7 сынып № 9 сабақ
Сабақтың тақырыбы: §14, 15.Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық құрылысы. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыға атомдар мен молекулалар заттардың молекулалық құрылысы туралы танымдық белсенділікпен түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, шыны түтік, резеңке тығын, стакан, су, спирт
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.
ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.
А) Атом және молекула туралы не естідіңдер?
Ә) Өз ойларыңды айтыңдар.
ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ең ұсақ бөлшектер.
Химиялық элемент.
Ең қатты элемент.
Ең жұмсақ элемент
Ең ауыр элемент
Ең жеңіл элемент.
Б [pic] арлық заттар кіші бөлшектерден құралатыны туралы болжамды ерте грек ғалымдары айтқан. Олар иістің тарауын,сұйықтардың булануын, толқындардың әсерінен тастың көлемінің кемуін олардан кіші бөлшектердің бөлінуімен түсіндірген. Онда неге барлық заттар — су, болат, ағаш — бізге тұтас болып көрінеді. Себебі, денені құрайтын бөлшектер, өте кіші жєне олар бір-біріне өте жақын орналасқан.Бұл бөлшектердің өлшемдері туралы мағлұмат мына тәжірибеден көрінеді (67-сурет). Кішігірім бояуды ыдыстағы суда ерітеді. Сосын біршама боялған суды басқа ыдысқа құйып, оған таза су құяды. Екінші ыдыста ерітінді, бірінші ыдысқа қарағанда әлсіздеу боялған. Екінші ыдыстағы ерітіндіні үшінші ыдысқа құйып, оған тағы да таза су құяды. Осылай етіп бірнеше рет жасаған кезде ерітіндінің ағара тсетіні байқалады.Соңғы ерітіндіні қарастырайық. Ол әлсіз болғанымен біртекті боялған. Оның әр тамшысында бояудың бөлшектері болады. Біз бояудың кішігірім мөлшерін ғана еріттік, ал оның тек өте аз бөлігі ғана соңғы ерітіндіге ауысты. Олай болса, бояу, өлшемдері өте кіші, орасан зор бұлшектер санынан құралған.Осы жєне көптеген басқа құбылыстар, тәжірибелер дене өте кіші бөлшектерден құралады деген тұжырымды, болжамды дәлелдейді. Бұл не бөлшектер? Осы туралы келесі параграфта айтылады. [pic] Молекулалар мен атомдар. Барлық заттар өте кіші бөлшектерден құралады деген болжам ертеде, 2000 жылдан бұрын пайда болған. Бірақ тек 19—20 ғасырлар шегінде, бҒл қандай бөлшектер жєне олар қандай қасиеттерге ие екендігі тағайындалған. Заттар құралатын бөлшектерді [link] деп аталады.Диффузия былай түсіндіріледі (73-сурет). Бастапқыда, су мен мыс купоросының олардың шекарасына жақын орналасқан молекулалары бейберекет қозғала отырып, орын ауыстырады. Мыс купоросының молекуласы төменгі қабатына ал судың молекуласы-ерітіндінің үстіне орналасады. Осыдан шекара жайылады. “Бөтен сұйыққа енген молекулалар оның төменгі қабатындағы молекулалармен орын ауыса бастайды. Суйықтардың шекарасын бөлетін шекара одан єрі жайылады. Бұл процесс, молекулалардың үздіксіз бейберекет қозғалысының арқасында, біршама уақыттан соң ыдыстағы барлық сұйықты біртекті күйге єкеледі.”Сонымен диффузия, зат бҰлшектерінің үздіксіз жєне бейберекет қозғалысының себебінен болады. Диффузияда бір заттың бөлшектері екінші зат бөлшектерінің арасына енеді де олар араласады.Диффузия газдарда да, сұйықтарда да, қатты денелерде де жүреді. Диффузия газдарда тез тарайды (сондықтан, ауада иіс өте тез тарайды). Сұйықтарда, диффузия газдарға қарағанда баяу жүреді, себебі, сҒйық молекулалары жиі орналасқандықтан, олардан “Ұту” айтарлықтай қиындық тудырады.Қатты денелерде диффузия өте баяу жреді. Тєжірибелердің бірінде, өте тегістелген қорғасын жєне алтын қабаттары бірінің үстіне бірі қойылып, сығылған. Бес үжылдан соң ол екеуі бір-біріне 1 мм енген.Температура өскен сайын диффузияның жүру жылдамдығы артады. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің өмірінде жүретін процестерде диффузияның үлкен маңызы бар. Мысалы, дифузияның арқасында оттегі өкпеден адамның қанына, ал қаннан теріге енеді.
ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.
1. Ең ұсақ бөлшек деген не?
2. Молекула неден тұрады?
3. Элементтер туралы мәлімет.
V. ДК. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты меңгеруін тексеру.
А) атомдар мен молекулалардың крситалдағы орналасу реті.
Ә) Электрондық микроскоппен қарап, тамашалау.
VІ. ДК. Үй тапсырмасын тексеру.
1 тараудың ең маңызды мәселелері бойынша сұрақтар.
А) табиғат құбылыстар.
Ә) физика деген не?
Б) Астраномия нені зерттейді?
В) материя деген не?
Г) табиғатты зерттеудің негізгі әдістері.
Ғ) гипотеза.
Д) физикалық теория.
Е) өлшеу.
VІІ.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.
5 жаттығудың 1-ші есебін шығарып, жекелей шығарту, 4 жаттығудың қалған есебін шығарту.
С тобының есесбін шығарту. (дидактикалық материал)
№1. Көлемі 0,002 мм2 бір тамшы май судың бетіне тамып ауданы 100 см2 болатын жұқа қабат болып жайылады. Осы қабаттың қалыңдығын май молекуласының диаметріне тең деп қабылдап, молекуланың диаметрін анықта.
Өзіндік жұмыс.
А) төмендегі сөздердің «физикалық дене затң ұғымдарына қатыстығын ата. Ұшақ, кітап, мыс, қалам, фрафор, су.
Ә) Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай түсінесің?
Б) 0,8=? см; 2,9 дм =? м; 380м=? км;
VІІІ.ДК.Үйге тапсырма: 5-жаттығу өзін-өзі тексеру сұратары.