Механикалық қозғалыс. Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


1 сабақ

10 сынып Сабақ жоспары күні:

Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға механикалық қозғалыс, денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері туралы толық түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Бақылау жұмысы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Бақылау жұмысын жазу

3.Сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақты түсіндіру

Денелердің қозғалысын және оны сипаттайтын шамалардың арасындағы байланысты қарастыратын механика бөлімі кинематика деп аталады.

Біз үнемі қозғалыстағы денелер ортасында өмір сүреміз, сондықтан бұл құбылыс бізге жақсы таныс сиқты болып көрінеді де, оған терең үңіле бермейміз. Механикалық қозғалыс деп аталатын дененің ең қарапайым қозғалысын, яғни оның кеңістіктегі орнының өзгеруін қарастырайық. Дененің қозғалысын сипаттауға талпыныс жасап, оны сипаттау үшін ненің қажет болатынын анықтайық.

І. Материялық нүкте. Егер қозғалыстың алуан түрлілігін және оның күрделілігін ескерсек, онда нақты қозғалысты сипаттау өте қиын мәселе болып табылады. Физикада күрделі объектілер мен құбылыстарды зерделеу үшін модельдеу әдісі пайдаланылады.

Материялық нүкте деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері мен пішінін ескермеуге болатын денені айтады.

ІІ. Санақ жүйесі. Дене қозғалысын бақылаған кезде, біз оның уақыт өтуіне қарай орын ауыстырғанын басқа денеге қатысты қарастырамыз. Сондықтан дененің қозғалыста немесе тыныштықта тұрғанын анықтау үшін алдын ала екінші дене таңдап алынады. Мұндай дене санақ денесі деп аталады.

Санақ денесімен байланысқан координаталар осі мен уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйені санақ жүйесі деп атайды.

ІІІ. Траектория. Материалық нүктенің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістік нүктелерінің жиынтығы траектория деп аталады.

IV. Жол. Жол – бақылау уақыты аралығында дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы.

V. Орын ауыстыру. Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді орын ауыстыру деп аталады.

VІ. Жылдамдық. Материялық нүктенің қозғалысын сипаттау үшін жылдамдық ұғымы енгізіледі.

Физикада дене қозғалысының шапшаңдығымен қатар оның қозғалыс бағытын да сипаттайтын векторлық шаманы жылдамдық деп атайды.

Сабақты бекіту сұрақтары

1.Механикалық қозғалыс деп нені айтады?

2.Санақ жүйесі дегеніміз не?

Үйге тапсырма беру. Қайталау.





























Сыныбы: 10 Күні: 15.11.2010ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға дене импульсі және импульстің сақталу заңы туралы толық түсінік беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды бірізділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақты түсіндіру

3.Жаңа сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақты түсіндіру

Біз бұл тарауда екі сақталу заңын: импульстің және энергияның сақталу заңдарын қарастырамыз. Бұл заңдар механиканың барлық заңдарының ішінде ең маңызды орынды иеленеді. Механикада сақталу заңдары әр түрлі өзара әрекеттесулер кезінде туындайтын денелер қозғалысын сипаттауға мүмкіндік береді.

Өздеріңе белгілі импульс, жұмыс, энергия, қуат сияқты физикалық шамаларды қарастырып, оларды есімізге түсірейік. Бұл шамаларды білу бізге сақталу заңдарын түсінуге көмектеседі.

Дене импульсі

Денелердің механикалық қозғалысын сипаттайтын физикалық шамаларға дене импульсі жатады.

Дене импульсі дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама:



Жылдамдық вектор болғандықтан, оның массасына көбейтіндісі де вектор болып табылады, яғни дене импульсі – векторлық шама. Импульс әрқашан жылдамдықтың бағытымен бағытталады, SI жүйесіндегі бірлігі секундына килограмм метр .

«Мен ойлай аламын, демек, мен бармын» деген тұжырымын өзінің философиясының негізгі принципі санаған француз ғалымы Рене Декарт «импульс ұғымын енгізген болатын». Алайда, Декарт бұл шаманы «қозғалыс мөлшері» деп еді. Ол кезде масса ұғымы физикада қалыптаспаған, сондықтан, ол импульсті дене шамасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісі деп анықтады. Бұл анықтаманы И. Ньютон нақтылай түсті, алайда ол да Декарт сияқты бұл шаманы «қозғалыс мөлшері» деп атады. Импульс термині кейінірек енгізілді.

Уақыттың аралығы ішінде күшінің әрекеті салдарынан дене импульсі өзгереді демек:



Мұндағы дене импульсінің өзгерісі. шамасын күш импульсі деп атайды.

Күш импульсі де векторлық шама болып табылады. Күш импульсі векторының бағыты әрекет етуші күш бағытымен сәйкес келеді.Күш импульсінің SI жүйесіндегі бірлігі – Ньютон*секунд.

Бұл ұғымдарды пайдалана отырып, Ньютонның екінші заңын импульстік түсінік тұрғысынан былайша тұжырымдауға болады: дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.

Импульстің сақталатынына тарихта бірінші болып Р.Декарт назар аударады. Өзінің белгісіз оқырманға жіберген хаттарының бірінде ол: «Ғалам кеңістігінде, барлық пайда болған материяда ешқашан артпайтын әрі азаймайтын қозғалыс мөлшері бар деп санаймын, егер бір дене екінші денені қозғалысқа келтірсе, онда ол екінші денеге қанша қозғалыс берсе, сонша қозғалысын жоғалтады», - деп жазды.



Алынған теңдікке көңіл аударып, мына қорытындыға келеміз: өзара әрекеттескенге дейінгі жүйе импульсі өзара әрекеттескенге дейінгі жүйе импульсі өзара әрекеттескеннен кейінгі жүйе импульсіне тең.

Импульстің сақталу заңы және ол былайша оқылады:

тұйық жүйеде өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің векторлық қосындысы өзгеріссіз қалады.

Сабақты бекіту сұрақтары

1.Импульстің сақталу заңының мәні неде?

2.Денелердің соқтығысуы негізінде импульстің сақталу заңы қалай көрініс табады?

Үйге тапсырма беру. 12, 13-оқу.

































