Зертханалық жұмыс. «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: №4 Зертханалық жұмыс. «Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау»

Сабақтың мақсаты:  

Білімділік мақсаты: Судағы беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау, жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып, жұмыстан шыққан қорытындыны тұжырымдау.                                       

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.                                       

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: зертханалық.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, жаттығулар орындау

Сабақтың көрнекіліктері:плакаттар, суреттер, үлестірме қағаздар, қалтқы, кең ыдыс, пластилин, секундомер,сызғыш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру, қайталау.

Сұрақтар тақтада шығарылады. Оқушылар әр сұрақты оқып, жауап береді.

Сұрақтар: 

  1. Толқынның тербеліс периодын, тербеліс жиілігін, амплитудасын анықтаңыз.

  2. Толқын жылдамдығының формуласын жазыңыз.

  3. Төмендегі дыбыс толқындар жиілігін сипаттап беріңіздер.

ν = 16Гц ÷20000Гц

ν > 20000Гц

ν < 16Гц

  1. Дыбыстың гармоникалық тербелісінің графигіне сипаттама беріңіз.

  2. Дыбыстың тон биіктігі немен анықталады?

  3. Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесіз?

  4. Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіріңіз.

  5. Электромагниттік өріс дегеніміз не?

  6. Егер дене t секунд ішінде n тербеліс жасаса, онда тербеліс жиілігі мен тербеліс периоды қалай анықталады? 

Есептер шығару:

  • Теңіз бетіндегі қатар екі толқынның арақашықтығы 4м. Толқында тербелген қайық тербелісінің периоды 1,5с. Толқын жылдамдығы неге тең?

  • Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5с өткен соң естиді. Мылтық дауысын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстың таралу жылдамдығын 340м/с деп есептеңдер.

ІІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.  

Зертханалық жұмыс жасауға дайындық. (әңгіме)  

Техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау.  

Зертханалық жұмысты оқулықтағы нұсқау бойынша орындау.

  1. Ыдысты үстел үстіне қойып, оның ішіне су құйыңдар.

  2. Ыдыс ернеуінің бір шетіне қалтқы салыңдар, ал оның қарсы шетінен су бетіне кішірек тасты тастап жіберіңдер.

  3. Осы кезде пайда болатын толқулардың қалтқыға дейін таралу уақытын белгілеп алыңдар.

  4. Мұндай тәжірибені бірнеше рет қайталап, толқынның қашықтыққа тарайтын уақытының орташа мәнін анықтаңдар.

  5. Толқынның таралу жылдамдығын есептеңдер.

  6. Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.


Тәжірибе

реті

Уақыт t, с


Уақыттың орташа мәні tорт, с


Қашықтық l, м


Толқын жылдымдығы, υ, м/с


1





2





3





4





5






Жұмысты қорытындылау, жұмыс орнын тазалау.

VI. Үй тапсырмасын беру:  қайталау