сақтап қалуымызға мүмкіндік болады ғой,оны үнемдейміз деген сөз.
ІV топ. Әрине, дұрыс айтасыз. 1902 жылы алғаш рет Зырян кешенінде Су электр станциясын тұрғыздық. Қазіргі уақытта Қазақстанда ғана 200-ге жуық орны бар. Қазақстанда өте көп мол сулы өзендер бар. Сонда, бір өзенге қатарынан бірнеше су электр станцияларын орнатып, бүкіл Қазақстанды әрі арзан, әрі таза энергия көзімен қамтамысыз етіледі! Соның көмегімен экологиялық таза транспорт түрлері трамвай, троллейбус, электрпойыздарын, электр тогымен жүретін автомобильдерді көптеп қолданып, экологиялық мәселені шешеміз. Менің жылу электростанциялардан айырмашылығым олар көмірді жаға отырып, ауаны ластайды,зиянын келтіреді.Небір әсем ғимараттардың сыртын тоздырып қарайтып жібереді. Қандай екенін түсіндіңіз бе?
Темірқұлов Бекнұр: Иә, мәселе шешілді... Ал, Күн туралы сіздер өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
ІІ топ: иә, Адам, жылуды да, жарықты да Күннен алады. Күннің берері мол. Сәулелері - Жердің негізгі энергия көзі, экология жағынан да зияны жоқ. Адам , күннің көмегіммен және де басқа баламалы энергия көздерімен жер ғаламшарын және жердегі тіршілігіңді сақтайды, парниктік эффект болдырмайды,қазір бүкіл әлем табиғаттың жаһандық деңгейде өзгеру жағдайының алдында тұр және әлемдегі ешбір мемлекет бұл мәселеден тыс қала алмайды. Соңғы 100 жыл ішінде климаттың жылыну деңгейі 1 градусқа жеткен. Ал бостан-бос шығындалған әрбір киловат энергия атмосфераға жіберілген парниктік газ. Бұны сіз әрдайым есте ұстауыңыз керек. Өйткені ол жердегі табиғат жағдайына төнген қауіп. Күннің саған зиянынан гөрі, әкелетін пайдасы әлдеқайда көп. Күн батареяларының көмегімен техникалық бұйымдардан бастап, ғарыш кемелеріне дейін өз энергиясын бере алады, үйді жылытады. Күн электр станциясында атмосфераға да зияны жоқ. Сәулелері электр қуатын бөлу арқылы жердің байлықтарын сақтап қалады. Артықшылығы да оның осында - қолжетімділігі, сарқылмайтындығы, қауіпсіздігі. Адам, өз жеріңді аяла, оны қорғай біл! Берілген мүмкіндіктерді игілігіңе қолдан, іске жарат! Сонда ғана уайымсыз ғұмыр кешесің!
Темірқұлов Бекнұр: бірақ, қазір біздің өміріміз жаман емес, болашақ туралы неге қазір ойлауымыз керек?
ІІ топ: Қазір сіздің өміріңіз жақсы болғанмен,болашақта мына жер ғаламшары құрып кеткелі тұр ғой! Болашақты қазірден бастап ойлауымыз керек. Пайдалы ресурстарды үнемдеу үшін, баламалы энергия көзін пайдалану қажет. Себебі, бүгінгі күнде отын түрлерінің қоры күннен күнге азаюда. Сіздің сұрағыңызға жауап берейін, баламалы энергиясыз болашаққа көз салайықшы- 2050 жыл.
Слайдтар:
«Баламалы энергиясыз болашақ»
Немесе керісінше баламалы энергияны қолданғанда біздің болашағымыз осындай болады.
Слайд- «Баламалы энергия көзін пайдаланғандағы ел ертеңі»
Темірқұлов Бекнұр: Ааа, енді ғана түсіндім... Мен түсіндім. Бізге болашақта өмірді жалғастыру үшін міндетті түрде баламалы энергия көзі қажет. 2017 жылы мен «ЭКСПО-2017» көрмесін өткіземіз... Көрмеде болашақтың мәселесін шешуге тырысамыз. Себебі, жарқын болашағымыз-өзіміздің қолымызда!!!!