№11 сабақ
Сыныбы: ______
Күні:__________
Пәні:__________
Сабақтың тақырыбы: Дене температурасының оның молекулалар жылдамдығына тәуелділігі. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға температура ұғымын, дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігін және молекулалық-кинетикалық теория тұрғысында заттық күйлерін жете түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
Әтір исі не себептен бөлмеге тарайды?
Диффузия деген не?
Молекула дегеніміз қандай бөлшек?
Броундық қозғалыс дегеніміз не?
Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі үш қағидасын ата.?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауаның жылынуы мен салқындауы, мұздың еруі, судың буға айналуы, металдардың балқуы, газдардың сұйылуы – осылардың барлығы да денелердің жылулық күйінің өзгерісін білдіреді. Дененің немесе заттың жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.
Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.
Заттың күйлері
[pic]
[pic] [pic] [pic]
[pic]