Сыныбы: 10 Күні:05.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыстың тәуелсіздік принципі. Еркін түсу. Ауырлық күші әсерінен дененің қозғалысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға қозғалыстың тәуелсіздік принципі, еркін түсу , ауырлық күшінің әсерінен дененің қозғалысы туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карталар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма



Жаңа сабақты түсіндіру

Еркін түсу деп дененің тек бір ғана күштің – ауырлық күшінің әрекетінен болатын қозғалысын айтады. Еркін түсетін дененің қозғалыс теңдеуінің түрі үдеуі а-ға тең айнымалы қозғалістың теңдеуіне ұқсас болады.

Вертикаль жоғары лақтырылған дененің қозғалысын қарастырайық. Лақтыру нүктесін координаталар басы ретінде аламыз. Сонда дененің координатасы :



ал жылдамдық



заңы бойынша өзгереді.

Бұл теңдеулер дененің тек ең жоғарғы нүктеге дейінгі қозғалысын ғана емес, вертикаль жоғарғы лақтырылған дененің барлық қозғалысын сипаттайды. Шынында, бұл теңдеулерді жазғанда математикаға жүгінеміз, теңдеуге t-нің кез келген мәнін қоюға болады.

Итальяндық физик Г.Галилей алғаш рет Жер бетіндегі еркін түсу үдеуін анықтады. Ол атақты Пиза мұнарасынан массалары әр түрлі денелерді лақтыра отырып , осы денелердің 9,8 м/с2-қа тең бірдей үдеумен құлайтынын есептеді. Бүкіләлемдік тартылыс заңын қолданып, ағылшынның ұлы физигі И.Ньютон Жер бетіндегі еркін түсу үдеуін есептеді. Ол шама 9,8 м/с2-қа тең болып шықты.

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Қандай қозғалыс еркін түсу деп аталады?

  2. Еркін түсу қозғалыстардың қай түріне жатады?

  3. Қозғалыс пен траектория теңдеулерінің айырмашылығы неде?



Үйге тапсырма беру: §1.3 оқу





































Сыныбы: 10 Күні:09.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: 1-зертханалық жұмыс “Дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу”

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға зертханалық жұмысты түсіндіру және орындату.

Дамытушылық:

Оқушылардың физикадан алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сантиметрлік бөлігі бар өлшеуіш лента, 2-3 таза және көшірме қағаз , жапсырма лента

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

  1. Зертханалық жұмысты орындату

  2. Сабақты бекіту

  3. Үйге тапсырма

Зертханалық жұмыс

Горизонталь бетте көкжиекке әр түрлі бұрыш жасай оқ атқанда оның ұшу қашықтығы мына формуламен өрнектеледі:



Бұл формуладан оқтың -қа дейін ұшу бұрышын өзгерткенде оның ұшу қашықтығы әуелі кейбір мәнге дейін артады да, сосын нөлге дейін кемитіні көрінеді.

Ж ұ м ы с т ы ң о р ы н д а л у т ә р т і б і

  1. Дәптерге өлшеулер мен есептеулер нәтижесі жазылатын кесте дайындаңдар.



1-кесте


Шариктің орташа ұшу қашықтығы l, см











2. Әрбір бұрыш үшін шариктің түскен қашықтығының орташа мәнін өлшеңдер. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.





Сабақты бекіту сұрақтары

1. Қай бұрышпен атқанда шариктің ұшу қашықтығы ең үлкен мәнге ие болады?

2.Қай бұрышпен атқанда ұшу қашықтықтары шамамен бірдей және осы бұрыштардың қосындысы неге тең? Бұл ұшу қашықтығын анықтайтын формуламен сәйкес келе ме?





Үйге тапсырма беру: Қайталау















































Сыныбы: 10 Күні:10.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Галилей түрлендірулері. Инерциялық санақ

жүйелері. Механикалық қозғалыстың

салыстырмалылығына есептерді шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға Галилей түрлендірулері туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

Галилей бойынша жылдамдықтарды қосу заңын пайдаланып төмендегі есептерді өз беттерінше шешіңдер.

а/ Жүзгіштің жағдайын бұдан әрі қиындата түейік. Жүзгіш әлсіз, оның υ суға қатысты жылдамдығы ағыс жылдамдығынан екі есе кіші, яғни U=2υ болсын. Ол қанша тырысса да, ағыс оныалып кетеді. Ағыстың ығыстыруы аз болу үшін ол жағаға қатысты қандай 𝛂 бұрышын таңдауы керек? Осы кезде оны қанша қашықтыққа алып кетеді?



2-мысал. Кеме А нүктесінен шығып, АВ түзуімен 𝛂 бұрыш жасайтын υ жылдамдықпен келеді. Кемеге тигізу үшін торпеданы В нүктесінен АВ түзуіне қандай бұрышпен жіберген дұрыс? Кеме А нүктеснде болғанда торпеда жіберіледі. Торпеданың жылдамдығы U.

Шешуі: ;

Салыстырмалы жылдамдық υ= немес жалпы түрде

υ=





Үйге тапсырма беру: §1.6 оқу





































Сыныбы: 10 Күні: 12.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы (бірқалыпты, бірқалыпты емес)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға тақырыпты толық түсіндіру, физикалық формула жүйесімен қаруландыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік:

Оқушылардың өз көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, оқулықтар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы кезінде нүктенің R радиус векторы кез келген бірдей t уақыт аралықтарында бірдей φ бұрыштар сызады. Бұрыштық жылдамдық деп аталатын қатынасы тұрақты болып қалады.



ω

аламыз.

Осы кезде мұндай қозғалыс жылдамдығының модулі



υ немесе υ2

  1. Шеңбер бойымен бірқалыпты айнымалы қозғалыс жасайтын материялық нүктенің радиус векторы бірдей уақыт аралықтары ішінде бірқалыпты артып отыратын Δφ бұрыш сызып отырады, яғни айналмалы қозғалыстың бұрыштық жылдамдығы өзгеріп отырады.





Сабақты бекіту

  1. Қандай қозғалыс айналмалы деп аталады?

  2. Бұрыштық орын ауыстыру деп нені түсіну керек ?

  3. Бұрыштық деп қандай жылдамдықты айтады?



