Презентация по физике Ғажайыптарға саяхат 9 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қысқа мерзімді сабақ жоспары № ____ ______________

«Ғажайыптарға саяхат»

Мерзімі _16/10/2015_

Сынып 9 «е»


Мақсаты:

Оқушылардың физика пәнінен алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.

Мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалануға, қызықты логикалық есептерді шығара білуге, ойлау қабілетін дамытуға баулу. Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке,ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға, достыққа тәрбиелеу.

Кіріспе сабақ

+

Жаңа материалды меңгеру сабағы


Қайталау білімді жүйелеу сабағы


Білімді тиянақтау сабағы


Кіріктірілген сабақ


ББД-ны дамыту ж/е бекіту сабағы


Бинарлы сабақ

+

Аралас сабақ


ББД-ны бекіту ж/е қалыптастыру сабағы


ББД-ны тексеру,бағалау сабағы



Сабақ

түрі



Міндет

тері:


кестелер


жаттығулар жинағы

+

иллюстрация, ұлы тұлғалар портреті, оқулық

+

стикер

+

сызба

+

таратпа материалдар

+

дидактикалық жинақтама


ТСО


оқулық

+

тапсырмалар карточкасы

+

маркерлер, А-4, А-3 парақтары,

+

тесттер

Сабақтың жабдықталуы мен дидактикалық материалдар:



Күтілетін нәтиже:


Оқушылардың физика пәнінен алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете біледі.

Мақал – мәтелдер мен жұмбақтарды пайдаланады, қызықты логикалық есептерді шығара біледі, ойлау қабілетін дамытады.

Оқушының ой-өрісін кеңейте отырады, тәртіптілікке,ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтады,

достыққа тәрбиеленеді

Жаңа түсінік: ___________________________________________________________________________________________________

Сабақтың барысы

Сабақтың мазмұны

Белсенді оқытуда қолданылатын формалар.Оқытудың стратегиялары мен техникалары.

Бағалау


І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3,4 сандарына байланысты 4 топқа бөлінеді)

ІІ.Бүгінгі сайыстың мақсаты мен міндеттерін, жоспарымен таныстыру (4 минут)

Сайыстың жоспары:

1. Таныстыру (ұран,эмблема)

2. Сырлы сауалдар (талас сұрақтар)

3. Әлемнің ұлы физиктері

4. Ертегі әлеміне саяхат

5. Қалжыңы мен әзілі аралас физика

6. Мақал – мәтелдер (сәйкестендіру)

7. Сиқырға толы физика

«кластер»

«жұмбақ»

Миға шабуыл

Аяқталмаған сөйлем

Қияли қосымша

Сахналау

Иә – жоқ әдісі

Танымдық жаттығу


Формативті

Суммативті



Формативті

Суммативті




Формативті

Суммативті

  1. Сырлы сауалдар

1.Қыстыгүні қай үй жылы болады: ағаштан соғылғаны ма,әлде кірпіштен соғылғаны ма?

2.Термосты тоңазытқыш ретінде уақытша пайдалануға бола ма?

3.Желдеткіштен шыққан ауаның қатты ағыны суық болады.Осы ағында балмұздақты ерітпей сақтауға бола ма?

4.Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: кең аяқ киімнен бе,әлде тар аяқ киімнен бе?

5.Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сенсең бөрік пен мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?

6.Жаздыгүні қандай түсті көйлек кисең ыстықтамайсың?

1.Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?

2.Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары?

3.Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?

4.Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?

5.Сынапты термометрмен бір тамшы ыстық судың температурасын өлшеуге бола ма?

6.Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?

3. Әлемнің ұлы физиктері

[pic] [pic] [pic]

Иссак Ньютон Галилео Галилей М.Ломоносов К.Э.Циолковский

  1. Ертегі әлеміне саяхат

***1 Ертегі :Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Алдардан оңайлықпен құтылмайтынын білген бай бәйбішесіне ыстық шай әкелуін бұйырады. Дастарханға лезде ыстық шай да келеді.Бай мен Алдар әңгімелесіп отырып шайға көшеді. Бәйбіше екеуіне де ыстық шай ұсынады.Бай Алдардың аузына қарап мәз-мейрам болып отыра береді. Алдар алдына келген шайға бір ас қасық шекер салып қояды да, әңгімесін жалғастыра түседі.Біраз уақыт өткеннен кейін ішек-сілесі қатқан бай өзінің шайына бір ас қасық шекер салады.

Сұрақ: Сонда қайсысының шайы тез суыйды?

Жауабы:Алдардың шәйі тез суыйды,өйткені шекерді ыстық шәйға бірден салса, шәйдің температурасы ауаның температурасынан сәл ғана өзгеше болады да,шәй баяу суыйды

***2 Ертегі: Баяғы бір заманда патша өмір сүріпті. Оның үш қызы болыпты. Ол өте ақылды патша болған екен. Патшаның «бірінші болып күйеуге шыққан қызым жарты патшалыққа ие болады» деген жарлығының шыққанына көп уақыт болыпты. Жарлық шыққалы бері патшаның ортаншы және үлкен қыздары күйеуге тезірек шығуды армандапты және олар осы үшін жиі жанжалдасып қалады екен. Ал кенже қызының күйеуге шығу ойынада кірмеген. Сонда патша осы мәселені шешу үшін жарыс ұйымдастырыпты. Ол үстелге үш шәйнек қойыпты. Олардың сыртқы түрі де, көлеміде бірдей болды. Патша әр шәйнекке тең мөлшерде су құяды.

