Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Эрудиттер сайысы»
9 сынып.
Физика пәнінің мұғалімі: Кармысова А.Е.
Ақтау– 2015 ж
Тақырыбы: «Эрудиттер сайысы»
Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап,ойын,есептер.
Сабақтың көрнекілігі: Динамометр, мензурка , таразы, термометр, 4 плакат,А-3,сиқырлы кубик,маркерлер, формулалар .
Сабақтың барысы:
Қайырлы кеш құрметті ұстаздар, әділ қазылар алқасы, сайыскерлер, оқушылар және көрермен қауым! Бүгінгі біздің Эрудиттер сайысына хош келдіңіздер! Кешімізді ашық деп жариялаймыз!
2 – жүргізуші:
Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз! Ойынға қатысушы төрт топ, әр топ төрт ойыншыдан тұрады. Қарсы алыңыздар!
1 – жүргізуші: Мәңгі – бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкір озар,
Сұрақтары қиын болсын.
2 – жүргізуші: Шақырып жарыстарға сан - санамен
Жүйріктерден жүйріктер жар салады.
Ту етіп достық пенен татулықты
«Жас физиктер» бірін - бірі қарсы алады.
«Жас физиктер» биіктерге қалықтасын
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын!
Жеңіс туы желбіреп алауласын,
Бәйгені сендерден ешкім ала алмасын - дей келе сайысымыздың 1 - бөлімі
« Білімділік » деп аталады.
Ойын шарты: сұрақ – жауап, әр топқа 2 сұрақтан қойылады.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1 – жүргізуші:
Күн жүйесіндегі алып планеталарды ата? (Юпитер, Уран, Сатурн, Нептун)
Табиғат құбылыстары дегеніміз не? Мысалдар келтіріңдер. (Табиғаттағы кез келген өзгерістер)
2 – жүргізуші: Екінші топқа қойылатын сұрақтар:
Табиғатты зерттеудің қандай негізгі үш әдісі бар? ( бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)
Күн жүйесіндегі ең ірі планета. (Юпитер)
1 – жүргізуші: Үшінші топқа қойылатын сұрақтар:
Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? ( деформация )
Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының аралық бос орындарына өзара өтуі – бұл .... (диффузия)
2 – жүргізуші: Төртінші топқа қойылатын сұрақтар:
1. Инерция құбылысын кім ашты? ( Галилей)
2. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. (Күш)
1 – жүргізуші:
Бұл адамдар ардақтаған халықты,
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан зерек болсаң балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
2 – жүргізуші:
Ал, енді біздің сайысымыздың II – бөлімі
« Танымдылық » деп аталады.
Аспапты білеміз бе? Нені өлшейміз?
Физикалық шаманың белгіленуі? Өлшем бірлігі?
1-топ: Динамометр (Күш; F ; Н)
2-топ: Мензурка (Көлем; V; м3)
3-топ: Таразы (Масса; m; кг)
4-топ: Термометр (Температура; t ; ºС н/е К)
1 – жүргізуші: Кубикті лақтыр бағыңа,
Кездесті қандай формула.
Айтып жібер, ойлан тез,
Формула болды қандай кез.
2 – жүргізуші: Сайысымыздың келесі III бөлімі «Сиқырлы кубик сайысы » Ойын шарты: Берілген кубикті латырып, ол кубикте берілген 1 – ден 6 – ға дейінгі сандардың бірі кубиктің үстінгі бетіне түссе,онда сол санға сәйкес келетін номерленген қағазды алып ондағы берілген формуланы табамыз.
Кубикте берілген номерлерге сәйкес келетін формулалар:
х = х0 + υ·t ; Қозғалыс теңдеуі немесе дененің кез келген уақыт мезетіндегі координатасы.
ρ= ; Заттың тығыздығын табу үшін дененің массасын оның көлеміне бөлу керек.
FҮйк = μ·Ν; Үйкеліс күшінің модулі қысым күшіне тура пропорционал.
Fа =m·g ; Денеге әрекет ететін ауырлық күшінің модулі дене массасына тура пропорционал.
1 – жүргізуші:
Соңғы сайысымыз «Шапшаңдық». Бұл сайыста төрт топқа мазмұнды есептер беріледі.
Есептің берілгені:
1-топ:
Массасы 3кг, ал көлемі 0,15м3 заттың тығыздығы неге тең?
2-топ:
Автомобиль 1,5км жолды 36км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті.Осы жолды жүруге кеткен уақытты табыңдар.
3-топ:
Жүктің массасы 10кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?
4-топ:
Массасы 40кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар. Айдағы gАй =1,6 Н/кг
2 – жүргізуші: Олар жайлы төреші,
Көрермендер өздерің.
Ақ – қарасын айырып,
Куә болды көздерің. –деп әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
1 – жүргізуші: Қорытындылау:
Сөзімді қорытындылай келе, сіздерге дүниедегі ең жүйрік не? – «ой», Гиннес кітабына алғаш енген қазақ кім? - Т. Мұсабаев, немен енді? – 1994ж 135 тәулік бойы (4, 5ай) космос кеңістігінде болды, сіздердің де ойларыңыздың талай білім асуларын алып, білім белестерді бағындырып, қазақтан Гиннес кітабына енетін адам және ой айтатын болашақ иесі болуларыңызға шын жүректен тілектеспін.
Талаптанайық жас достар ғылым деп
Ғылыммен ұлтымыз да, ұлт болып білінбек
Ғылыммен тереземіз теңдік ап
Болашақтың атар таңы күлімдеп
Жеңімпаздарды марапаттап, құттықтау.
Сайысымыз аяқталды, сау болыңыздар!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, келіп қатысқандарыңызға үлкен рахмет.