Үйге тапсырма беру: §1.7 оқу





































Сыныбы: 10 Күні:16.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Нүктенің ілгерілмелі қозғалысының динамикасы. Ньютон заңдары. Есептерді шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырыпты толық, мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

Дамытушылық: Есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақ

3.Сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма

Жаңа сабақ

Динамика – механикалық қозғалысты, оны тудыратын себептерді ескере отырып зерттейтін механиканың бөлімі. Қозғалыстың себебі ертеден адамзатты қызықтырып келеді. Алғашқы боп қозғалыстың себебін түсіндіруге тырысқан Аристотельдің ойынша, дененің қалыпты күйі-тыныштық және ол тыныштыққа ұмтылады. А р и с т о т е л ь денеге түсірілген қортықы күш оның қозғалысына себеп болады деп ұйғарды. Бұл ұйғарымды Галилей тәжірибелері жоққа шығарды. Шындығында, көлбеу жазықтықтан домалап түскен шардың қозғалысына әрекет ететін барлық күштерді жойсақ, онда шар шексіз ұзақ бірқалыпты түзусызықты қозғала берер еді. Осыған байланысты Г а л и л е й мынадай принципті ұсынады: егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе күштер түсірілген болса, онда дене өзінің тыныштық күйін немесе күштер теңгерілген болса, онда дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалыс күйін шексіз ұзақ сақтайды.

Ньютонның бірінші заңы: егер денеге түсірілген барлық күштер өзара түсірілген барлық күштер өзара теңгерілген болса, онда дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайтын санақ жүйелері болады.

Ньютонның екінші заңы: денеге түсірілген қорытқы күш оның қозғалысының өзгеру себебі болып табылады. Қозғалыстағы дененің үдеуі денеге түсірілген дененің массасына кері пропорционал, ал үдкудің бағыты қорытқы күш бағытымен бағыттас

=



Ньютонның үшінші заңы:



Бұл күштер бір-бірін теңгермейді, себебі олар әр түрлі денелерге түсірілген.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Күш дегеніміз не ? Күш қалай пайда болады?

  2. Күш әрекетінің әсері неге тәуелді?

  3. Ньютонның бірінші,екінші заңдарын тұжырымдаңдар?

Үйге тапсырма беру. 2,1 тақырыпты оқу

Бағалау. Оқушыларды біліміне қарай бағалау.

















Сыныбы: 10 Күні: 17.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Механиканың негізгі ұйымдары мен теңдеулері.Есептерді шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға механиканың негізгі ұймдары мен теңдеулері туралы толық түсінік беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды бірізділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақты түсіндіру

3.Жаңа сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақты түсіндіру

Механика-материялық денелер қозғаласы және олардың өзара әрекеттесуі туралы ежелгі ғылымдардың бірі. Механика термині mechanike деген грек тілінен аударғанда ‘бейімделу’,“машина” деген ұғымды береді.

Бізді қоршағандардың барлығы да материя деп аталады. Материяның екі түрі болады,зат және өріс.

Зат дегеніміз-материяның атомдардан,молекулалардан немесе жалпы айтқанда, тыныштық массасы бар құрылымдық бөлшектерден тұратын түрі.Өрісдегеніміз-материяның,зат бөлшектерінің арасындағы өзара әрекеттесулерді қамтамасыз ететін түрі,яғни өріс заттың өзінің бөлшектерінің арасындағы немесе түрліше денелер арсындағы өзара әрекеттесуді тудыруға итермелейді.

Механикалық қозғалыс деп дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі аталады. Траектория дегеніміз-дененің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістіктегі нүктелерінің жиынтығы.

Механикалық қозғалысты түрліше тәсілдермен сипаттауға болады.

1.Координаталық тәсіл

2.Векторлық тәсіл

3.Қисықсызықты координатолар тәсілі

Кинематика формулалары

+

+











Сабақты бекіту сұрақтары

1.Материя деп нені айтамыз?

2.Санақ жүйесі дегеніміз не?

Үйге тапсырма беру. 1.1, 1.2,-оқу.

































Сыныбы: 10 Күні: 19.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: №1- өздік жұмыс «Ілгерілмелі қозғалыстың кинематикасы мен динамикасы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға «Ілгерілмелі қозғалыстың кинематикасы мен динамикасы»

тақырыбына өздік жұмыс жаздыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карталар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Өздік жұмысын тексеру

  3. Үйге тапсырма



Өздік жұмыс

Оқушыларға «Ілгерілмелі қозғалыстың кинематикасы мен динамикасы»

тақырыбына өздік жұмыс жаздыру және оны қорғату.







Үйге тапсырма беру:



Өткен сабақты қайталау









Сыныбы: 10 Күні: 23.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Статика элементтері. Есептер шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға тақырыпты толық түсіндіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың физикадан алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карта, оқулықтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Үйге тапсырма беру

5. Оқушылардың білімін бағалау



Жаңа сабақты түсіндіру

Механикалық қатты денелердің тепе – теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімін статика деп атайды. Тепе-теңдік деп дененің тыныштықта, бірқалыпты түзусызықты қозғалыста немесе қозғалмайтын оське қатысты бірқалыпты айналып тұрған күйін айтамыз.

Дененің тыныштықта немесе бірқалпты қозғалыста болу шарты тікелей Ньютонның бірінші заңынан шығады, яғни денеге түсірілген барлық қорытқы күші нөлге тең болуы керек:





Статикалық процестер динамикалық процестің сызықтық және бұрыштық үдеулері жоқ кездегі дербес жағдайы болып табылады, сондықтан статикалық есептерді шығарудың динамикалық есептерді шығарудың динамикалық есептерді шығарудан айырмашылығы жоқ дерлік.



Сабақты бекіту сұрақтары



  1. Денелердің тепе-теңдігі деп нені айтады?

  2. Сендер тепе-теңдіктің қандай түрлерін білесіңдер?



Үйге тапсырма беру:



    1. тақырыпты оқу



















































Сыныбы: 10 Күні: 24.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын И. Ньютон 1666ж. Айдың Жерді айнала қозғалысын астрономиялық бақылаулардың негізінде ашты. Ньютонның данышпандылығы мынада еді. Жер бетіне жуық маңайда «алмаға» әрекет ететін және оған g=9,81 м/с2 үдеу беретін күш Айға да әрекет етіп, оған центрге тартқыш үдеу беріп, оны жерге құлауға мәжбүр ететінін түсінді.

Центрге тартқыш үдеу Жердің центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал кемиді. Сонымен қатар Жер мен біздің «алманың» арасындағы өзара әрекеттесу күші өзара әрекеттесетін массаларға тура пропорционал, яғни

F-Mm.

