Сабақ жоспары Күн жүйесінің планеталарына саяхат

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Күн жүйесіндегі планеталарға саяхат

Мақсаты:

Білімділік: Күн жүйесіндегі планеталар туралы алған білімдерін саралап, біліктілігін арттыру. Өз беттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Бірге жұмыс жасай білу мәдениетін қалыптастыру

Дамытушылық: ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерлілігін дамыту, қорытынды жасай алуға қалыптастыру. Есте сақтау, елестету дағдыларын жетілдіру. Шапшаңдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, сәйкестендіру, кесте.



Көрнекілігі: бейнеролик, компьютерлік презентация, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, топтың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (оқушылардың 3 топқа бөліп, үй жұмысын ия – жоқ жауаптары арқылы тексеру)


І. Ғалымдар тобына сұрақтар

1. Күн жүйесіндегі планеталар 2 топқа бөлінеді ме? (ия)

2. Күнге өте жақын орналасқан планета Меркурий ме? (ия)

3. Меркурийдің беткі жоғарғы температурасы -4000С па? (жоқ)

4. Жерге ұқсас планета Юпитер ме? (жоқ)

5. Шолпанның жоғарғы температурасы +5000С па? (ия)

ІІ. Ғарышкерлер тобына сұрақтар

1. Жердің серігі Ай ма? (ия)

2. Тіршілігі бар планета Жер ме? (ия)

3. Күн жүйесінде Марс 7 орында ма? (жоқ)

4. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс жер тобындағы планеталарға жата ма? (ия)

5. Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун алып планеталарға жата ма? (ия)

ІІІ. Планеталар тобына сұрақтар

1. Тоқтар Әубәкіров тұңғыш қазақ ғарышкері ме? (ия)

2. Алып планеталар күнге жақын жатыр ма? (жоқ)

3. Марстың 2 серігі бар ма? (ия)

4. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаған Коперник пе? (ия)

5. Күн жүйесінде 9 планета бар ма? (жоқ)


ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Кезең 2-3 мин.

Бейнеролик қарау.

Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама

Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 8 ірі аспан денелері бар. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс. Бұларды жер тобындағы планетар деп атайды.

Алдын ала берілген тапсырмалар:

-Оқушылар Меркурий туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

NASA ғалымдарының арқасында Күнге ең жақын Меркурий ғаламшары бетінен смайликке қатты ұқсас объект суретке түсіріліп алынды.  

Сурет NASA ғарыш агенттігінің алып телескопы арқылы түсіріліп алынған екен. Меркурий бетін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар да бұл суреттің нақты не нәрсе екенін айта алмай отыр. Жақында осыған ұқсас жағдай болған еді. Бірақ ол кезде ғалымдар смайликтің емес, Меркурий кратерлерінің бірінен Микки Маустың түрі бейнеленген суретті түсіріп алған. 

[pic]

-Шолпан туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.

-Жер туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер?

[link] Ежелгі мысырлықтар күнді өз алтын кемесімен аспан әлемінде жүзген Ра құдайы деп есептеген.


VІІ. Үйге тапсырма. Бағалау.