Пән: Физика
Сынып: 9
Мұғалім: Кошкумбаева М.Т.
Күні: 10.11.16ж
Сабақтың тақырыбы: Жасанды серіктердің қозғалысы.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: а) Жасанды серіктер туралы түсінік беру.
б) Жасанды серіктер туралы алған теориялық білімін пайдалана отырып әлемдегі қозғалысты көз алдына елестетіп, өз бетінше қорытынды жасауын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Патриоттық сезімін ашу, іздемпаздыққа бағыттау, жасанды серіктердің маңыздылығын және олардың құрылысын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығын көтеріп, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа, ұлттық ғылыми жетістіктерге деген құрметке, адамгершілік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, презентация көрсету, кинофрагмент демонстрациялау, шаттық шеңбері, СТО әдісі, Бес жолды өлең , смайликтер әдісі.
Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, «ғарышты бағындыру» кинофрагменті, бағалау парақшалары, постерге арналған плакат, маркерлер, карточкалар, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру.
1.1. Оқушылардың құрал-жабдықтарын алғызу.
1.2. Көңілдерін сабаққа аудару.
1.3. Оқушыларды психологиялық дайындау.
1.4. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және топқа бөлу.
1.5. Материалдарды тарату.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
2.1. Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін тексеру.
2.2. Өткенді еске түсіру.
ІII. Жаңа сабақты меңгеру.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау
VI.Үйге тапсырма.
VII. Кері байланыс.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеймін. Барлығын ортаға шеңбер жасап тұрғызып, «Шаттық шеңбері» арқылы ынтымақтастық атмосфеарсын құрамын. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Одан кейін «Атом-молекула» арқылы екі топқа бөлемін. Атом дегенде оқушылар ерсілі-қарсылы араласып жүреді, молекула үшеу дегенде үш оқушыдан топтасып, қол ұстасып тұрып қалады. Дайын материалдарды, карточкалар мен кестелерді оқушыларға таратамын.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
2.1. Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін тексеру.
1. Ауырлық күші деп қандай күшті айтады?
2. Еркін түсу қандай шамаға тәуелді?
3. Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне жатады?
4. Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?
2.2. Өткенді еске түсіру.
Атауы
№
1
[pic]
Үйкеліс күші
2
[pic]
Ньютонның ІІІ заңы
3
[pic]
Тректің реакция күші
4
[pic]
Серпімділік күші
5
[pic]
Теңәсерлі күш
6
[pic]
Ауырлық күші
7
[pic]
Ньютонның ІІ заңы
Сендердің алдарында кесте берлілген. Әр оқушы оз бетінше кестені толтырады. Толтырып болған соң жанында отырған баламен алмасып бір-бірінің жауаптарын тексереді.
3. Жаңа сабақты меңгеру:
Жасанды серіктердің қозғалысы. Ньютон жұмыстарында денелердің парабола бойымен құлауынан Жерді айнала орбиталық қозғалысына қалай өтуге болатынын көрсететін керемет сурет бар (107-сурет). “Жерге лақтырылған тас ауырлық күші әсерінен түзу сызықты жолынан ауытқып, қисық сызық жасай Жерге құлайды. Егер тасты көбірек жылдамдықпен лақтырса, ол алысырақ құлайды” – деп жазды Ньютон. Осы ойды жалғастырып, егер тасты биік тау басынан үлкен жылдамдықпен лақтырса, онда оның траекториясы ол тас Жерге ешқашан да құламайтындай өзгеруі мүмкін. Осылай тас Жердің жасанды серігіне айналады деп тұжырымдауға болады. Денені Жердің жасанды серігіне айналдыру үшін, Жер бетіне денеге берілетін ең аз жылдамдықты [link] Есеп шығару. Постер қорғап болған соң топтан екі оқушы шығып тақтаға есептер шығарады.Тақтадағы шығарған есептерін топта отырған оқушылар тексереді,қатесі болған жағдайда қарсы топтар қатесін тауып, дұрыстауға мүмкіндік беріледі.
5. Бағалау.Әр топтың басшысы өздеріне берілген бағалау парақшасына берілген критерийлер бойынша өз тобын бағалайды, алған бағаларын мұғалім күнделіктеріне қояды.
6. Үй тапсырмасы: §17 Жасанды серікктердің қозғалысы ; 14-жаттығу(4,5);
7. Кері байланыс:Смайликтер әдісімен бағалау. Әр оқушы стикерге алған әсерін жазып көңіл-күйді білдіретін самайликтің тұсына жапсырады.
Сабақ бітті.