Гравитациялық тұрақтының физикалық мағынасы: бұл тұрақты бір-бірінен бірлік қашықтықта орналасқан бірлік массалы денелердің өзара қандай күшпен әрекеттесетінін көрсетеді.



аларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтығының квадратына кері пропорционал

Мектеп деңгейінде бүкіләлемдік тартылыс заңын көптеген құбылыстарды түсіндіруге негіз болып, ғылыми дәлелденген тәжірибелік дерек деп қабылдау керек. Оның көмегімен Нептун планетасы ашылды, ғарыш аппараттарының қозғалыс траекториялары есептеледі, сонымен қатар Күннің және Айдың тұтылу уақыттарын, серіктері бар планеталардың массаларын, тіптен бізге жақын орналасқан планеталардың, жұлдыздардың массаларын анықтай аламыз.

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Гравитациялық тұрақтының физикалық мағынасы қандай?



Үйге тапсырма беру:



§ 2.6 оқу



















Сыныбы: 10 Күні:26.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Тартылыс өрісіндегі потенциялдық энергия.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Мысалдар келтіре отырып тақырыпты түсіндіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма



Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын И.Ньютон 1666ж. Айдың жерді айнала қозғалысын астрономиялық бақылаулардың негізінде ашты. Ньютонның данышпандылығы мынада еді: Жер бетіне жуық маңайда «алмаға» әрекет ететін және оған g=9,81 м/с2 үдеу беретін күш Айға да әрекет ететіп, оған центрге тартқыш a= үдеу беріп, оны жерге оны құлауға мәжбүр ететінін түсінді.

a

демек , центрге тартқыш үдеу Жердің центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал кемиді. Сонымен қатар Жер мен біздің “алманың” арасындағы өзара әрекеттесу күші өзара әрекеттесетін массаларға тура пропорционал, яғни

F~Mm.

1798 жылы 100 жылдан артық уақыт өткен соң ғана Г. Кавендиш лаборатория жағдайында екі дененің гравитациялық өзара әрекеттесуін өлшеп, осы өлшеулердің негізінде G тұрақтыны есептеді. Оны Гравитациялық тұрақты деп атады.

G, сонда







Екі нүктелік денелер арасындағы өзара әрекеттесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтығының квадратына кері пропорционал.





Сабақты бекіту

  1. Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?

  2. Гравитациялық тұрақтының физикалық мағынасы қандай?

  3. Айдың Жерді айнала қозғалысын бақылай отырып, бүкіләлемдік тартылыс заңының дұрыстығын қалай дәлелдеуге болады?



Үйге тапсырма беру: 2.6 оқу















































Сыныбы: 10 Күні: 30.09.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Энергияның сақталу заңы. Ғарыштық жылдымдықтар. Энергияның сақталу заңына есептер шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға энергияның сақталу заңы туралы түсіндіру,

есептер шығарту.

Дамытушылық: Есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақты түсіндіру

3.Сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

Көптеген тәжірибелер денені оған жылу мөлшерін бермей – ақ жұмыс атқару арқылы да қыздыруға болатынын көрсетеді. Арқанның бойымен сырғанап түссек қолымызды күйдіріп аламыз, алақандарымызды бір-біріне ыссақ, олар жылынады, тескіш станоктардың жұмысы кезінде тескіштер үйкелістің әрекетінен қызады, токарь станогының кескішімен де дәл осылай болады және т.б.

Мұндай құбылысқа тұңғыш рет 1798 ж. Р у м ф о р д назар аударды. Ол зеңбіректің ұңғысын жегілген аттардың көмегімен айналдырылатын үлкен тескішпен тескенде, оның қызатынын байқады. Ол тескіш айналағн кезде атқарылатын жұмыстың әрекетінен ұңғы қызады деп қорытынды жасады.

Сонымен энергияның сақталу және түрлену заңын оған XIX ғасырдың ортасына таман теориялық талдау жасаған неміс ғалымы Р.Майердің, тәжірбиелік зерттеулер жүргізген ағылшын физигі Д.Джоульдың, осы заңның математикалық өрнегін берген және алынған нәтижелерді табиғаттың барлық құбылыстарына таратқан неміс физигі Г.Гельмгольцтың еңбектерінен кейін толық қалыптасты деп санауға болады. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, энергияның сақталу заңын былай тұжырымдауға болады: табиғатта энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалып кетпейді; ол тек бір түрден екінші түрге, бір денеден екінші денеге өтеді, ал денелердің тұйықталған жүйесінде толық энергия тұрақты шама болып қалады /сақталады/.

Сондықтан термодинамиканың бірінші заңы жайлы – ол жылу процестері үшін энергияның сақталу және түрлену заңы деп айта аламыз, ал

өрнегі осы заңның математикалық өрнегі болып табылады.



Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Энергияның сақталу және түрлену заңы неліктен әмбебап сипат алады?

Үйге тапсырма беру.

5.6- тақырыпты оқу

Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау.













































17 сабақ

10 сынып Сабақ жоспары күні:

Сабақтың тақырыбы: 2-зертханалық жұмыс «Дененің кинетикалық энергиясының өзгеруі мен серпімділік күшінің жұмысын салыстыру».

Сабақтың мақсаты: Оқушылырға дененің кинематикалық энергиясының өзгертуі мен серпімділік күшінің жұмысын салыстыруды үйрету.

Білімділік: Оқушыларға зертханалық жұмыстың жасалу жолын толық

түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды бірізділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Зертханалық жұмыс

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Зертханалық жұмыс

3.Үйге тапсырма беру

Зертханалық жұмыс

К е р е к т і қ ұ р а л д а р: жаппай жұмысқа арналған штатив – 2 дана, мектеп динамометрі, шар, жіп, миллиметрлік бөлігі бар ұзындығы 30см өлшеуіш сызғыш, штативі бар мектеп таразысы, гірлер.

Теориялық түсінік

Кинетикалық энергия туралы теорема бойынша, денеге түсірілген күштің жұмысы дененің кинетикалық энергиясының өзгерісіне тең:

A=

Осы тұжырымдаманы эксперимент жүзінде дәлелдеу үшін 13.3- суретте көрсетілген қондырғы қолданылады.

