Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: ___________
Күні: 07.10.16 Сыныбы: 9а Пәні:физика
§ 11,12 Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Күтілетін нәтиже
Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса жайлы мағлұмат алады
Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады. Ол әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
Үйкеліс күші екінші дененің бетін басып қысатын Р күшке, үйкелісетін беттердің материалы мен өңделу сапасына байланысты олады.
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.
│Fүйк.│=μN
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
[pic]
Денеге туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:
a=F/m
[pic]
[pic] –динамиканың негізгі теңдеуі.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар
Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
Тапсырмалар
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Қандай санақ жүйесі инерциалық деп аталады?
Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?
Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
Қандай санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесіне жатады
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
Ньютонның екінші заңы не жайында айтылған?
Күштің қандай түрлерін осы уақытқа дейін өттік?
Дене массасы жайында не білеміз?
ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
Көш
басшы
Хатшы
Баяндамашы
Уақыт сақшысы
1
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2
Міндетін атқару
3
Топтық жұмысқа атсалысуы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)
(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы) берілген суреттерді түсіндіру
[pic] [pic] [pic]
Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру
VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)
Білу
Ньютонның екінші заңы дегеніміз не?
2
Түсіну
Күштердің және Ньютонның екінші заңының формуласын жаз?
3
Қолдану
Шамалары F1 = 3 H және F 2 = 4 H болатын екі күш дененің бір нүктесіне әсер етеді. F1 және F2 күш векторының арасындағы бұрыш 90°-қа тең. Осы күштердің тең әсерлі күшінің модулін табыңыз?
4
Талдау
FR= F1+F2 шарты қандай жағдайда орындалады?
5
Жинақтау
Еден үстінде тұрған денеге қандай күштер әсер етеді?
6
Бағалау
Дененің орын ауыстыруында Ньютонның екінші заңының маңыздылығы қаншама?
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)
Кейінгі тапсырмалар 9 жаттығу №1
Кейінгі оқу
§11,12 Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса