Сабақтың тақырыбы: Қатты дене қасиеттері
Сабақтың мақсаты: 1. Қатты дене қасиеттері тарауындағы негізгі ұғымдары мен түсініктерді кең көлемде қайталай отырып бекіту.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
3. Өтілген тараудың практикалық маңыздылығын ашып көрсету.
Сабақтың түрі: Аукцион
Сабақтың әдісі: Жекелеп және топпен оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Магнитафон, металл дискісі (темір табақ), ағаш бал-ғаша, «Шыр айналатын( ойыншық, серпімді деформация моделі. Термометр, кристалдық тор, сабын, ермексаз, тіс сықпасы, тіс щеткасы, карындаш, қатты кәм-пит, стакандағы су.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе сөз
ІІІ. Аукционның шартын түсіндіру
IV. Тарау бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді қайталау
V. Нәрселерді сату
VI. Сабақтың қорытындысы
Үстелдің үстіне сатылатын нәрселер қойылады.
Өткен тақырыптар бойынша төмендегідей сұрақтар беріледі:
Барлық заттар неден құралады?
Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидасы қандай?
Қатты, сұйық және газ күйіндегі зат әр түрлі күйінде қалай өтеді?
Кристалл денелер дегеніміз не?
Аморф денелердің ерекшелігі?
Деформация және оның түрлері?
Кристалдың түрі?
Молекулалардың арасындағы күштер?
Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін аукционның шарты түсіндіріледі: «Зат сатып алу үшін оның физикамен байланысын табу керек. Сендер кезекпен әр заттың қасиетін, жағдайын, ерекшеліктерін атауларың керек, ал жүргізуші әр жауаптан кейін үшке дейін сынайды. Егер «үшке» дейін басқа жауап болмаса, зат оның ерекшелігі мен қасиетін атаған соңғы оқушыға сатылады. Егер заттың физикамен байланысы дұрыс айтылмаса немесе табылмаса, онда зат жүргізушіде қалады.
Шыр айналатын ойыншыққа орнатылған стрелканың көмегімен келесі сатылатын зат анықталып, сатуға қойылған. Сатылған заттардың оқушылар айтпаған қасиеттерін жүргізушілер өздері толықтырады.
І. Термометр сатылады.
1. Термометр – температураны өлшейтін құрал;
2. Сынап пен спирттің көлемінің температураға тәуелділігі пайдаланылады;
3. Термометрдің санақ басы ретінде еріген мұздың температурасы алынады;
4. Термометрдің құрылысында заттың үш түрлі күйі де кездеседі, мысалы, сыртқы әйнектен – ол қатты зат, ал спирттің немесе сынаптың үстіңгі жағында олардың буы болады.
ІІ. Сабын сатылады:
1. Бұл аморф денелер.
2. Сабынды пайдаланғанда судың беттік керілу күші азаяды.
3. Сабын майды және кірлеген нәрселерді тазалайды.
ІІІ. Тіс щеткасы мен сықпасы сатылады:
1. Щетканың қылы серпімді болу керек. Себебі ол бұралу деформациясына ұшырайды.
2. Щетканың сабы – қатты дене.
3.Әр түрлі сықпалардың иісі де әр түрлі болады, мұны біз диффузия құбылысы арқасында сеземіз.
4. Тісті тазалау кезінде денелер бір-біріне қатысты қозғалады.
5. Тазалау кезінде үйкелістің маңызы көп. Пастадағы қоректік заттар диффузия құбылысы арқылы тіске өтіп, оған жақсы әсер етеді.
IV. Полиэтилен пакеттегі тоқаш сатылады:
1. Тоқаш үлпілдек әрі қатты дене.
2. Оның суы буланып кеткенде, ол кеуіп, қатып қалады.
3.Кеуіп кетпес үшін тоқашты пакетте сақтайды.
4. Пакетте булану және конденсация процесі жүреді.
5. Егер пакетті тоңазытқышқа қойсақ, онда температураның төмендеуіне бай-ланысты кебу азаяды.
V.Қарындаш сатылады:
1. Қарындаш – графит кристалынан тұрады.
2. Жазған кезде қарындаштың анизотропиясы байқалады.
3. Оны перпендикуляр бағытта жарып бөлу қиын.
4. Графиттің қағаз бетіне жұғу құбылысы байқалады.
5. Графит көміртегі атомдардың параллель жазық торларынан тұрады.
VІ. Ермексаз сатылады:
1. Ермексаз – аморф денелер.
2. Төменгі температурада қатты денеге, жоғары температурада сұйыққа ұқсайды.
3. Ермексаздың белгілі бір балқу температурасы болмайды.
4. Ермексаз қатты және сұйық денелердің арасында аралық орын алады.
5. Ермексаз изотропты, оның қасиеті барлық бағытта бірдей.
VІІ. Стакандағы су сатылады:
1. Сұйық зат – су.
2. Сумолекулалардан тұрады.
3. Су өзі тұрған ыдыстың пішінін алады.
4. Сукөлемін сақтайды, пішінін сақтамайды.
5. Судың белгілі бір қайнау және қату температурасы бар.
6. Су қатса, мұзға, қайнап, буланса буға айналады. Ол агрегаттық күйлер деп аталады.
7. Су жақсы суытқышқа жатады.
VІІІ. Есеп сатылады:
«Нені есептеуге болады, соны есептеңдер».
Массасы 6 кг оттегі көлемі 5м3 баллонда 300 кпа қысымда тұр. Әр оқушы осы есептің шарты бойынша түрлі шамаларын есептеуге болады. Газдың тығыздығы, молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығын, атомның массасын, концент-рациясын, молекулалар санын, орташа кинетикалық энергиясын, ауырлық күшін.
Қай оқушы көбірек шамаларды есептеп шығарса, есеп соған сатылады.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: §20, §21