Штативке горизонталь динамометр бекітіледі. Оның ілгішіне ұзындығы 60-80 см жіп арқылы шар байланады. Осындай биіктікте екінші штативке қысқыш бекітіледі. Қысқыштың шетіне шарды орнатып, екінші штативті шармен бірге, шарға динамометр серіппесінің тарапынан серпімділік күші әрекет ететіндей жерге қашықтатады. Сосын шарды жібереді. Серпімділік кұшінің әрекетінен шар υ жылдамдық алады да оның кинетикалық энергиясы нөлден -ге дейін өзгереді.

Ж ұ м ы с т ы ң о р ы н д а л у т ә р т і б і

Штативтің біріне динамометрді бекітіп және екінші штативке динамометрмен бірдей деңгейде шар қоятын қысқыш орнатылды. Динамометр ілгішіне жіпке байланған шар ілінеді. Кинетикалық энергияның өзгерісі мен серпімділік күшінің жұмысын анықтаудағы өлшеулер мәнінің қателік шегін тауып, оны бағалаңдар. Серпімділік күші жұмысының алынған мәнін шардың кинетикалық энергиясының өзгерісімен салыстырыңдар. Одан қорытынды шығарыңдар. Динамометр көрсеткішін 3Н-ға дейін үлкейтіп, тәжірибені қайталңдар.

Жұмысты бекітіу

  1. Қандай шарт орындалған кезде күш мәні ретінде оның бастапқы және соңғы мәндері қосындысының жартысын алып, айнымалы күштің жұмысын есептеуге болады?



Үйге тапсырма беру.

қайталау

Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау.



























Сыныбы: 10 Күні: 03.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Кеплер заңдары. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Кеплер заңының қолданылуына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға Кеплер заңдары және бүкіләлемдік тартылыс заңы

туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карталар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақты түсіндіру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма



Жаңа сабақты түсіндіру



Планеталардың ортақ күштерінің әрекетінен Күнді тек шеңбер бойымен ғана емес, сонымен қатар эллипс бойымен қозғала алатынын математикалық түрде негіздеу барынша күрделі. Сондықтан біз бұл жерде эллипстің негізгі қасиеттеріне сүйенеміз.

Эллипс дегеніміз – берілген екі және нүктелерден қашықтықтарының қосындысы тұрақты болып қалатын нүктелердің гометриялық орны.

Егер энергияның және импульс моментінің сақталу заңдарын пайдалансақ, онда Кеплердің екінші заңын жеңіл математикалық негіздеуге болады.

Қосымша. Эллипстің декарттық координаталар жүйесіндегі теңдеуін де қарастыра кетейік:

+,

Мұндағы а және в эллипстің сәйкесінше үлкен және кіші жарты осьтері.

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Эллипстің ауданы неге S=πab формуласымен есептеледі?

Ойланып көріңдер.



Үйге тапсырма беру:

§2,8-2,9 тақрыптарды оқу



Бағалау



Оқушылардың біліміне қарай бағалау



































Сыныбы: 10 Күні:07.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Сұйықтық қозғалысы. Бернулли теңдеуі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға сұйықтың қозғалысы және Бернулли теңдеуі туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың физикадан алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: стенділер, плакаттар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақ

3.Сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма

Жаңа сабақ

Сұйық немесе газдың қозғалысын кинематикалық тұрғыдан сипаттайық. Кеңістіктің бір нүктесін белгілеп алып, осы нүкте арқылы түрліше уақыт мезетінде өтіп жатқан сұйықтың әр түрлі бөлшектері жылдамдықтарының шамасын және бағытын тіркеп отырамыз.

Егер мұны кеңістіктің барлық нүктелері үшін орындап, сұйық бөлшектерінің жылдамдықтарын белгілі бір уақыт мезеті үшін барлық нүктелерде көрсететін болсақ, онда қозғалыстағы сұйықтың жылдамдықтарының таралуының лездік суреттемесін – жылдамдықтар өрісін алған болар едік. Барлық нүктелердегі жанамалардың осы нүктелердегі сұйық жылдамдықтарының бағытымен бірдей түсеін сызықтары ағын сызықтары деп аталады.













Ағын сызықтарымен шектелген сұйықтың бөлігі ағын түтігі деп аталады. Осылайша ағыннан ойша бөліп алған сұйықтың бөлігі - ағын түтігі –нағыз түтіктің ішіндегі сұйық тәрізді қозғалады және түтіктің бүйір бетін еш жерде кесіп өтпейді.

Механикалық энергияның сақталу заңының негізінде сыртқы күштердің энергиясы жүйе энергиясының өзгерісіне тең болады. Үзіліссіздік теңдеуін ескереміз сонда



Бұл – Бернулли теңдеуі.

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Ағын сызықтары деп нені айтады?

  2. Ағын түтігі деп нені айтады?

  3. Үзіліссіздік теңдеуінің физикалық мағынасы қандай?



Үйге тапсырма беру:

3-3,1 тақырыптарды оқу































Сыныбы: 10 Күні:08.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Тұтқыр сұйық. Денелердің аққыштығы. Қанаттың көтергіш күші.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға сұйықтар туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

Тұтқыр сұйықтың сандық сипаттамасын енгізу үшін мына тәжірбиені қарастырайық. Сұйық бір-біріне параллель орналасқан екі қатты жазық пластинкалардың арасында болсын дейік. Төменгі пластинка тыныштықта , ал жоғарғы пластина төменгіге қатысты аз υ жылдамдықпен қозғалады.



Сұйықтың пластина бетіне жабысуының нәтижесінде бұл күш ішкі үйкелісті, яғни сұйық пен қатты дененің арасындағы емес, бір-біріне қатысты сырғанап бара жатқан сұйық қабаттарының арасындағы үйкелісті сипаттайды. Η сұйықтың тұтқырлық қасиетін білдіреді, ол тұтқырлық коэфициенті немесе тұтқырлық деп аталады.



Сұйық бөлшектерінің жылдамдықтары барлық жерде түтік бойымен бағытталған және сұйықтың цилиндр түріндегі түтікпен қозғалысы ламинарлық немесе қабаттасқан ағыс деп аталады.