- Менің сүйікті қыздарым ?- деп патша - қазір сендердің әрқайсысың шәйнектеріңді алып менімен ас бөлмеге барасыңдар. Ол жерде сендер шәйнекті пешке қойып, қайнағанын күтесіңдер. Кімнің шәйнегі ерте қайнайды сол бірінші болып күйеуге шығады. Ең қызығы, патшаның есептеуі тура келіп, кенже қызының шәйнегі бірінші болып қайнапты. Неге ?

Жауабы: Кенже қызы күйеуге шыққысы келмегендіктен оған бәрі бір болды. Ол шәйнектің қақпағын ашпады және буын шығармады. Сол себепті оның шәйнегі бірінші қайнады.

5. Қалжыңы мен әзілі аралас физика

1. Үзіліс кезіндегі екі оқушының соқтығысуының арасындағы аралық неге тең ? Жауабы: Еркін жүру жолының ұзындығына тең

2. Қандай «кулонды» мойынға тағуға болмайды ? Жауабы: Электр зарядының бірлігі - Кулонды

3. Кез – келген адамның ала алмайтын сыйлығы? Жауабы: Нобель сыйлығы

4. Қандай «Бормен» тақтаға жазуға болмайды ? Жауабы: Оге Бор атом ядросының құрылысы теориясын жасаған ғалым

5. Қандай сақинаны тағуға болмайды ? Жауабы: Ньютон сақинасы

6. Қандай торға қамауға болмайды ? Жауабы: Дифракциялық торға

7. Қандай моль киімді жемейді ? Жауабы: Моль - заттың мөлшерінің бірлігі

8. Қандай өріске мал жаюға болмайды ? Жауабы: Электрлік және магниттік өріс

6.Мақал – мәтелдер (сәйкестендіру)

1 нұсқа

1. Жеті рет өлшеп бір рет кес Диффузия

 2. Көсеу ұзын болса қол күймес Физикалық шаманы өлшеу

 3. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді Жылу өткізгіштік

 4. Отқа салса темірде балқиды Жылдамдық

 5. Аттыға жаяу жолдас болмас Заттың агрегаттық күйі(балқу)

 6.Дән себілмей астық өнбейді Булану конденсация

Дария буланбай шық түспейді.

2 нұсқа

1. Қарыстан сүйем жақын Жылу өткізгіштік

2.Тонның жылуы терісінен емес жүнінен Физикалық шама

3. Қимылдаған қыр асар Заттың агрегаттық күйі

4.Таумен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар Механикалық қозғалыс

5. Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер Жылдамдық

6. Шапшаң озар

Жатқан қалар Инерция

8. Сиқырға толы физика

1- тәжірибе: Су құйылған тәрелкенің түбіндегі тиінді қолыңызды суламай алыңыз.

Жауабы: Қағазды жағу керек, жанып тұрған қағазды стаканның ішіне қойыңыз және жылдам стаканды тиіннің қасына түбін жоғары қаратып тәрелкеге қою керек. Қағаз өшеді, стакан ақ түтінмен толады, сосын тәрелкедегі су атмосфералық қысымның әсерімен өзінен - өзі стаканға жиналады.

2- тәжірибе: Парафиннен жасалған шамды алыңыз. Шамның түбіне кішкене жүк қыстырып қойыңыз. Сосын суы бар әйнектен жасалған ыдысқа салыңыз. Шам жүзуі керек. Жоғарғы жағындағы жанып тұрған фитель судың үстінен шығып тұрады. Шам қанша уақыт жанады?

Осы құбылысты түсіндіріңіз.

Жауабы: Жалын сумен толып және шам тез өшетін сияқты көрінеді. Бірақ жанып тұрған шамның массасы азайып судың бетіне қалқып шығады.

Зигзаг - 2

Инсерт

Экспертиза

Өрмекші торы

Тілек ағашы

«жұмбақ»

Үзіліспен оқу




Миға шабуыл









//Суретке жан бітіру//








Миға шабуыл








«жұмбақ»





«жұмбақ»





























Экспертиза

Формативті

Суммативті















Суммативті








Суммативті









Суммативті









Суммативті












Суммативті













Суммативті











Суммативті




Суммативті




III. Рефлексия

Қолдарыңызға жүрекше тәрізді жапсырма қағаздарды алып, “2 жұлдыз, 1 тілек” жазып, “Қала күніне” арналған қабырға газетімізді безендіреміз.

  • Арнайы парақшаны алып, өз қаламызды қалай сүйетінімізді жазып қолтаңба қалдырамыз.

  • Құрметті ұстаздар, Сіздерде өз қолтаңбаларыңызды қалдырыңыздар


1) Сабақты қорытындылау:

Өтілген материалды тиянақтау (__________________________________________________________)

Топтардың жұмысын бағалау // Бағалау парақтарын толтыру // Бағалау

2) Үй тапсырмасы: Үйге тапсырма: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы, Салыстырмалы принцип /Есептер жинағынан 9.3-9.18 есептердің аралығы

__

Миға шабуыл //Бақылау сұрақтары //Суретке жан бітіру// Қарлы кесек//

Бином фантазии// Суретке жан бітіру // Синквейн










Формативті





SWOTанализ (сабақ)

Басым тұстар (strong)

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________

Әлсіз тұстар (weak)

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________


Мүмкіндіктер (outlook)

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________


Қауіпті тұстар (threat)

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________











Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Космодемьянская атындағы № 23 мектеп – лицейі



Ашық сабақ

Тақырыбы: Ғажайыптарға саяхат (сайыс сабақ)



Сыныбы : 9 Е

Мұғалім: М.С.Тоқсанбай







Шымкент, 2015 ж