Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


сабақ ____________________

Сабақтың тақырыбы: Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын түзу сызықты қозғалыспен салыстыра отырып, білім дағдысын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: табиғаттағы қисық сызықты қозғалыстардың кең тараған түрі –дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын физикалық шамалар арқылы сипаттау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Есеп шығаруда есептің мазмұнын түсініп, формулаларды дұрыс пайдаланып, шеңбер бойымен қозғалысты зерттеуге дағдылану.

Сабақтың түрі: Аралас сабак.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тірек конспектісін оқу, баяндау; сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекіліктері: плакат , маховик немесе айналу осі бар диск.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу; (жағымды атмосфера қалыптастыру)

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Студенттердің назарын сабаққа аудару.

ІІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. ДК.Жаңа материалды ашып, меңгерту:

Жетелеуші сұрақтар:

1. Қозғалыстың қандай түрлері бар?

2. Үдеу дегеніміз не?

3. Орын ауыстыру дегеніміз не?

4. Түзусызықты қозғалысты қалай түсіндіреміз?

5. Жылдамдықтың қандай түрлерін білеміз?

Жаңа материалды меңгерту:

  1. Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысына мысалдар келтіру және қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалар ендіру.

А) R-радиус вектор t уақыт ішінде  бұрышқа бұрылса [pic] бұрыштық жылдамдықтың формуласын аламыз.

Ә) Т-айналу периоды ішінде 2 бұрышына бұрылады, онда [pic]

Б) -айналу жиілігі [pic] , өлшем бірлігі 1Гц=с-1.

В) [pic] сызықтық жылдамдық. Бағыты сол нүктеге жүргізілген жанама бойымен бағытталады яғни, шеңбердің әр нүктесінде сызықтық жылдамдықтың бағыты өзгеріп отырады.

Г) [pic] центрге тартқыш үдеу. Бағыты шеңбердің центріне қарай бағытталады.

  1. Шеңбер бойымен бірқалыпты айналмалы қозғалысы кезінде радиус вектор бірдей уақыт ішінде бірдей артық бұрышқа бұрылып отырады.

  2. Практикалық түрде корсетіп маман ретінде қаншалықты меңгеру керек екенін түсіндіру.

  3. Демонстрациясын көрсету.

ІV. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту:

Түзу сызықты қозғалыс пен айналмалы қозғалыстың кинематикалық шамаларының арасындағы ұқсастықтар кестесін оқып, талдау. Венн диаграммасын қолдану.

Б.Б.Ү- толтыру.

Сәйкестендіру орындау: шама және өлшем-бірлік

VІ. ДК. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру: Есеп шығару. 2-жаттығу

1,2,3-ші топтарға есептерін бөліп беріп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырам. Деңгейі төмен студенттер жоғары студенттермен біріге отырып жұмыс жасайды.

VII.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: § 1.7. 2-жаттығу 2-4 есептер.