Қанаттың көтергіш күші

Ауаның тұтқырлығы ұшақ қанатының айналасында циркуляцияның болуына әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей қанаттың артқы үшкір шетінде құйындар пайда болып, олар сағат тілі бағытына қарама қарсы бағытта айналады. Бұл құйындар ұлғайып, қанаттан бөлінеді және оны ауа ағыны алып кетеді. Осы кезде ауаның қалған бөлігі қанаттың маңында қарсы бағытта айнала бастайды да, ол қанаттың айналасында сағат тілі бағытымен қозғалатын циркуляцияны тудырады.

Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Қандай күшті көтеруші күш деп атайды?

  2. Қанаттың көтеруші күші қалай пайда болады?



Үйге тапсырма беру:

§ 3.2, 3.3, 3.4

Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау

























Сыныбы: 10 Күні: 10.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Сынақ және 1-бақылау жұмысы «Айналмалы қозғалыс механикасы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға «Айналмалы қозғалыс механикасы» тақырыбында бақылау жұмысын жаздыру.

Дамытушылық:

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік:

Оқушылардың өз көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, оқулықтар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Бақылау жұмысы

  3. Үйге тапсырма

  4. Бағалау

Бақылау жұмысы

І-нұсқа.

  1. Потенциалдар айырымы 2 кВТ нүктелер арасында орнын ауыстырғанда, электр өрісі 50мкДЖ жұмыс атқарса, заряядтың шамасы:

  2. Стакандағы су бағанының биіктігі 8 см. Судың стақан түбіне түсіретін қысымы / g=10 Н/кг, ρ=1000 кг/м3/

  3. Ұшақ шүйілу қалпынан шыға бере, төменнен радиусы 800м шеңбер доғасы болып келген траекториямен қозғалады. Ұшақтың жылдамдығын 720 км /сағ деп алып, оның шеңбер доғасы бойымен қозғалған кездегі үдеуін есептеңдер.





ІІ- нұсқа.



  1. Кернеу 200В болғанда желдеткіш двигателіндегі электр тогының 30 с ішінде істейтін жұмысы.

  2. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 780 дж/кг с 1 кг темір кесегін -50С-тан +50С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері.

  3. Ұшақ шүйілу қалпынан шыға бере, төменнен радиусы 800м шеңбер доғасы болып келген траекториямен қозғалады. Ұшақтың жылдамдығын 720 км /сағ деп алып, оның шеңбер доғасы бойымен қозғалған кездегі үдеуін есептеңдер.



Үйге тапсырма беру:

Қайталау



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау

































Сыныбы: 10 Күні:14.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ «механикалық қозғалыс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тарауды толық қайталату

Дамытушылық: Есептер шығару арқылы логикалық ойлау қабілетін

дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Қорытынды сабақ

3.Сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма

Қорытынды сабақ

  1. Материя деп нені айтамыз? Материяның қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Қандай қозғалысты механикалық деп атаймыз?

  3. Қандай қозғалыс бірқалыпты түзусызықты деп аталады? Оның қоозғалыс теңдеуі қандай?

  4. Қандай қозғалыс теңайнымалы қозғалыс деп аталады және оның теңдеуі қандай?

  5. Қандай қозғалыс еркін түсу деп аталады?

  6. Еркін түсу қозғалыстардың қай түріне жатады?

  7. Траекторияның қисықтық радиусы деп нені түсінесіңдер?

  8. Қандай қозғалыс айнымалы деп аталады?

  9. Бұрыштық үдеу дегеніміз не?

  10. Ньютонның бірінші заңын тұжырымдаңдар.

  11. Күш дегеніміз не? Күш қалай пайда болады?

  12. Денелердің тепе тееңдігі деп нені айтады?



Үйге тапсырма беру

Қайталау

Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау



Сыныбы: 10 Күні: 15.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Жылулық құбылыстар. Термодинамика және молекулалы – кинетикалық теория. Демокрит пен Ломоносовтың заттың құрылысы туралы көз қарастары. Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары және олардың тәжірибелік негіздемелері. Броундық қозғалыс. Штерн тәжірибелері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға тақырыпты толық түсіндіру

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды бірізділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2.Жаңа сабақты түсіндіру

3.Жаңа сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақты түсіндіру

Механикалық қозғалыс дегеніміз – дененің кеңістіктегі орнының басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгеруі, бөліп табылатынын білеміз.

Термодинамика дегеніміз – заттың ішкі құрылымын ескермей, энергетикалық түрлендірудің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі.

Молекулалы –кинетикалық теория осы жылулық құбылыстарды – қозғалыстары Ньютон заңдарына бағынатын молекулалар мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде қарастырады.

Диффузия – бір заттың молекулалырның екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп кетуі.

Броундық қозғалыс дегеніміз – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.

Броундық қозғалысқа сапалық түсініктеме беруге болады: импульстері аз және кездейсоқ бағытта қозғалып жүрген көптеген молекулалар броундық бөлшекке бір бағытта соқтығысып қалса, онда олар үлкен бөлшекті біршама ығыстырады.

Сабақты бекіту сұрақтары

1.Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын атап өтіңдер?

2.Қандай мысалдар молекулалардың бар екенін дәлелдейді?

Үйге тапсырма беру.

4-4.1 тақырыптарды оқу

Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау





























Сыныбы: 10 Күні: 17.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Молекуланың массасы мен өлшемдері. Заттың мөлшері. Молярлық масса. Авагадро саны. Есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға молекуланың массасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карталар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа сабақ

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма беру

  5. Бағалау



Жаңа сабақты түсіндіру

Молекулалардың өлшемі. Молекуланың массасын анықтау үшін тіптен үй жағдайына да қоюға болатын қарапайым тәжірибені пайдалануға болады.

Молекулалардың саны. Міне, осындай кішкене өлшемдердің санын, мысалы, судың массасы 1г, көлемі 1 см3деп алып, осы тамшыдағы молекулалар санын анықтайық. Су молекуласының диаметрі 30*1010м.

Молекулалардың массасы. Молекула массасының соншалықты аз болатыны енді түсінікті. Оны есептеп шығару үшін зәйтүн майымен жүргізілген тәжірибеде алынған нәтижелерді пайдалануға болады.

Заттыңсалыстырмалы молекулалық массасы деп берілген зат молекуласы /немесе атомы/ массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады:





Зат мөлшері. Кез келген денедегі молекулалар саны орасан зор болатындықтан, оларды заттың қандай да бір үлесінің молекулалары санымен салыстыру практикада қолдануға ыңғайлы. Заттың осындай үлесі ретінде 12г көміртектің атомдар саны алынған.

