Сабақтың тақырыбы: «Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері.»
Сабақтың мақсаты:
Жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, жарықтың түзу сызықпен таралуы туралы мағлұмат беру;
Білімділігі:
Жарық көздері тіршілік үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу;
Дамытушылығы:
Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі:
Сыныпта жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: геометрия, жаратылыстану
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар, үлестірмелі карточкалар, дидактикалық материалдар, электр шамы т.б.
Қолданылатын технология: Сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. § 59, 60
А) Тест жұмысын беру
Магнит өрісін өзгерткенде, электр тогы пайда болады. Бұл құбылыс қалай аталады?
А) электр өрісі
ә) Электрмагниттік индукция құбылысы
б) магнит өрісі
Электромагниттік индукция құбылысын ашқан кім?
А) Андре Мари Ампер
ә) Александро Вольта
б) Майкл Фарадей
“Индукция” латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) магнит
ә) бағыттау
б) индукция
Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыртын машина
А) трансформатор
ә) генератор
б) ротор
Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрал қалай аталады?
А) трансформатор
ә) генератор
б) ротор
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.
Жарық нені білдіреді?
Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны.
Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.
Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.
Вакуумде с=300 000 км/с
Ауада с= 299 711 км/с
Суда с=225 000 км/с
Шыныда с= 200 000 км/с
Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық.
Жарық көздері – жарық шығаратын денелер.
[pic]
[pic] [pic]
[pic]
[pic] [pic]
Оқулықпен дәптермен жұмыс.
[pic]
Тақтамен жұмыс
[pic]
[pic]
Люминесценттік шамдар Электр тогын өткізетін газдар
Теледидар экраны Жарнамалық түтікшелер
Тамыр шірінділері Лазерлер
Жарық қоңыздары Кварц шамдары
Судың терең қабатында жүзетін
балықтар Солтүстік шұғыла
Металдардың әр түрлі тұздары Күн желі
Сабақты бекіту.
- Адамның тіршілігі мен іс – әрекетінде жарықтың ролі қандай?
- Вакуумде жарық қандай жылдамдықпен таралады?(с= 300 000 км/с)
- Табиғаттағы мүмкін болатын ең үлкен жылдамдық қайда? (вакуумде)
- Жарық көздері неше топқа бөлінеді? ( екі, дербес жарық көздері,
шағылған жарық көздері)
- Жарық қоңыздары, теледидар экраны, тамырдың шірінділері, судың
терең қабатында жүзетін балықтар, т.б. сиретілген газ қай жарық
көзіне жатады? (плазмалық)
- Жарықтың энергия берілудің бір түрі – сәулеленумен қандай байланысы
бар?
- Ауада жылдамдық қандай болады?
Қорытындылау.
Үйге тапсырма.
§ 61 оқып келу
Оқушыларды бағалау.