Внеклассная работа на тему Физика ойын

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




  1. Бөлім. /Таныстыру. Әр команда өз топтарының аттарын таныстырады,қарсы командаға,әділ қазыларға сәлемдеседі,эмблемаларын қорғайды./



  1. Бөлім. “Көкпар”: /Бұл бөлімде оқушыларға физикаға байланысты сұрақтар қойылады,оларға өте жылдам жауап беру керек, әр сұрақ 3-балдан қойылады./ (48балл)

I.Топ:

  1. Физика нені зерттейді? /Физикалық құбылыстарды/

  2. Заттың ең ұсақ бөлшегі. /Атом/

  3. Барометрдің ішіндегі сұйықтық. /Сынап/

  4. Күшті өлшейтін құрал. /Динамометр/

  5. Спидометр арқылы өлшенетін физикалық шама. /Жылдамдық /

  6. Күнге ең жақын орналасқан планета /Меркурий/

  7. Ядроның құрамы неден тұрады. /Протон, нейтрон/

  8. Жазуға болатын химиялық элемент /Бор /

  9. Планеталардың ең алыбы. /Юпитер/

  10. Күн температурасы қанша градус? /6000К/

  11. Лампа ішіндегі сым. /Вольфрам/

  12. Электрон заряды қандай? /Теріс/

  13. Температураны өлшейтін құрал. /Термометр/

  14. Заттың неше күйі бар? /3/

  15. Металдардағы электр тогын тасымалдайтын бөлшек? /электрон/

  16. Көрінбейтін толқындарды қалай атайды? /электромагниттік, радиотолқындар/



  1. Бөлім. Бәйге. /“Әйгілі данышпандар”/.

  1. Өзін шауып өлтіргелі келе жатқан солдатқа: «Сәл кідіре тұр, сызбамды аяқтап алайын» - деп айтқан кім? /Архимед/

  2. Чарльз Чаплин бір ұлы физиктен төмендегідей хат алады: «Сізді барлық адам түсінеді. Сіздің ертең-ақ данышпан болатыныңызға күмәнім жоқ» - депті. Чаплин: «Сізді ешкім түсінбейді, бірақ сіз данышпансыз» деп жауап қайтарған екен. Чаплин қай ғалыммен хат алысқан ? /Эйнштейн/

  3. Телескопты ойлап тауып, Юпитердің серіктерін, Айдағы тау мен Күн дақтарын ашқан, солардың салдарынан соқыр болып қалған ғалым. /Галилей/

  4. Герон патшасы тәжінің таза алтыннан жасалмағанын анықтаған ғалым. /Архимед/

  5. 16 жасында математика жөнінде кітап жазған, ал 19 жасында майда тістер мен дөңгелектерден тұратын машинаны ойлап тапқан ғалым. /Паскаль/

  6. Алма арқылы тартылыс заңын ашқан ғалым. /Иссак Ньютон/

  7. Керуетінде жатып, шыбынның ұшқанын бақылап, оның кеңістіктегі орнын табуға болатынын ашқан ғалым. /Декарт/

  8. Өзінің ойлап тапқан теоремасының қуанышына той жасаған (100 өгіз сойған), кезінде жұдырықтасудан олимпиада чемпионы болған, атақты грек математигі кім?

/Пифагор/



  1. Бөлім. Кім тапқыр?

  1. Көкке қараған,

Жұлдызды санаған. /Телескоп/









  1. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. /Күш/





  1. Пайдаланған мені жұрт,

Отын әрі жарыққа.

Қызмет етем әрқашан,

Мені білген халыққа. /Электр тогы/



  1. Таба алмай оң мен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтеп көрсетіп жолыңды,

Шығысқа, батысқа. /Компас/



  1. Бөлім. Мықты болсаң тауып көр?

  1. Не орнынан қозғалмай жүреді? /Уақыт/

  2. Нені жәшік ішіне тыға алмайсың? /Жарық сәулесін/

  3. Электр энергиясының көзі болатын балықтар. /скат, жайын, шортан/

  4. Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші. /Тауық/

  5. Елеуішпен су әкелуге бола ма? /Болады қар мен мұз күйінде/

  6. Дүниедегі ең жүйрік не? /Ой, қиял/

  7. Кім барлық тілде сөйлейді? /Жаңғырық/

  8. Қандай жолмен еш уақытта адамдар жүрмейді? /Құс жолымен/

  9. Теңізде қандай тастар табылмайды? /Құрғақ/

  10. Үйді жылытуға арналған батерияларды неліктен төмен орнатады?

/Төменде суық ауа,тығыздығы үлкен/.

  1. Адамның алғашқы көлігі. /Балалар арбасы/

  2. Шикі су мен қайнаған судың қайсысы тез қайнайды? /Шикі су/

  3. Тұзды суда жұмыртқа бата ма? /Жоқ, батпайды./

  4. Қандай суда жүзген оңай: өзен суында ма әлде теңіз суында ма? /Теңіз/

  5. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? /Буланады/

  6. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? /Су толы ыдыстарға/

  7. Жерден көтеру оңай, бірақ лақтыру қиын. Ол не? /Мамық/

  8. Кемпірқосақтық түсі не деп аталады? /Спектр/



  1. Әділқазылар алқасы жеңімпаз командаларды анықтап, мақтау қағаздарын тапсырады.