Зат мөлшері ν дегеніміз – берілген денедегі молекулалар саны 12г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама:

ν

Зат мөлшерін мольмен өлшейді. 1 моль дегеніміз -12г көміртекте қанша атом болса, сонша молекуласы бар заттың мөлшері.



Сабақты бекіту

  1. Молекуланың массасы қалай анықталған?

  2. Авагадро саны нені білдіреді?

  3. Қандай масса мольдік деп аталады?



Үйге тапсырма беру:



4.2-тақырыпты оқу



Бағалау



Оқушылардың біліміне қарай бағалау

















Сыныбы: 10 Күні: 21.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Молекулалар арасындағы өзара тартылыс күштері. Газдардың, сұйықтардың, қатты денелердің құрылысы. Молекулалардың өзара әсерлесуінің потенциялдық энергиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға тақырыпты толық түсіндіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың физикадан алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карта, оқулықтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Үйге тапсырма беру

5. Оқушылардың білімін бағалау



Жаңа сабақты түсіндіру

Молекулалардың өзара әректтесу күштері. Денелердегі молекулалар арасында өзара әрекеттесу күштерінің бар екені бізге белгілі. Осындай күштердің бар екенін дәлелдейтін бірқатар деректерді келтірдік. Олар молекулалар арасында бір мезгілде тартылыс күштерінің де, тебілу күштерінің де бар екенін көрсетеді. Екі күш бір мезгілде әрекет етсе де, жақын қашықтықтарда тебілу күштері, ал алыс қашықтықтарда тартылу күштері басымырақ. Молекулалардың өзара әрекеттесу күштерін голландия физигі Я.Д. Ван-дер-вальс күштері деп атайды.

Газ тәрізді, сұйық және қатты денелердің құрылымдары. Зат құрылымының молекулалы – кинетикалық теориясын пайдаланып, заттың үш агрегаттық күйде болуын түсіндірейік.

Газдар. Газ өзінің көлемін де, пішінін де сақтамайды, себебі өте әлсіз өзара әрекеттесу күштері оларды бір-бірінің қасында ұстап тұра алмайды.

Сұйықтар. Сұйықтың молекулалары тығыз орналасқандықтан, оларды сығылмайды деуге болады, міне, сондықтан олар қысым тудырады. Барлық сұйықтар аққыш, яғни олар пішінін сақтамайды, оның есесіне олар көлемін сақтайды. Сұйық молекулаларының кинетикалық энергиясы олардың потенциялдық энергиясымен шамалас.

Қатты денелер. Қатты денелер кристалдық торлардың әртүрлілігімен ерекшеленеді, себебі молекулалар арасындағы өзара әрекеттесу күштері мен денелердегі молекулалардың немесе атомдардың орналасулары да әр түрлі.

Сабақты бекіту сұрақтары



  1. Сұйық молекулалар өздерін қалай ұстайды?

  2. Заттың қатты күйдегі фазасына сипаттама беріңдер.



Үйге тапсырма беру:



4.3-тақырыпты оқу



Бағалау



Оқушылардың біліміне қарай бағалау.























Сыныбы: 10 Күні: 22.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Статистикалық әдіс. Молекулалы –кинетикалық теориядағы молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Есептер шешу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік:

Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Үйге тапсырма

Жаңа сабақты түсіндіру

Идеал газ дегеніміз –молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ болып табылады.

Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы

немесе



теңдеуі молекулалы кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі деп аталады.

Оны былай атау себебі: 1) ол макро және микродүниелерді байланыстырып тұр; 2)тәжірибе арқылы алынған барлық газ заңдарын теориялық жолмен алуға мүмкіндік береді; 3)ол микроәлемде өтіп жатқан процестер жайлы ақпарат береді.

Негізгі теңдеуді былай жазуға болады:



Осыдан, идеал газ қысымының бірлік көлемдегі молекулалардың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясына, яғни кинетикалық энергияның тығыздығына пропорционал екені шығады.

P=nkt=

Теңдеуінен бірдей температура мен қысым кезінде газдың тең көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей болатыны шығады. Бұл –Авагадро заңы.



Сабақты бекіту сұрақтары

  1. Қандай температура энергетикалық деп аталады?

  2. Авагадро заңын тұжырымдаңдар?





Үйге тапсырма беру:



§ 4.4 оқу



Бағалау



Оқушылардың біліміне қарай бағалау









Сыныбы: 10 Күні:24.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Молекулалардың жылдамдық бойынша бөлініп таралуы. Молекулалардың соқтығысулар саны және еркін жолының ұзындығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Мысалдар келтіре отырып тақырыпты түсіндіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма



Жаңа сабақты түсіндіру

Демокриттің ілімін Э п и к у р қолдады, оның философиялық көзқарасатырн б.з.д. І ғасырдың басында Рим ақыны

Тит Лукреций Кар өзінің атақты «Заттардың тегі жайлы» деген поэмасында баяндады.

Демокриттің болжамы гипотеза түрінде қала берді, сбебі ол атомдардың шын мәнінде болатынын тәжірибе жүзінде көрсетіп, дәлелдеп бере алмады.

1026 ж. Францияда Жоғарғы сот атомистикалық ілімге тыйым салды, бұл әрине денелердің құрылымын да, жылулық құбылыстарды да зерттеуді кешеуілдетті.

XVIII ғасырда француз физигі Гассенди атомистиканы жаңғыртты. 17345-1748 жылдары М.В. Ломоносовтың еңбектері жарық көрді. Бұл еңбегінде ол тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып, зат құрылымының молекулалы – кинетикалық теориясын /МКТ/ жасады.

Ломоносов – заттың атомистикалық құрылымының және молекулалық қозғалыстың негізін қалаушы негізін қалаушы. Сонымен қатар ол массасының және қозғалыстың сақталу заңына сүйене отырып, денедегі бөлшектердің үздіксіз және хаосты қозғалыста болатынын, жылулық құбылыс денедегі молекулалар қозғалысының нәтижесі екенін көрсетті.

Ломоносовтың идеялары тек 100 жыл өткен соң ғана мойындалды. Ломоносовтың заттың молекулалық құрылымы теориясын Джоуль, Клаузиус, Максвелл, Больцмандар қолдады. Осы заманғы зат құрылымы теориясының Ломоносов теориясынан еш айырмашылығы жоқ деуге болады.





Үйге тапсырма беру:



4-тақырыпты оқу



Бағалау



Оқушылардың біліміне қарай бағалау













































Сыныбы: 10 Күні: 28.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Больцман формуласына және дене температурасының молекулалардың қозғалыс энергиясымен байланысына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға Больцман формуласына және дене температурасының молекулалардың қозғалыс энергиясымен байланысына есептер шығару.

Дамытушылық:

Оқушылардың есептер шығарту арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды бірізділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

2. Есептер шығарту

3.Жаңа сабақты бекіту

4.Үйге тапсырма беру

Есеп шығарту

1 есеп. Жерді айнала радиусы 2 орбитамен қозғалып жүрген массасы серіктің жанынан Жер бетіне жуық орбитадан ұшырылған массасы планетааралық станция ұшып өтеді. Серік пен станция жылдамдықтарының бір-біріне жуықтауы өзара қандай бұрыш жасайды? Станция екінші ғарыштық жылдамдықпен ұшырылды.



Берілгені: Шешуі:

R1=Rж

R2=2Rж

  1. -G ал шексіздікте оның энергиясы сонда

-G

мұндағы М-жер массасы, Rж Жер радиусы.

  1. -G









βболғандықтан

осыдан

яғни 𝛂





Үйге тапсырма беру.

қайталау



















Сыныбы: 10 Күні: 29.10 Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау , сынақ жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың І-т оқсан бойы алған білімдерін тексеру.

Дамытушылық: Сынақ жұмысын алу барысында оқушылардың ой-өрісін, білім – білік дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, ұқыптылыққа, жаупкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сынақ жұмысы

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру

  2. Сынақ жұмысын тапсыру

  3. Сынақ жұмысын талдау

  4. Үй тапсырмасын беру

Сынақ жұмысы

  1. Механика қанша түрге бөлінеді?

а/1 б/3 в/4

  1. Материя дегеніміз не?

а/Бізді қоршағандардың бәрі

б/Зат бөлшектерінің арасындағы өзара әрекеттесу

в/Атомдардан, молекулалардан тұратын тыныштық массасы бар құрылымдық бөлшектер түрі

  1. Механиканың негізгі мақсаты ддененің кеңістіктегі қозғалысын уақытқа тәуелді анықтауының формуласы

а/ x=f(t), y=g(t), z=h(t)

б/ x=x00xt+

в/ x=f(t), y=g(t), z=h(t)

  1. Еркін түсудің формуласы

а/

б/y=

в/





  1. Алғаш рет Жер бетіндегі еркін түсу үдеуін кім анықтады?

а/И. Ньютон

б/ Аристотель

в/Г.Галилей



  1. Дененің көтерілуі уақыты неге тең?

а/уақытқа

б/түсу уақытқа

в/ толық қозғалыс уақытқа





  1. Күш моментінің формуласы

а/M=Fd

б//

в/



  1. Табиғаттың іргелі заңдарының бірі

а/Ньютонның 1-ші заңы

б/Ньютонның 2-ші заңы

в/Импульстің сақталу заңызаңы



  1. Инерцияның моменті қандай әріппен белгіленеді?

а/ I

б/W

в/ν



  1. Дененің импульс моменті

а/

б/

в/



Үйге тапсырма

Оқушылардың біліміне қарай бағалау

Сыныбы: 10 Күні: 31.10.08ж Мұғалімі: Маманова

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты: Термодинамикалық параметрлер. Температура және оны өлшеу әдістері. Термометрлер. Термодинамиканың тепе-теңдік. Абсолюттік температура. Менделеев – Клайперон теңдеуі. Идеал газ күйінің теңдеуі. Есептер шығару.

Білімділік:

Мысалдар келтіре отырып тақырыпты түсіндіру.

Дамытушылық:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Сабақты бекіту

  4. Үйге тапсырма



Жаңа сабақты түсіндіру

Бізді қоршаған әлемнің қыры мен сырының соншалықты көп екені қайсымызға болса да таңсық емес. Бізді сан алуан денелердің орасан зор мөлшері қоршап тұр және олардың өлшемдері мен пішіндерінің сантүрлілігі таңдай қақтырады. Бұл денелерді физикада макраскоптық денелер немесе жай ғана макроденелер деп атайды.

Макроденелерді сипаттау үшін физикада айрықша физикалық шамаларды пайдаланады. Бұл шамалар термодинамикада термодинамикалық параметрлер деп аталады. Термодинамикалық параметр деп макродененің күйін сипаттайтын физикалық шаманы атайды. Оған қысым, көлем, температура жатады.

Сонымен термодинамикалық процесс дегеніміз – қандай да бір термопараметрдің өзгеру құбылысы немесе жүйенің бір күйден екінші күйге өтуі.

Температура. Молекулалық физикада, оның ішінде термодинамикада температура деп аталатын физикалық шаманың алатын орны зор.

Жылулық тепе-теңдік кезінде барлық денелердің температуралары бірдей, сондықтан оны жылулық тепе-теңдік күйінің сипаттамасы.

Идеал газ күйінің теңдеуі.

Универсал газ тұрақтысы дегеніміз – заттың 1 молінің температурасын 1К-ге арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет екенін көрсететін физикалық шама. Бұл универсал газ тұрақтысының физикалық мағынасы.

Осы айтылғандарды ескерсек, онда идеал газ үшін мына теңдеу орындалады екен:

PV=RT

Бұл идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады.

Изотермалық процесс.

P PV=const-Бойль – Мариот заңы







V





Изобаралық процесс.

Француз физигі Г е й – Л ю с с а к 1802ж. Тәжірибе жүзінде тұрақты қысымда газдың берілген массасы көлемнің температураға сызықты тәуелді болатынын тағайындады.

- Гей- Люссак заңы

Изохоралық процесс.

Бұл процесті француз физигі Ж.Ш а р л ь зерттеген. 1787 ж. Ол тәжірибе жүзінде тұрақты көлемде берілген газ массасының қысымы оның температурасына тура пропорционал болатынын тағайындады, яғни

- Шарль заңы



Үйге тапсырма беру:

4.6 -тақырыпты оқу



Бағалау

Оқушылардың біліміне қарай бағалау